Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

32-бап. Банктер қатысатын қауымдастықтар

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII

1. Банктер өз қызметін үйлестіру, ортақ мүдделерді қорғау және білдіру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және өзге де ортақ міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауымдастықтар құруға құқылы. Банктер қатысатын қауымдастықтар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
2. Банктер басқа ұйымдармен қауымдастықтарға (одақтарға) кіруге және олардың қызметіне қатысуға құқылы.
3. Банктер қатысатын қауымдастықтарды қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы бәсекені шектеу мақсатында пайдалануға болмайды.