Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба

Өзге акт · № 4 · қабылданған 17.02.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-222139/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба Қолданыста 14.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба

Қолданыста Өзге акт № 4 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба
Атауы (қаз.)
Жергілікті масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4
Қабылданған күні
17.02.2026
Қолданысқа енгізілген күні
17.02.2026
Көрсетілген редакция
14.08.2026 I222139_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26BC00004B
ЭКБ идентификаторы
222139
Редакция идентификаторы
I222139_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
29.08.2026 02:16
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Жергілікті масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48, 50-баптарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды сыныптауды белгілеу туралы» бұйрығына, Ақкөл ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2026 жылғы 2 ақпандағы кезектен тыс отырысының №3 хаттамасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақкөл қаласындағы кәріз және су құбыры желілері мен құрылыстарында техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындауының алдын алу мақсатында, оның ішінде тыныс-тіршілігінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін, атап айтқанда, халықты саны 100-ден астам, бірақ 500-ден аспайтын ауыз сумен қамтамасыз ету, Ақкөл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

1.1. Ақкөл қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 106 мекенжайында орналасқан «Центральная» қазандығының, қызмет көрсетудің, атап айтқанда, 100-ден астам, бірақ 500-ден аспайтын халықты жылумен жабдықтаудың үзілу қаупін тудыратын, жағдайын қауіпті деп танылысын. «Центральная» қазандығын пайдаланудан шығару, сондай-ақ қуаты 10 МВт жаңа модульдік қазандықты сатып алуды және орнатуды ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізілсін.
📌 Ескерту. Шешім 1.1.-тармақпен толықтырылды – Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімінің 14.08.2026 № 6 3 (қол
қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1.2 Ақкөл қаласы, Талғат Бигелдинов көшесі, 149 мекенжайында «Военный городок» қазандығының, қызмет көрсетудің, атап айтқанда, 100-ден астам, бірақ 500-ден аспайтын халықты жылумен жабдықтаудың үзілу қаупін тудыратын, жағдайын қауіпті деп танылысын. «Buderus Logano SK-756», маркалы, қуаты 1 200 кВт дизель отынымен жұмыс істейтін, нормативтік ресурс әзірлеген екі су жылыту қазандығын газ отынымен жұмыс істейтін қуаттылығы ұқсас қазандықтарға ауыстыру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізілсін.
Ескерту. Шешім 1.2-тармақпен толықтырылды – Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімінің 14.08.2026 № 6 3 (қол
қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою мақсатында, оның ішінде Ақкөл қаласындағы тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде Ақкөл қаласындағы өрт депосын қайта жаңартуды қамтамасыз етсін.

3. Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары - С.Е. Кенжетай төтенше жағдайды жою жөніндегі басшы болып тағайындалсын.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзімде қалдырамын.

5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.