Об утверждении Правил организации проведения республиканских конкурсов профессионального мастерства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил организации проведения республиканских конкурсов профессионального мастерства
- Атауы (қаз.)
- Республикалық кәсіби шеберлік конкурстарын өткізуді ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 933
- Қабылданған күні
- 17.11.2004
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2007 AI22219_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040003257_
- ЭКБ идентификаторы
- 22219
- Редакция идентификаторы
- AI22219_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:31
0 Республикалық кәсіби шеберлік конкурстарын өткізуді ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 30-бабына сәйкес және кадрларды кәсіби даярлау сапасын, техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандықтарының (кәсіптерінің) беделін көтеру, дарынды оқушыларды табу және оларға қолдау көрсету мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1 1. Қоса беріліп отырған Республикалық кәсіби шеберлік конкурстарын өткізуді ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
2 2. Орта білім департаменті (С. Есбосынова) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
0 Республикалық кәсіби шеберлік конкурстарын өткізуді ұйымдастыру ережесі
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2004 жылғы 17 қарашадағы
N 933 бұйрығымен бекітілген
Республикалық кәсіби шеберлік конкурстарын өткізуді ұйымдастыру ережесі
1 1. Жалпы ереже
1 1. Осы ереже кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында техникалық және қызмет көрсету еңбегі кәсіптері және мамандықтары бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізуді ұйымдастырудың тәртібін анықтайды.
2
2. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері кадрларды кәсіптік даярлау сапасын, техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандықтарының (кәсіптерінің) беделін көтеру, республикадағы кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау жүйесін насихаттау, дарынды оқушыларды табу және қолдау көрсету болып табылады.
2 2. Конкурсқа қатысушылар
3 3. Республикалық конкурсқа кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарын бітіруші курс оқушылары қатысады.
Конкурстың қорытынды турына облыстық, Астана, Алматы қалалық кәсіби шеберлік байқауларының жеңімпаздары қатысады.
3 3. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу
4 4. Конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
Бірінші турдың ұйымдастыру комитетінің құрамын кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымының басшысы, екінші турды облыстық, Астана, Алматы қалалық департаментінің (басқармасының) директорының (бастығының), үшінші турды Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрығымен бекітеді.