Құжат мәтініне өту

Некоторые вопросы Республиканского государственного предприятия "Информационно-производственный центр" Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Қаулы · № 1317 · қабылданған 14.12.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-22193/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Некоторые вопросы Республиканского государственного предприятия "Информационно-производственный центр" Министерства внутренних дел Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 1317 ·14.12.2004
30.06.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Некоторые вопросы Республиканского государственного предприятия "Информационно-производственный центр" Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 1317 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Некоторые вопросы Республиканского государственного предприятия "Информационно-производственный центр" Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң "Ақпараттық-өндiрiстiк орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбiр мәселелерi
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1317
Қабылданған күні
14.12.2004
Көрсетілген редакция
30.06.2011 AI22193_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P040001317_
ЭКБ идентификаторы
22193
Редакция идентификаторы
AI22193_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:24

0 Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң "Ақпараттық-өндiрiстiк орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң "Ақпараттық-өндiрiстiк орталық" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетiнiң Ақпараттық-өндiрiстiк орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) болып қайта аталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

3 3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.

4 4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мынадай шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:

1 1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi" деген бөлiм:
мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 407-2-жолмен толықтырылсын:
"407-2 "Қазақстан Республикасы
Әділет министрлiгi Тiркеу
қызметі комитетiнiң
Ақпараттық-өндiрiстiк
орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсiпорны
(шаруашылық жүргiзу

құқығында құқығында) Астана қаласы";

"Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі" деген бөлімде:
реттiк нөмiрi 461-4-жол алынып тасталсын;

2 2) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысында :

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Тiркеу қызметi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi:
мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 17-жолмен толықтырылсын:

17 "17. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Тiркеу қызметі комитетiнің Ақпараттық-өндiрiстік орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны".

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы