Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения «Центр изучения религий» управления по делам религий области Ұлытау
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения «Центр изучения религий» управления по делам религий области Ұлытау
- Атауы (қаз.)
- Ұлытау облысының дін істері басқармасының «Діндерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32/01
- Қабылданған күні
- 08.04.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 14.04.2026
- Көрсетілген редакция
- 21.05.2026 223924_825434.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.05.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26H003201A
- ЭКБ идентификаторы
- 223924
- Редакция идентификаторы
- 223924_825434
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 21.08.2026 02:15
0 Ұлытау облысының дін істері басқармасының «Діндерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлытау облысының дін істері басқармасының «Діндерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. «Ұлытау облысы экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
0 Ұлытау облысының дін істері басқармасының «Діндерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі мен шарттары
Ұлытау облысы әкімінің
2026 жылғы « 08 » сәуірдегі
№32/01 қаулысына қосымша
Ұлытау облысының дін істері басқармасының «Діндерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі мен шарттары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлытау облысының дін істері басқармасының «Діндерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы, 3) тармақшасының негізінде әзірленді және Ұлытау облысының дін істері басқармасының «Діндерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес жалақы-қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасы мен жағдайларына, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерге байланысты еңбегі үшін сыйақы.
3. Мемлекеттік басқару органы – жарғыға сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеменің уәкілетті органы болып табылатын тиісті саладағы мемлекеттік мекеме.
4. Бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында әрбір қаржы жылында көзделуге тиіс.
2 тарау. Қызметкерлердің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары
5. Ынталандырушы үстемеақылар персоналды ынталандыру және білікті кадрлар құрамын сақтау мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
6. Осы қаулыда көрсетілген бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандырушы төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.
7. Бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың өзге түрлерін (лауазымдарды қоса атқарғаны үшін сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстеме ақылар, қамту аймағын кеңейткені үшін, үстеме ақылар және т. б.) төлеуді тоқтату үшін негіз болып табылмайды.