Об утверждении Правил разработки и согласования комплексных схем градостроительного планирования территорий Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 73-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 0. Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидалары
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы « » « » № бұйрығымен бекітілген Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидалары Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 73-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу тәртiбiн белгiлейдi.
Тарау 2. 2-тарау. Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу тәртібі
2-тарау. Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу тәртібі
Тармақ 2
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы орган өңірлер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын (бұдан әрі – кешенді схема) әзірлеу бойынша тапсырыс беруші (бұдан әрі – тапсырыс беруші) болып табылады. Тапсырыс беруші әзірлеушіні (бас жобалаушыны) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындайды.
Тармақ 3
3. Кешенді схеманы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлейді.
Тармақ 4
4. Кешендi схема Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына және аумақты дамытудың тиiстi өңіраралық схемаларына сәйкес әзiрленедi.
Тармақ 5
5. Тапсырыс беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жобалауға арналған тапсырманы әзірлейді және бекітеді.
Тармақ 6
6. Кешендi схемада сол өңір аумағындағы әлеуметтiк-экономикалық, өндірiстiк-шаруашылық, табиғи-климаттық жағдайлар оның аймақтарға бөлінуі ескерілген мемлекеттiк қала құрылысы саясатының мақсаттары айқындалады, сондай-ақ мынадай негізгі бағыттар белгіленеді:
Тармақша 1
1) жайғастыру жүйесін жетілдірудің;
Тармақша 2
2) елді мекендерді, өндірістік, көліктік, инженерлік, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымдарды дамытудың;
Тармақша 3
3) қауіпті (зиянды) табиғи және антропогендік, техногендік құбылыстар мен процестердің әсерінен аумақтарды қорғаудың;
Тармақша 4
4) экологиялық жағдайды жақсартудың;
Тармақша 5
5) тарихи-мәдени мұра объектілерін және (немесе) қорғалатын ландшафтық объектілерді сақтаудың;
Тармақша 6
6) су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан, сарқылудан қорғаудың негізгі бағыттарын белгілейді. Аумақтарды пайдаланудың артықшылықтары, тыйымдары, шектеулері және өзге де режимдері ескеріле отырып, аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу және оларды пайдалану қарқындылығы айқындалады.
Тармақ 7
7. Кешенді схема әкімшілік-аумақтық бірліктердің, қала маңы аймақтарының және резервтік аумақтардың шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.
Тармақ 8
8. Жобалауға арналған тапсырмаға қойылатын жалпы талаптар мен бастапқы деректердiң тiзбесi мемлекеттік нормативтік құжаттарға (құрылыс нормаларында және қағидаларында) сәйкес айқындалады.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалған әзiрлеушi (бac жобалаушы) кешендi схеманың құрамында арнайы бөлiмдердi әзiрлейтін жобалау ұйымдары-қосалқы мердiгерлер үшiн тапсырыс беруші болып табылады. Кешендi схеманы жасаған кезде пайдаланылатын арнайы (салалық) немесе қала реттеуші өзге құжаттаманы әзірлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк және мемлекетаралық нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Кешенді схеманы әзірлеу мерзімі, құрамы мен мазмұны мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес айқындалады.
Тармақ 11
11. Кешендi схеманы әзiрлеу кезiнде әзiрлеушi (бac жобалаушы) тиiстi облыстың не оның бір бөлiгiнiң аумағындағы тарих, археология, қала құрылысы және сәулет, монумент өнерi ескерткiштері орналасқан карта-схемаларды жасайды. Кешендi схемада тарих пен мәдениеттің жылжымайтын ескерткiштерi және мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн қорғау аймақтары (қорғалатын аймақтар, құрылысты реттейтiн аймақтар және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары) ескерiлуге тиiс. Осы мақсатта жобалардың құрамында орындалатын графикалық материалдарға ескерткiштердi қорғау аймақтарының қажеттi элементтерi енгiзiлуге, ал түсiндiрме жазбаларда осы аймақтарда белгiленген режимдi қамтамасыз ететiн талаптар көрсетiлуге тиiс.
Тармақ 12
12. Қалалар мен ауылдық елді мекендер табиғи жағдайлары қолайсыз аумақтарда орналасқан жағдайда кешендi схеманың құрамында аумақты инженерлiк дайындау, аумақ пен көрсетiлген елдi мекендердi табиғи процестерден де, адамның шаруашылық қызметiнен туындаған қауiптi геологиялық және гидрогеологиялық процестерден қорғау жөнінде жобалық шешiмдер әзiрленедi.
Тармақ 13
13. Курорттық ресурстары бар облыстар мен аудандар, курорттық қалалар және курорттық типтегі өзге де елді мекендер үшін жобалау жұмыстары курорттық және рекреациялық ресурстарды бағалау жөніндегі материалдарды, сондай ақ курорттардың белгіленген санитариялық аймақтарын ескере отырып орындалуға тиіс.
Тарау 3. 3-тарау. Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын келісу тәртібі
3-тарау. Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын келісу тәртібі
Тармақ 14
14. Тапсырыс беруші кешенді схеманы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелерімен, мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.
Тармақ 15
15. Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері, мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдар 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі және/немесе тапсырыс берушіге негізделген ескерту береді.
Тармақ 16
16. Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері, мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдар ескерту берген жағдайда тапсырыс беруші 15 (он бес) жұмыс күні ішінде кешенді схеманың пысықталған жобасын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелеріне, мүдделі мемлекеттік органдарға және ұйымдарға келісуге қайта енгізеді.
Тармақ 17
17. Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері, мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдар ескертулер ескеріліп пысықталған кешенді схеманың жобасын 5 (бес) жұмыс күні ішінде келіседі.
Тармақ 18
18. Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелерімен, мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісілген кешенді схеманың жобасын тапсырыс беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде кешенді қала құрылысы сараптамасына енгізеді.
