Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам жилищных пособий на содержание жилья, оплату коммунальных услуг и компенсации повышения тарифов абонентской платы за телефон абонентам городских сетей телекоммуникаций Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекомміникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі № 437 «Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметін көрсетуге ақы төлеудің жаңа принциптеріне көшу туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 09 қыркүйегіндегі № 949 «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулыларына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беруге қоса тіркелген Қағидалар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандар әкімдері осы шешімді мүдделі қызметтердің мәліметіне жеткізсін.
Тармақ 3
3. Облыстық Мәслихаттың ІХ сессиясының 2001 жылғы 05 сәуірдегі № 4 «Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру Ережелері туралы» (2001жылғы 12 сәуірдегі тіркелген № 252, Облыстық Мәслихаттың ХХVI сессиясының 2003 жылғы 10 шілдедегі № 300 «Облыстық Мәслихаттың 2001 жылғы 5 сәуірдегі ІХ сессиясының «Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру Ережелері туралы» № 4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», 2003 жылғы 16 шілдедегі тіркелген 1250) шешімінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 4
4. Қарағанды облыстық Мәслихаттың ІХ сессиясының 2004 жылғы 30 қыркүйегіндегі № 131 «Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Типтік Қағидаларын бекіту туралы» шешімі жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалысын бақылау әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөнінде (С.М.Әдекенов) тұрақты комиссияға жүктелсін.
Басқа 6. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің ҚАҒИДАЛАРЫ
Облыстық Мәслихаттың Х сессиясының 2004 жылғы 11 желтоқсандағы № 157 шешімімен БЕКІТІЛГЕН Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің ҚАҒИДАЛАРЫ Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі № 437 «Тұрғын үйді ұстау мен комміналдық қызметін көрсетуге ақы төлеудің жаңа принциптеріне көшу туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 09 қыркүйегіндегі № 949 «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулыларына сәйкес жасалды.
Тарау 1. 1. Негізгі ережелер
1. Негізгі ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй жәрдемақылары тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтыну, сондай-ақ тұрғын үйді жалдау (жалға беру) бойынша төлем шығындарын қайтару үшін, сонымен қатар қалалық телекомміникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырулары бойынша өтемақы түрінде тұрғындардың аз қамтылған топтарына берілетін тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй жәрдемақыларды тағайындау тәртібі
2. Тұрғын үй жәрдемақыларды тағайындау тәртібі
Тармақ 2
2. Өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңдылықтарымен бекітілген отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына балама.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі тұрғылықты жер бойынша қалалық (аудандық) еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерімен келесі тәртіппен беріледі:
Тармақша 1
1) көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғыз басты азаматтар үшін алыңның әлеуметтік мөлшері-30 шаршы метр;
Тармақша 2
2) бір адамға есептелген коммуналдық қызметтің тұтыну нормасы. газ: қатты отын: 1 шаршы метр алыңды жылытуға – (бір жылға есептегенде) 75 килограмм» деген сөздер «(жылу беру мерзіміне есептегенде 7 ай) 1-2 қабатты құрылыс үйлер үшін 346 килограмм, 3-4 қабатты құрылыс үйлер үшін 225 килограмм, 5 қабатты құрылыс үйлер үшін 134 килограмм; отбасының нақты тұтынған электр қуатының мөлшері: газ плитасы бар үйлерде – 150 киловатт; электр плитасы бар үйлерде – 250 киловаттан аспау керек.
Тармақша 3
3) суық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс төккішті, газды, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер меншіктерінің кооперативті, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай) уәкілеттік орган бекіткен тарифтердің негізінде белгіленеді. Тұрғын үй төлемі мен коммуналдық қызметке белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну жалпы негізінде жүргізіледі. Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы 20045 жылдың 012 қазанынан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тұрғын үй жәрдемақысының механизмі арқылы белгіленеді.
Тармақ 4
4. Дау-жанжал туған кезде немесе сәйкес келмейтін жағдайлар болған кезде тұрғын үй жәрдемақысы туралы мәселені шешу үшін қалалық (аудандық) еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінің жанындағы арнайы комиссиясының қарауына енгізіледі. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда жәрдемақыға үміткер тұлға оны сот арқылы шешіп алуға құқы бар. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу формасын таңдау құқы (қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол жасалмайтын төлем арқылы) алушыға беріледі.
