Әлеуметтік көмек туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Әлеуметтік көмек туралы
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік көмек туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15/10-III
- Қабылданған күні
- 25.11.2004
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2009 · қолданыстағы 22305_194290.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V04VL002079
- ЭКБ идентификаторы
- 22305
- Редакция идентификаторы
- 22305_194290
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:29
0 Әлеуметтік көмек туралы
"Қазақстан Республикасындағы ауыл (село) мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басымдылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес Зырян ауданы-Зырян қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен қаржыландырылатын ауылды (селолық) жерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамту, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына отын сатып алуға 1000 (бір мың) теңге мөлшеріндегі 2004 жылға арналған біржолғы әлеуметтік көмек бекітілсін.
2
2. Ұсынылып отырған жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен қаржыландырылатын ауылды (селолық) жерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау және білім, әлеуметтік қамту, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына отын сатып алуға 1000 (бір мың) теңге мөлшеріндегі әлеуметтік көмек көрсету ережелері бекітілсін.
3 3. Осы шешім Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
4 4. Осы шешім 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап іске енгізіледі.
5 Жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен қаржыландырылатын ауылды (селолық) жерлерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау және білім, әлеуметтік қамту, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ережелері
Зырян ауданы-Зырян қаласы
мәслихатының 2004 жылғы
25 қарашадағы N 15/10-ІІІ
шешімімен бекітілген
Жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен қаржыландырылатын
ауылды (селолық) жерлерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық
сақтау және білім, әлеуметтік қамту, мәдениет және
спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына
отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ережелері
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ережелер "Қазақстан Республикасындағы ауыл (село) мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басымдылығы туралы" Қазақ Совет Социалистік Республикасының 1991 жылғы 13 ақпандағы Заңын орындауға әзірленді.
2
2. Жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен қаржыландырылатын ауылды (селолық) жерлерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау және білім, әлеуметтік қамту, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына (бұдан әрі әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай төлем) отын сатып алуға біржолғы ақшалай төлем жылда бір рет тағайындалып төленеді.