Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба

Өзге акт · № 2 · қабылданған 01.04.2026
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-223424/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба Күшін жойған 25.06.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба

Күшін жойған Өзге акт № 2 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба
Атауы (қаз.)
Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2
Қабылданған күні
01.04.2026
Қолданысқа енгізілген күні
06.04.2026
Көрсетілген редакция
25.06.2026 223424_828943.kaz
Соңғы өзгеріс
25.06.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26NN00002B
ЭКБ идентификаторы
223424
Редакция идентификаторы
223424_828943
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
22.08.2026 02:15
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Тобыл қаласы Тәуелсіздік көшесіндегі № 64 тұрғын үйдің төбесінің құлауы салдарынан техногендік авариялық жағдайдың туындау қаупіне байланысты объектіде объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2. Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс - шаралар жүргізілсін.

3. Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі басшысы болып Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын.

4. «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің тізіліміне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялануын және оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы шешімнің көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде жолдануын;

2) осы шешімді Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.