Об утверждении Правил предоставления академических отпусков обучающимся в организациях образования очной формы обучения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил предоставления академических отпусков обучающимся в организациях образования очной формы обучения
- Атауы (қаз.)
- Бiлiм беру ұйымдарында оқытудың күндiзгi нысанында бiлiм алушыларға академиялық демалыс берудiң ережесiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 906
- Қабылданған күні
- 12.11.2004
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2008 AI22220_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040003258_
- ЭКБ идентификаторы
- 22220
- Редакция идентификаторы
- AI22220_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:32
0 Бiлiм беру ұйымдарында оқытудың күндiзгi нысанында бiлiм алушыларға академиялық демалыс берудiң ережесiн бекiту туралы
"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 22 қазандағы N 319-e өкiмiн орындау үшiн БҰЙЫРАМЫН :
1 1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру ұйымдарында оқытудың күндiзгi нысанында бiлiм алушыларға академиялық демалыс берудiң ережесi бекiтiлсiн.
2 2. "Жоғары және жоғары оқу орындарының қызметiн ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрiнiң 2001 жылғы 11 наурыздағы N 151 бұйрығына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
аталған бұйрықтармен бекiтiлген жоғары оқу орындарының қызметiн ұйымдастыру ережесiнiң 7-тарауы алынып тасталсын. (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiмiнде N 1474 тiркелген, нормативтiк құқықтық актiлер бюллетенiнде 2001 жылы N 22 жарияланған. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрiнiң 2002 жылғы 21 наурыздағы N 200 , 2003 жылғы 13 ақпандағы N 82 бұйрықтарымен енгiзiлген өзгерiстерiмен).
3 3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм департаментi (К. Құрманәлиев) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
4 4. Осы бұйрық тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бiлiм және ғылым бiрiншi вице-министрi Г.Н.Гамарникке жүктелсін.
Келісілді:
Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау Министрлігі
2004 жыл 12 қараша
0 Күндiзгi оқыту нысанындағы бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға академиялық демалыстар берудiң тәртiбi мен мерзiмдерi жөнiндегi нұсқау
Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2004 жылғы 12 қарашадағы
N 906 бұйрығымен бекiтiлген
Күндiзгi оқыту нысанындағы бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға академиялық демалыстар берудiң тәртiбi мен мерзiмдерi жөнiндегi нұсқау
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Күндiзгi оқыту нысанындағы бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға академиялық демалыстар берудiң тәртiбi мен мерзiмдерi жөнiндегi осы нұсқау "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30 бабына сәйкес әзiрленген.
2 2. Академиялық демалыс - бiлiм алушының денсаулық жағдайына, соның iшiнде жүктiлiгi мен босануына байланысты оқуын уақытша тоқтататын кезең.
3
3. Бiлiм алушының академиялық демалыс алуға жазған өтiнiшiн, бiлiм беру ұйымы емтихандық сынақ басталғанға дейiн қарайды. Емтихандық сынақ басталғанға дейiн денсаулығына ешқандай арызданбай, "қанағаттанарлықсыз" баға алғаннан кейiн ғана академиялық демалыс беру туралы өтiнiшiн берген бiлiм алушы, үлгермеушi болып саналады. Ерекше жағдайларды бiлiм беру ұйымы жеке түрде қарастырады.
4
4. Мемлекеттiк бiлiм беру гранты немесе несиесi негiзiнде бiлiм алушыға академиялық демалыс бергенде, оның осы грант немесе несие бойынша оқуды жалғастыру құқығы сақталады және академиялық демалыс мерзiмiне оны оқытуды қаржыландыру тоқтатылады (медициналық қорытынды негiзiнде академиялық демалыста жүрген грант иелерiне бекiтiлген тәртiппен берiлетiн стипендиядан басқасы), академиялық демалыс бiткеннен соң қаржыландыру қайта басталады.
2 2. Академиялық демалыс берудiң тәртiбi мен мерзiмдерi
5 5. Бiлiм алушыларға тек дәрiгерлiк кеңес комиссиясының (ДКК) қорытындысы негiзiнде ғана, ұзақтығы 2 айдан 12 айға дейiн, ерекше жағдайларда ғана 2 жылға, бiрақ одан артық емес, академиялық демалыс берiледi.
6 6. Медициналық көрсеткiштер бойынша академиялық демалыс беру мүмкiндiгi туралы дәрiгерлердiң сараптау шешiмiн шығару үшiн, бiлiм алушы бiлiм беру ұйымына қызмет көрсететiн емдеу-профилактикалық ұйымына өзi қаралған медициналық ұйымынан ауру тарихының толық көшiрмесiн әкелiп көрсету керек.
7 7. Дәрiгерлiк кеңес комиссиясы ауру адамға (жүктi әйелге) академиялық демалыс беру немесе денсаулық жағдайына байланысты басқа факультетке (мамандыққа) оқуға ауыстыру қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады.
8 8. Бiлiм алушы академиялық демалыс алу үшiн бiлiм беру ұйымы басшысының атына өтiнiш жазады және ДКК анықтамасын әкеледi. Мәселе дұрыс шешiлген жағдайда, бiлiм беру ұйымының басшысы бiлiм алушыға басталу және аяқталу мерзiмi көрсетiлген академиялық демалыс беру туралы бұйрық бередi.
9
9. Мемлекеттiк бiлiм беру гранты мен мемлекеттiк бiлiм беру несиесi бойынша бiлiм алушыға академиялық бiлiм демалыс беру туралы бұйрықтың көшiрмесiн бiлiм беру ұйымының басшысы, осы бағдарламаны керектi сомаға және мерзiмге қаржыландыру жағынан түзетулер енгiзетiн, республикалық бюджет есебiнен қаржыландыратын жоғары оқу орындары мен колледждерге - жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландыратын бiлiм беру салаларындағы орталық атқарушы органдарға, колледждерге - облыстық, Астана, Алматы қалалық бiлiм беру департаменттерiне жолдайды.
10
10. Созылмалы және қатты психикалық аурулардың күшеюiнiң барлық жағдайларында, бiлiм беру ұйымының басшылығы емдеу-профилактикалық ұйымымен бiрге, психо-неврологиялық диспансердiң сараптамасы негiзiнде бiлiм алушыны басқа факультетке ауыстыру немесе оқытудың басқа түрiне көшiру жағдайларын қарастырады.
11 11. Туберкулез ауруымен ауыратын бiлiм алушыларға мерзiмi бiр жылдық академиялық демалыс берiледi. Аурудың асқынған жағдайында, оқуды жалғастыру немесе басқа бiлiм беру ұйымына ауыстыру мәселесi жеке тәртiппен шешiледi.
12
12. Демалыстан қайтып келген бiлiм алушы, кезектi семестр басталмай тұрып бiлiм беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыстан келгенi туралы өтiнiшiн жазады және оған қоса ДКК мен ауруды бақылаған емдеу ұйымынан денсаулығы туралы және оқуды жалғастыруға рұқсат етiлгенi туралы анықтама әкеледi. Соның негiзiнде бiлiм беру ұйымының басшысы, бiлiм алушының мамандығын, курсын, тобын көрсетiп, оның академиялық демалыстан қайтып келгенi туралы бұйрық шығарады.
Осы бұйрықтың көшiрмесi, тиiстi бағдарламаны қаржыландыру бойынша шешiм қабылдау үшiн, республикалық бюджет есебiнен қаржыландыратын жоғары оқу орындары мен колледждерге - жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландыратын бiлiм беру салаларындағы орталық атқарушы органдарға, колледждерге - облыстық, Астана, Алматы қалалық бiлiм беру департаменттерiне жiберiледi.