Об утверждении Перечня должностных лиц уполномоченного органа и территориальных подразделений, осуществляющих государственный контроль и надзор в области охраны, воспроизводства и использования животного мира, а также работников государственных учреждений и организаций, осуществляющих непосредственную охрану животного мира, имеющих право на ношение форменной одежды со знаками различия (без погон)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня должностных лиц уполномоченного органа и территориальных подразделений, осуществляющих государственный контроль и надзор в области охраны, воспроизводства и использования животного мира, а также работников государственных учреждений и организаций, осуществляющих непосредственную охрану животного мира, имеющих право на ношение форменной одежды со знаками различия (без погон)
- Атауы (қаз.)
- Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1415
- Қабылданған күні
- 29.12.2004
- Көрсетілген редакция
- 04.09.2015 AI22390_10.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P040001415_
- ЭКБ идентификаторы
- 22390
- Редакция идентификаторы
- AI22390_10
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:18
0
Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қоса беріліп отырған Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесi бекiтілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi
0 Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1415 қаулысымен
бекiтiлген
Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесi
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелер
1 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетiнiң (бұдан әрi – Комитет) төрағасы – Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы.
2 2. Комитет төрағасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары.
3
3. Комитеттiң орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын басқармалар басшылары, бас сарапшылары – Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторы.
4 4. Комитеттiң орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын сарапшылары – Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік инспекторы.
5 5. Комитеттiң аумақтық бөлімшелерінің басшылары – тиiстi облыстың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы.
6
6. Комитеттiң аумақтық бөлімшелері басшыларының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары – тиiстi облыстың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары.
7
7. Комитеттiң аумақтық бөлімшелерінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын бөлiмдерiнiң басшылары – тиiстi облыстың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі аға мемлекеттік инспекторы.
8 Орман шаруашылығын және жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар
8. Комитеттiң аумақтық бөлімшелерінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын бас және жетекшi мамандары – тиiстi облыстың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік инспекторы.
Орман шаруашылығын және жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар