Об утверждении перечня документов, необходимых при предоставлении бюджетного кредита
Күшін жойған
Бұйрық
·№ 415
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня документов, необходимых при предоставлении бюджетного кредита
- Атауы (қаз.)
- Бюджеттік кредитті беру кезінде қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 415
- Қабылданған күні
- 23.11.2004
- Көрсетілген редакция
- 07.07.2009 AI22265_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.07.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040003261_
- ЭКБ идентификаторы
- 22265
- Редакция идентификаторы
- AI22265_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:29
0 Бюджеттік кредитті беру кезінде қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 180-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік кредитті беру кезінде қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2 2. Мемлекеттік борыш және кредит беру департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі жөнінде шаралар қабылдасын.
3 3. Осы бұйрық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
4 Бюджеттік кредитті беру кезінде қажетті құжаттардың тізімі
"Бюджеттік кредитті беру
кезінде қажетті құжаттардың
тізбесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2004 жылғы 23 қарашадағы
N 415 бұйрығымен бекітілді
Бюджеттік кредитті беру кезінде қажетті құжаттардың тізімі
1 1. Бюджеттік кредитті алу үшін ықтимал қарыз алушылар - жеке тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:
1 1) жеке тұлғаны растайтын нотариалды түрде куәландырылған құжаттың көшірмесі;
2 2) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
3 3) бұрын берілген бюджеттік кредит жөнінде берешегі жоқ екендігі жөніндегі құжат;
4 4) ұйғарылып отырған кепілзатты қамтамасыз етуге меншік құқығын және кепілзат мүлігіне басқа ауыртпалық жоқ екендігін растайтын құжат;
Сенім білдірген адам (агент) бюджеттік кредитті алуға қажетті қосымша құжаттарды белгілеуі мүмкін.
2 2. Бюджеттік кредиттерді алуға конкурсқа қатысу үшін ықтимал банктер - қарыз алушылар мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:
1 1) алдыңғы қаржылық жылға және соңғы есепті кезеңге арналған жағдай бойынша ажырату қосымшасымен бірге, оның ішінде дебиторлық және кредиторлық берешек мағынасын аша отырып, бухгалтерлік баланс;
2 2) алдыңғы қаржы жылына және соңғы есепті кезеңнің жәй-күйі бойынша ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
3 3) алдыңғы қаржы жылына және соңғы есепті кезеңнің жәй-күйі бойынша пайдалар мен шығындар туралы есеп;
4 4) алдыңғы қаржы жылына тәуелсіз аудитордың қорытындысы;
5 5) ұйғарылып отырған кепілзатты қамтамасыз етуге меншік құқығын және кепілзат мүлігіне басқа ауыртпалық жоқ екендігін растайтын құжат;
6 6) салық және бюджетке төленген басқа да міндетті төлемдер жөніндегі қарыздың жоқтығы туралы құжат;
7 7) соңғы қарыз алушының бюджеттік кредиттеу кезінде алынатын маржа туралы құжат.
Қажет болған жағдайда қосымша ықтимал банктің - қарыз алушының құрылтай құжаттары, кредиттік саясат туралы құжат және бюджеттік кредитті алуға қатысы бар басқа құжаттар сұралуы мүмкін.