Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

74-бап. Провизиялар (резервтер)

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII

1. Жүзеге асырылатын операциялардың сипаты мен ауқымына сәйкес өз қызметін бақылаудың тиісті деңгейін және оның сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес провизиялар (резервтер) құруға міндетті.
2. Уәкілетті орган банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы құрған провизиялардың (резервтердің) жеткіліктілігін бағалауды, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып бағалауды халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкестігі, олардың сақталуы және қолданылуы тұрғысынан жүзеге асырады.