Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в Карагандинской области

Қаулы · № 18/03 · қабылданған 17.03.2026
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-223214/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в Карагандинской области Күшін жойған 10.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в Карагандинской области

Күшін жойған Қаулы № 18/03 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в Карагандинской области
Атауы (қаз.)
Қарағанды облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
18/03
Қабылданған күні
17.03.2026
Қолданысқа енгізілген күні
30.03.2026
Көрсетілген редакция
10.07.2026 223214_830224.kaz
Соңғы өзгеріс
10.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26K001803A
ЭКБ идентификаторы
223214
Редакция идентификаторы
223214_830224
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
24.08.2026 02:20
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қарағанды облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарағанды облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қарағанды облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

Қарағанды облысы әкімдігінің
2026 жылғы 17 наурыздағы
№ 18/03 қаулысына
қосымша
Қарағанды облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1. Көтермелеудің түрлері

1. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілерді көтермелеудің түрлері:

1) алғыс жариялау;

2) грамотамен наградтау;

3) ақшалай сыйақы төлеу;

4) білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;

5) ұйымға, кәсіпорынға көтермелеу туралы ұсынулар жіберу;

6) құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен наградтау туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша фото және бейнежазба қоса тіркелген хабарламаны уәкілетті органдарға жолдаған азаматтар құқық бұзушыдан өндірілген айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен көтермеленуі мүмкін.

2. Көтермелеудің тәртібі

3. Осы тәртіп Қарағанды облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.

4. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелері ішкі істер органдарының ұсынуы бойынша Қарағанды облысының қалалары мен аудандары әкімдіктері жанынан құрылатын комиссияларда (бұдан әрі – Комиссия) қаралады.

5. Құқық бұзушылық профилактикасына белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс Қарағанды облысы Полиция департаментінің басқармалары мен полиция бөлімдерінің бастықтары тарапынан комиссияның қарауына енгізіледі.

6. Комиссия жергілікті атқарушы органдарда қоғамдық көмекші ретінде тіркелмеген азаматтарды да, егер олар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге немесе ашуға ықпал еткен болса, көтермелеуге құқылы.

7. Көтермелеуге негіз болып комиссия қабылдайтын хаттамалық шешім табылады.

8. Ақшалай сыйақы төлеу үшін комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Қарағанды облысы Полиция департаментінің басқармалары мен полиция бөлімдерінің бастықтары қосымша бұйрық шығарады.

3. Ақшалай сыйақының мөлшері

9. Ақшалай сыйақы мөлшерін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар онымен немесе оның қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып, ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен белгіленеді және 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

10. Ақшалай сыйақы төлеу Қарағанды облысы Полиция департаменті тарапынан облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.