Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О создании новых аульных (сельских) округов

Қаулы · № 6-5 · қабылданған 30.11.2004
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-22276/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О создании новых аульных (сельских) округов Қолданыста 30.11.2004 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О создании новых аульных (сельских) округов

Қолданыста Қаулы № 6-5 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании новых аульных (сельских) округов
Атауы (қаз.)
Жаңа ауылдық (селолық) округтер құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6-5
Қабылданған күні
30.11.2004
Қолданысқа енгізілген күні
16.12.2004
Көрсетілген редакция
30.11.2004 22276_191188.kaz
Соңғы өзгеріс
30.11.2004
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04G0001522
ЭКБ идентификаторы
22276
Редакция идентификаторы
22276_191188
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:27
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Жаңа ауылдық (селолық) округтер құру туралы

Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы " және " Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы " Заңдарын басшылыққа ала отырып облыстық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Төмендегі аудандар бойынша жаңа ауылдық (селолық) округтер құрылсын:

1) Байзақ ауданы бойынша: Сарыкемер ауылдық (селолық) округі құрамынан Үлгілі ауылы бөлініп, орталығы Үлгілі ауылы болатын Үлгілі ауылдық (селолық) округі құрылсын.

2) Жамбыл ауданы бойынша: Аса ауылдық (селолық) округі құрамынан орталығы Бірлесу-Еңбек ауылы болатын Октябрь-жеміс ауылы елді мекенімен бірге Ақбастау ауылдық (селолық) округі бөлінсін.

3) Жуалы ауданы бойынша: Ақсай ауылдық (селолық) округі құрамынан орталығы Қайрат ауылы болатын Диқан ауылы елді мекенімен бірге Ақсай ауылдық (селолық) округі және орталығы Көлбастау ауылы болатын Талапты ауылы елді мекенімен бірге Мыңбұлақ ауылдық (селолық) округі бөлінсін.

4) Қордай ауданы бойынша: Үлкен-Сұлутөр ауылдық (селолық) округі құрамынан орталығы Сұлутөр ауылы болатын Көктөбе ауылы елді мекенімен бірге Сұлутөр ауылдық (селолық) округі бөлінсін.

5) Меркі ауданы бойынша: Меркі ауылдық (селолық) округі құрамынан Т.Рысқұлов ауылы және Ойтал кенттік округі құрамынан Интернациональный ауылы бөлініп, орталығы Т.Рысқұлов ауылы болатын Интернациональный ауылы елді мекенімен бірге Т.Рысқұлов ауылдық (селолық) округі құрылсын.

6) Мойынқұм ауданы бойынша: Қызылтал ауылдық (селолық) округі құрамынан орталығы Қызылотау ауылы болатын Қызылотау ауылдық (селолық) округі бөлінсін.

7) Т.Рысқұлов ауданы бойынша: Тереңөзек ауылдық (селолық) округі құрамынан орталығы Қайынды ауылы болатын Сөгеті, Мамай ауылдары елді мекендерімен бірге Қайынды ауылдық (селолық) округі бөлінсін.

8) Талас ауданы бойынша: Қаратау ауылдық (селолық) округі құрамынан орталығы Қасқабұлақ ауылы болатын Қасқабұлақ ауылдық (селолық) округі бөлінсін.

9) Сарысу ауданы бойынша: Тоғызкент ауылдық (селолық) округі құрамынан Досбол ауылы, Жаңаарық ауылдық (селолық) округі құрамынан Шағалалы ауылы, Жайылма ауылдық (селолық) округі құрамынан Көкдала ауылы, Түркістан ауылдық (селолық) округі құрамынан Көкдала ауылы бөлініп, орталығы Досбол ауылы болатын, Шағалалы, Көкдала (үлкен), Көкдала (кіші) ауылдары елді мекендерімен бірге Досбол ауылдық (селолық) округі құрылсын.

10) Шу ауданы бойынша: Төлеби ауылдық (селолық) округі құрамынан орталығы Абай ауылы болатын Өндіріс ауылдық (селолық) округі бөлінсін.

2. Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас және Шу аудандарының әкімдері Заңмен белгіленген тәртіпте аудан бюджеттеріне тиісті өзгертулер енгізсін.

3. Осы нормативтік құқықтық акт Жамбыл облысының әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.