Құжат мәтініне өту

О реорганизации Республиканского государственного предприятия по водному хозяйству на праве хозяйственного ведения "Жамбылводхоз" Комитета по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қаулы · № 1318 · қабылданған 14.12.2004
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-22163/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О реорганизации Республиканского государственного предприятия по водному хозяйству на праве хозяйственного ведения "Жамбылводхоз" Комитета по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 1318 ·14.12.2004
05.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации Республиканского государственного предприятия по водному хозяйству на праве хозяйственного ведения "Жамбылводхоз" Комитета по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 1318 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации Республиканского государственного предприятия по водному хозяйству на праве хозяйственного ведения "Жамбылводхоз" Комитета по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетiнiң "Жамбылсушар" шаруашылық жүргiзу құқығындағы су шаруашылығы жөнiндегі республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1318
Қабылданған күні
14.12.2004
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI22163_4.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P040001318_
ЭКБ идентификаторы
22163
Редакция идентификаторы
AI22163_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:23

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетiнiң "Жамбылсушар" шаруашылық жүргiзу құқығындағы су шаруашылығы жөнiндегі республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары комитетiнiң "Жамбылсушар" шаруашылық жүргiзу құқығындағы су шаруашылығы жөнiндегi республикалық мемлекеттік кәсiпорны оның құрамынан "Таразсушар" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын (бұдан әрi - Кәсіпорын) бөлiп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Су ресурстары комитетi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

3

3. Сумен жабдықтау саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды және кешендi мақсаттағы су қоймаларын пайдалану мен жөндеу, мемлекетаралық пайдаланылатын су шаруашылығы құрылыстарын Қырғыз Республикасымен бiрлесiп пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгіленсiн.

4 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне Кәсiпорынның жарғысын бекiтуге ұсынсын;

2 2) Кәсiпорынның әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы