Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

86-бап. Залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII

қамтамасыз ететін құралдар
1. Залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдарға мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін қаржы құралдары жатады:
1) құрал толығымен төленген;
2) құрал қамтамасыз етілмеген;
3) құралдың қолданыс мерзімі кемінде бір жылды құрайды не құрал мерзімсіз (өтеу күні белгіленбеген) болып табылады;
4) құрал бойынша міндеттемелер мерзімінен бұрын орындалуға (мерзімінен бұрын өтелуге), оның ішінде осы құрал бойынша кредиторлардың талабы бойынша орындалуға жатпайды;
5) құрал бойынша міндеттемелер, егер бұл құралдың реттеу режимінде залалдарды қамту (жабу) қабілеттігіне кедергі келтірсе, қарсы құқықтарды (талаптарды) есепке жатқызу арқылы тоқтатылуға жатпайды.
2. Залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдар:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның еншілес ұйымдарының;
2) осы құралдарды шығарған банктің;
3) банктің еншілес ұйымдары немесе банктің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымдардың қаражаты есебінен төленбейді (сатып алынбайды).
3. Залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдардың құрамына мыналар жатпайды:
1) депозиттерге міндетті кепілдік беру объектісі болып табылатын депозиттер;
2) талап еткенге дейінгі депозиттер және қайтаруға дейін мерзімі бір жылдан кем депозиттер;
3) туынды қаржы құралдары бойынша міндеттемелер;
4) туынды қаржы құралдарының сипаттамалары бар борыштық құралдар, оның ішінде құрылымдалған борыштық құралдар;
5) шарттан тыс қатынастардан туындайтын міндеттемелер, оның ішінде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелер;
6) талаптарын қанағаттандыру осы Заңның 123-бабында белгіленген сегізінші кезектегі кредиторларды қанағаттандыру алдында жүзеге асырылатын міндеттемелер;
7) осы Заңның 96-бабының 4-тармағына сәйкес мәжбүрлеп қайта құрылымдауға жатпайтын міндеттемелер;
8) реттеу режимінде мерзімінен бұрын тоқтатылмайтын және (немесе) банктің жай акцияларына конвертацияланбайтын өзге де міндеттемелер.
4. Жүйелік маңызы бар банктің осы Заңның 92-бабының 1-тармағында белгіленген реттеу мақсаттарына сәйкес осы Заңның 93-бабында көзделген реттеу құралдарын қолдану мақсаттары үшін уәкілетті орган белгілеген залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдардың ең төмен деңгейі болуға міндетті. Жүйелік маңызы бар банктер үшін залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдардың ең төмен деңгейі, сондай-ақ осындай құралдардың тізбесі мен оларға қойылатын негізгі талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.