Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан

Бұйрық · № 420/нс-па · қабылданған 24.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-222579/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 420/нс-па ·24.06.2025
24.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 420/нс-па · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
420/нс-па
Қабылданған күні
24.06.2025
Қолданысқа енгізілген күні
10.03.2026
Көрсетілген редакция
24.06.2025 222579_813754.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25KN000420
ЭКБ идентификаторы
222579
Редакция идентификаторы
222579_813754
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:44

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі көшірмелерін электронды түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын.

3

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қостанай, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстары және Астана қаласы бойынша департаменттері осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген енгізілген өзгерістер туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органдарын бір айлық мерзімде хабардар етсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2025 жылғы «__» __________
№____бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 22 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10771 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Департаменттің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.
Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, бөлімшелерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:
1) Арқалық қалалық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандары;
2) Рудный қалалық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Рудный қаласы;
3) Қарабалық аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Қарабалық және Федоров аудандары;
4) Ұзынкөл аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Ұзынкөл және Меңдіқара аудандары;
5) Лисаков қалалық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Лисаков қаласы, Бейімбет Майлин ауданы және Денисов ауданы;
6) Жітіқара қалалық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Жітіқара қаласы, Жітіқара және Қамысты аудандары;
7) Қостанай аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Тобыл қаласы, Қостанай, Сарыкөл, Алтынсарин, Әулиекөл, Қарасу және Науырзым аудандары.».

2

2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11707 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Департаменттің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.
Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, бөлімшелерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:
1) Қордай аудандық басқармасы. Қызмет көрсету аймағы – Қордай ауданы;
2) Меркі аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Меркі ауданы;
3) Шу ауданы және теміржол станциясы бойынша бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Шу ауданы және Шу теміржол станциясы;
4) Жуалы аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Жуалы ауданы;
5) Сарысу аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Сарысу ауданы;
6) Байзақ аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Байзақ ауданы;
7) Т.Рысқұлов атындағы аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Т.Рысқұлов ауданы;
8) Жамбыл аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Жамбыл ауданы;
9) Талас аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Талас ауданы;
10) Мойынқұм аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Мойынқұм ауданы.».

3

3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12002 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Департаменттің құрылымы мен штаттық санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.
Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, бөлімшелерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:
1) Айыртау аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Айыртау, Ғ.Мүсірепов және Тайынша аудандары;
2) Ақжар аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Ақжар және Уәлиханов аудандары;
3) Жамбыл аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Жамбыл, Тимирязев және Шал ақын аудандары;
4) Мамлют аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Мамлют, Қызылжар және Есіл аудандары;
5) М.Жұмабаев аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – М.Жұмабаев және Аққайың аудандары.».

4

4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12212 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Департаменттің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.
Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, бөлімшелерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:
1) Мәртөк аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Мәртөк, Қобда және Қарғалы аудандары;
2) Мұғалжар аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Мұғалжар ауданы;
3) Темір аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Темір ауданы;
4) Шалқар аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Шалқар және Ырғыз аудандары;
5) Хромтау аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Хромтау және Әйтеке би аудандары;
6) Байғанин аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Байғанин және Ойыл аудандары;
7) Алға аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Алға ауданы.».

5

5. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12265 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Департаменттің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.
Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, бөлімшелерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:
1) Алматы аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Астана қаласының Алматы ауданы;
2) Есіл аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Астана қаласының Алматы ауданы;
3) Сарыарқа аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Астана қаласының Сарыарқа ауданы;
4) Байқоңыр аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Астана қаласының Байқоңыр ауданы;
5) Нұра аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Астана қаласының Нұра ауданы;
6) Сарайшық аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Астана қаласының Сарайшық ауданы.».

6

6. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 7 тамыздағы № 64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №124014 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Департаменттің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.
Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:
1) Арыс қаласы және теміржол станциясы бойынша бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Арыс қаласы, Ақдала, Байырқұм, Дермене, Жиделі, Монтайтас, Қожатоғай ауылдық округтері; Ордабасы және Отырар аудандары;
2) Кентау қалалық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Кентау қаласы, Ащысай, Хантағы, Байылдыр, Қарнақ ауылдық округтері;
3) Жетісай аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Жетісай ауданы;
4) Мақтаарал аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Мақтаарал ауданы;
5) Сайрам аудандық басқармасы. Қызмет көрсету аймағы – Сайрам ауданы;
6) Сарыағаш аудандық басқармасы. Қызмет көрсету аймағы – Сарыағаш ауданы;
7) Келес аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Келес ауданы;
8) Созақ аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Созақ және Бәйдібек аудандары;
9) Қазығұрт аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Қазығұрт ауданы;
10) Төлеби аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Төлеби ауданы;
11) Түлкібас аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Түлкібас ауданы;
12) Шардара аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Шардара ауданы;
13) Сауран аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Сауран ауданы.».

Қолданыстағы