Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил организации работ службы обслуживающего персонала (бортпроводников) в гражданской авиации Республики Казахстан

Бұйрық · № 253 · қабылданған 10.12.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-22293/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил организации работ службы обслуживающего персонала (бортпроводников) в гражданской авиации Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 253 ·10.12.2004
05.05.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил организации работ службы обслуживающего персонала (бортпроводников) в гражданской авиации Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 253 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил организации работ службы обслуживающего персонала (бортпроводников) в гражданской авиации Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясындағы қызмет көрсетуші құрамының (бортсеріктердің) жұмысын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
253
Қабылданған күні
10.12.2004
Көрсетілген редакция
05.05.2011 AI22293_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040003279_
ЭКБ идентификаторы
22293
Редакция идентификаторы
AI22293_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:24

0 Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясындағы қызмет көрсетуші құрамының (бортсеріктердің) жұмысын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті туралы Ережесінің 10 тармағының 2-тармақшасының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясындағы қызмет көрсетуші құрамының бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру ережесі бекітілсін.

2 2. Осы бұйрықтың орындалуының бақылауын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасынының бастығы А. Б. Жолдыбаевқа жүктелсін.

3 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

0 Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы қызмет көрсетуші құрамның (бортсеріктердің) жұмыстарын ұйымдастыру ережесі

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрлігінің Азаматтық
авиация комитеті төрағасының м.а.
2004 жылғы 10 желтоқсандағы
N 253 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы қызмет көрсетуші құрамның (бортсеріктердің) жұмыстарын ұйымдастыру ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы қызмет көрсетуші құрамның (бортсеріктердің) жұмыстарын ұйымдастыру ережесіне (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті туралы Ережесінің 10 тармағындағы 2 тармақшасының талаптарына сәйкес, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметін мемлекеттік қадағалау және реттеуді Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асыру мақсатында әзірленген.

2 2. Қызмет көрсетуші құрамның (бортсеріктердің) қызметі осы Ережеге сәйкес, азаматтық авиация авиакомпаниялары басшыларының бұйрықтары негізінде құрылады.

3 3. Қызмет көрсетуші құрамның негізгі тапсырмалары:

жерде және ұшуларда апаттық жағдайлар туындаған кезде әуе кемесінің бортындағы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
әуе кемесінің бортындағы жолаушыларға жоғары сапалы қызмет көрсету;
борттық тұрмыстық және асүйлік электр жабдықтарын тиесілі пайдалану.

2 2. Қызмет көрсетуші құрамның (бортсеріктердің) жұмыс тәртібі

4 4. Қызмет көрсетуші құрамның (бортсеріктердің) бригада мүшелерінің саны әуе кемесінің (бұдан әрі - ӘК) типіне қарай, аталған ӘК ұшу эксплуатациясы жөніндегі басшылығымен анықталады.

Қызмет көрсетуші құрамның (бортсеріктердің) бригада мүшелерінің жұмысы осы Ереже талаптарының негізінде, азаматтық авиация ұйымдарында бекітілген және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы өкілетті органымен келісілген бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады.

5 5. Қызмет көрсетуші құрам (бортсеріктердің) тұлғаларының өздік жұмысы ӘК типіне қарай, бортсеріктердің барлық жұмыс орындарында әуе кемесінің бортында жүзеге асырылады.

6 6. Аға бортсерік:

жолаушылар кабинасындағы қызмет көрсетуші құрамның (бортсеріктердің) жұмысын ұйымдастырады;
ұшу алдындағы және ұшып келгендегі брифингін жүргізеді;
ӘК санитарлық және техникалық ахуалын бақылайды;
ұшқыштар кабинасындағы экипажбен өзара іс-әрекетте болады;
бортсеріктер бригадасы мүшелерінің әзірлігін тексереді;
рейс бойынша құжаттамаларын ресімдейді.

7 7. Бортсеріктер азаматтық авиация ұйымдарымен бекітілген және азаматтық авиация саласындағы өкілетті органымен келісілген бортсеріктер жұмысының технологиясына сәйкес өз жұмысын атқарады (бұдан әрі - технология).

8 8. Бортсеріктер бригадасының мүшелері ұшар алдында бортсеріктер қызметінде әдеттегідей 2 сағат бұрын болуы керек.

Қызмет көрсетуші құрамның (бортсеріктердің) мүшелері ұшар алдында медициналық бақылаудан өтеді. Ұшуды орындауға ӘК даярлау үшін бортсеріктер бригадасы ұшуға дейін ӘК бортына 1 сағат 10 минут бұрын келуі тиіс. Халықаралық ұшуларды орындауда қызмет көрсетуші құрам (бортсеріктер) кедендік және төлқұжаттық бақылаудан әдеттегідей ұшуға дейін 1 сағат 30 минутта өтеді.

9 9. Кездесу, жолаушыларды орналастыру, апаттық-құтқару құралдарымен таныстыру және ұшуға дайындау технологияға сәйкес, бортсеріктер бригадасы мүшелерімен жүзеге асырылады.

10 10. Аға бортсерік ұшудың сәтті орындалғаны туралы ӘК командиріне баяндайды және өз міндетіне кіріседі.

11 11. Бортсеріктер бригадасының мүшелері "Белдіктеріңізді бекітіңіздер" таблосы өшкеннен кейін жолаушыларға қызмет көрсетуге кіріседі.

12 12. ӘК төмендеуді орындау алдында бортсеріктер салонның қону даярлығына бақылау жүргізеді, бақылай отырып, қауіпсіздік белдіктерінің салынуына, жеке үстелшелердің жиналуына және бекітілуіне, орындық арқаларының тік қалпына келтірілуіне ықпал етеді.

13 13. ӘК қонғаннан кейін аға бортсерік (бортсерік) технологияға сәйкес жолаушыларға ақпарат мәтінін ұсынады және ӘК командирінің рұқсатымен есік ашады.

ӘК жолаушыларды шығару үшін есікті ашпас бұрын телескопиялық саты арқылы аға бортсерік сыртқы жақтан сатының бекітілуін күтуі қажет.
Жер үсті қызметінің рұқсатын алғаннан кейін бортсерік жолаушылардың шығуын жүзеге асырады.

Қолданыстағы