О создании государственного природного заказника местного значения «Берчогурский»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании государственного природного заказника местного значения «Берчогурский»
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті маңызы бар «Берчогурский» мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 207
- Қабылданған күні
- 29.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 27.04.2026
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2025 224156_814216.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25C000207A
- ЭКБ идентификаторы
- 224156
- Редакция идентификаторы
- 224156_814216
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 01:57
0 Жергілікті маңызы бар «Берчогурский» мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан Ақтөбе облысының Шалқар және Мұғалжар аудандары аумақтарында жергілікті маңызы бар, жалпы алаңы 41 411 гектар «Берчогурский» мемлекеттік табиғи қаумалы (бұдан әрі – Қаумал) құрылсын.
2 2. Қаумал «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Үлкен-Борсық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағына берілсін.
3 3. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Орман шаруашылығы мен жануарлар
дүниесі комитеті