Тармақ 5
5. Есеп шотқа тұрғын үй жәрдемақысының сомаларын аудару кезінде еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімі салым салушыларының бір жолы тапсырмалары негізінде тұрғын үй жәрдемақысы сомалары салымынан аудару үшін банктік есеп-кисаптың формаларын толтыру жолымен бөлінген қаржыны мақсатты пайдалануларын тексеру қажет. 6.Қалалық, аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері тұрғын үй жәрдемақысын алғаннан кейін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстауға шыққан нақты шығындарды 1 айдың ішінде дәлелсіз себептермен (науқастануы, уақытша болмауы және тағы басқалар) төлемеген азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды тоқтатуға және бермеуге құқы бар.Тұрғын үй жәрдемақысын тоқтатып, оны бермеу туралы мәселесін комиссия тұрғын үй жәрдемақы алушысының қатыстыруымен қарайды. Комиссия шешімінің көшірмесін бөлімдер өтініш берушіге тапсырады.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй жәрдемақыларды беру кезеңі және мерзімдері
3. Тұрғын үй жәрдемақыларды беру кезеңі және мерзімдері
Тармақ 7
7. Тұрғын үй жәрдемақылар өтініш берілген айдан бастап 6 айға тағайындалады. Түрғын үй жәрдемақысын алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған процедурасындай. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар үлесі, олар отбасының табыстары, коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеледі. Жәрдемақыға құқтыларды анықтау кезде басқа қалаларда уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген адамдар есепке алынбайды.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй жәрдемақыларды есептеу
4. Тұрғын үй жәрдемақыларды есептеу
Тармақ 8
8. Тұрғын үй жәрдемақылары өтініш пен оған қоса тіркелген келесі құжаттардың негізінде тағайындалады: отбасы құрамы жәнінде және оның мүшелерінің қызмет түрі жөнінде мәліметтеор (пәтердің карточкасы, некетуралы немесе некені бұзу туралы куәлік, еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмыс орны берген анықтама және т.б.); тұрғын үйдің алаңының көлемі туралы анықтама (ордер, тұрғын үй жекешелендіргені туралы келісім-шарт); тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеу шығындары туралы анықтама; өтініш берушінің қалалық телекоммуникация желілерінің абоненті болып табылатын нақтылайтын құжат (шарт немесе телекоммуникация қызметі үшін төленген есебінің – квитанциясы); жұмыс, оқу немесе әскери қызмет орындарынан отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтама; орта білім беру жүйесінде, сонымен қатар жоғары және орта арнайы білім берудің арқылы негізінде күндізгі оқу орнында стипендия алмай оқитын студенттерге тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау барысында жиынтық табысқа студенттік өз еркімен өтінген табысы есептеледі; заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын отбасы мүшелері салық органдарының анықтамасын тапсырады; жұмыссыздар тұрғылықты жер бойынша жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдарының анықтамасын таспырады; аз қамтылған азаматтардың материалдық-тұрмыстық жағдайының тексеру акты (арнайы комиссия тапсырмасы бойынша); негізгі тұрып жатқан орны туралы анықтама.
Тармақ 9
9. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесінде жәрдемақы тағайындау есебі жазылатын отбасына келісім-шарт жасалады. Келісім-шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй жәрдемақы алушыда сақталады. Аталған келісім-шарт тұрғын үй жардемақысын беру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 10
10. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік тіған жағдайда қалалық (аудандық) еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері сұраныс жасауға құқты, ал заңды тұлға мен жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуды талап ететін адамның табысы туралы мәлімет беруге міндетті.
Тармақ 11
11. Жәрдемақы мөлшері үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға тұрғын үй жәрдемақысын алушысының қалалық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына сома өтемақы шараларын камтитын норма шегінде көтерілуіне сома нақты төлем мен тұрғын үй жәрдемақы алуға үміткер отбасылардың шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі. Тұрғын үй жәрдемақы алуға үміткер отбасылардың шығындар деңгейінің шегі отбасының жиынтық табысынан 20% мөлшерінде анықталады. Жиынтық табыс қолданыстағы заңмен белгіленген тәртіппен есепетеледі.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үйді үстауға және коммуналдық қызметке және телефон үшін абоненттік ақының өсу айырмасы нақты төлем ақыны аудару сомасынан артуы тиісті емес.
Тармақ 13
13. Қалалық (аудандық) аңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері тағайындалған жәрдемақы сомаларының көрсетілуімен тұрғын үй жәрдемақы алушылардың тізімін жасайды және ай сайын төленген жәрдемақылар сомасын өтеу үшін тұрғылықты жер бойынша қаржы органдарына жиынтық ведомостарды тапсырады. Телефон үшін абоненттік ақы тарифтарының арттырылуына өтемақыны төлеу және қажетті құру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тарау 5. 5. Тұрғын үй жәрдемақылардың қаржылану көздері
5. Тұрғын үй жәрдемақылардың қаржылану көздері
Тармақ 14
14. Тұрғын үй жәрдемақылары жергілікті бюджет қаржылары есебінен қаржыланады, қалалық телекоммуникацияның абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің артуының бөлімдеріне – Республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.