Құжат мәтініне өту

Әлеуметтік көмек туралы

Өзге акт · № 15/10-III · қабылданған 25.11.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.04.2009 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-22305/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Әлеуметтік көмек туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 15/10-III ·25.11.2004
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Әлеуметтік көмек туралы

ҚАЗӘлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 15/10-III · қабылданған 25.11.2004

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Әлеуметтік көмек туралы
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік көмек туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
15/10-III
Қабылданған күні
25.11.2004
Көрсетілген редакция
02.04.2009 · қолданыстағы 22305_194290.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
02.04.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04VL002079
ЭКБ идентификаторы
22305
Редакция идентификаторы
22305_194290
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:29

0 Әлеуметтік көмек туралы

"Қазақстан Республикасындағы ауыл (село) мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басымдылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес Зырян ауданы-Зырян қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен қаржыландырылатын ауылды (селолық) жерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамту, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына отын сатып алуға 1000 (бір мың) теңге мөлшеріндегі 2004 жылға арналған біржолғы әлеуметтік көмек бекітілсін.

2

2. Ұсынылып отырған жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен қаржыландырылатын ауылды (селолық) жерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау және білім, әлеуметтік қамту, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына отын сатып алуға 1000 (бір мың) теңге мөлшеріндегі әлеуметтік көмек көрсету ережелері бекітілсін.

3 3. Осы шешім Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

4 4. Осы шешім 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап іске енгізіледі.

5 Жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен қаржыландырылатын ауылды (селолық) жерлерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау және білім, әлеуметтік қамту, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ережелері

Зырян ауданы-Зырян қаласы
мәслихатының 2004 жылғы
25 қарашадағы N 15/10-ІІІ
шешімімен бекітілген
Жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен қаржыландырылатын
ауылды (селолық) жерлерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық
сақтау және білім, әлеуметтік қамту, мәдениет және
спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына
отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ережелері

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ережелер "Қазақстан Республикасындағы ауыл (село) мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басымдылығы туралы" Қазақ Совет Социалистік Республикасының 1991 жылғы 13 ақпандағы Заңын орындауға әзірленді.

2

2. Жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен қаржыландырылатын ауылды (селолық) жерлерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау және білім, әлеуметтік қамту, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына (бұдан әрі әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай төлем) отын сатып алуға біржолғы ақшалай төлем жылда бір рет тағайындалып төленеді.

3 3. Әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай төлемнің заңсыз төленген сомасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте кінәлі тұлғалардың есебінен қалпына келтірілуіне жатады.

2 2. Тағайындау тәртібі

4 4. Әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай төлемдер тапсырылатын құжаттардың негізінде тағайындалады:

1 1) біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы өтініш;

2 2) тұрғылықты жерді растау туралы анықтама.

5 5. Осы Ережелердің іс-әрекеті таратылатын екі және одан да көп адамдар бірге тұрғанда біржолғы ақшалай төлемдер әлеуметтік саладағы мамандардың әрбіреуіне беріледі.

3 3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі

6 6. Селолық жерде тұрып жұмыс істейтін әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай төлемдерді қаржыландыру тиісті жылы осы мақсаттарға қаралған жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.

4 4. Есепке алуды, бақылауды және есеп беруді жүргізу тәртібі

7 7. Біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу жөніндегі есепке алуды, бақылауды және есеп беруді жүргізу тиісті бөлімдердің бас бухгалтерлеріне жүктелсін.