Құжат мәтініне өту

О создании государственного природного заказника местного значения «Сазды»

Қаулы · № 206 · қабылданған 29.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-224152/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О создании государственного природного заказника местного значения «Сазды» Қолданыста Қаулы ·№ 206 ·29.09.2025
29.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании государственного природного заказника местного значения «Сазды»

Қолданыста Қаулы ·№ 206 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании государственного природного заказника местного значения «Сазды»
Атауы (қаз.)
Жергілікті маңызы бар «Сазды» мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
206
Қабылданған күні
29.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
27.04.2026
Көрсетілген редакция
29.09.2025 224152_814220.kaz
Соңғы өзгеріс
29.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25C000206A
ЭКБ идентификаторы
224152
Редакция идентификаторы
224152_814220
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 01:56

0 Жергілікті маңызы бар «Сазды» мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласы және Алға ауданы аумақтарында жергілікті маңызы бар, жалпы алаңы 1 147 гектар «Сазды» мемлекеттік табиғи қаумалы (бұдан әрі – Қаумал) құрылсын.

2 2. Қаумал «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағына берілсін.

3 3. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Орман шаруашылығы мен жануарлар
дүниесі комитеті

Қолданыстағы