Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

17-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII

филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту
1. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі атауының осы Заңның 14-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сай болмауы;
2) Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделінің болмауы;
3) осы Заңның 15-бабында белгіленген талаптардың сақталмауы;
4) ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді осы Заңның 16-бабы 6-тармағының үшінші бөлігінде көзделген мерзімде жоймау;
5) рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анық еместігі.
2. Уәкілетті орган бас тарту себебін негіздей отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкін ашуға рұқсат беруден бас тарту туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.