Тармақ 19
19. Кешенді схеманың жобасына кешенді қала құрылысы сараптамасы Кодекстің 24-бабының 12) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Кешенді қала құрылысы сараптамасының оң қорытындысын алған кешенді схемаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Тармақ 21
21. Кешенді схема Кодекстің 25-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес облыстардың мәслихаттары бекітеді.
Тармақ 22
22. Кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтпеген және қала құрылысы сараптамасының оң қорытындысын алмаған кешенді схеманың жобасы бекітілмейді.
Тармақ 23
23. Кешендік схеманың бекітілетін бөлігі кешендік схеманың негізгі ережелері, негізгі сызбасы және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері болып табылады.
Тармақ 24
24. Бекітілген кешендік схемаларды мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін векторлық түрде ұсыну Кодекстің 24-бабының 47) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан ақпаратты және (немесе) мәліметтерді беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1. Жобалауға арналған тапсырма
Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидаларына 1-қосымша Жобалауға арналған тапсырма БЕКІТЕМІН: (лауазымы, ұйым) ______________________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)) ______________________ (қолы) ______________________ (күні) 1. Қала құрылысы жобасының түрі ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ 2. Тапсырыс беруші ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ (толық және қысқартылған атауы) ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ 3. Әзірлеуші (бас жобалаушы) ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ (толық және қысқартылған атауы) ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ 4. Жобалау үшін негіздеме ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ 5. Қала құрылысын жоспарлау немесе аумақтарда құрылыс салу объектісі, оның негізгі сипаттамалары ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ 6. Жобалау кезеңдері бойынша ұсынылатын материалдардың құрамына, мазмұнына және нысанына қойылатын негізгі талаптар, жұмыстарды орындау реті мен мерзімдері ____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ 7. Жобалау үшін бастапқы ақпаратты ұсынудың құрамы, орындаушылары, мерзімдері мен тәртібі ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ 8. Қала құрылысы жобасының осы түрін келісетін уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың тізбесі ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ 9. Келісуші ұйымдардың қала құрылысы жобасының әзірленетін түріне қойылатын талаптары ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ 10. Жобалау алдындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инженерлік іздестірулерді жүргізудің құрамы мен тәртібі (қажет болған жағдайда) ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ 11. Әзірленетін қала құрылысы жобасына келісу және сараптама жүргізуді ұйымдастыру тәртібі ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ 12. Өзге талаптар мен шарттар: әзірлеуші (бас жобалаушы) _______________________________________________________________________________ (лауазымы, ұйым) _______________________________________________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)), (қолы) ____________________________________________________________________________ (күні) уәкілетті (немесе жергілікті атқарушы) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері _______________________________________________________ ________________________ (лауазымы, ұйым) ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)), (қолы) _________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ (күні) өзге Келісуші ұйымдардан (толық атауы) (лауазымы, ұйым) ____________________________________________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)), (қолы) ____________________________________________________________________________ (күні) 📌 Ескертпе. Тапсырманың мазмұны қала құрылысы құжаттамасының жекелеген түрлерін және қала құрылысын жоспарлау мен құрылыс салу объектісінің ерекшелігін әзірлеуге қойылатын талаптарға сәйкес нақтылануы мүмкін.
Басқа 2. Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары жобасының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері
Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидаларына 2-қосымша Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары жобасының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері Р/с № Көрсеткіштер Өлшем бірлігі Қазіргі жағдайы Бірінші кезең Есептік кезең Болжамды кезең 1 2 3 4 5 6 7 1 Аумақ 1.1 Барлығы мың га оның ішінде: 1.1.1 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер -//- елді мекендердің жерлері, оның ішінде: -//- 1.1.2.1 қалалық -//- 1.1.2.2 ауылдық -//- 1.1.3 өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер -//- 1.1.4 ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер -//- 1.1.5 орман қоры -//- 1.1.6 су қорының жерлері -//- 1.1.7 босалқы жер -//- 2 Халық -//- 2.1 Барлығы мың адам оның ішінде: 2.1.1 қала халқының саны мың адам/халықтың жалпы санының % 2.1.2 ауыл халқының саны бойынша -//- 2.2 Халықтың табиғи қозғалысының көрсеткіштері: 2.2.1 туғандар саны -//- 2.2.2 өлгендер саны 2.2.3 өсуі/кемуі 2.3 Халықтың көші-қон көрсеткіштері: 2.3.1 келгендердің саны адам 2.3.2 кеткендер саны адам 2.3.3 өсуі/кемуі адам 2.4 Қалалық елді мекендердің ішінен, барлығы бірлік 2.4.1 ірі (есептік саны 500,0 мың адамнан асатын) -//- 2.4.2 үлкен (халықтың есептік саны 100,0-ден 500,0 мың адамға дейін) -//- 2.4.3 орташа (халықтың есептік саны 50,0-ден 100,0 мың адамға дейін) -//- 2.4.4 шағын (халықтың есептік саны 50,0 мың адамға дейін) -//- 2.4.5 Кенттер 2.5 Ауылдық елді мекендер саны бірлік 2.6 Халық саны 500 мың адамнан асатын агломерациялар саны бірлік 2.7 Халық тығыздығы 1 км2 адам 2.7.1 Ауыл халқының тығыздығы -//- 2.8 Халықтың жас құрылымы 2.8.1 15 жасқа дейінгі балалар мың адам/халықтың жалпы санының% 2.8.2 еңбекке қабілетті жастағы халық (ерлер 16-63 жас, әйелдер 16-61 жас) -//- 2.8.3 еңбекке қабілетті жастан асқан халық -//- 2.8.4 Жұмыспен қамтылған халық саны-барлығы мың адам / жұмыспен қамтылған халық санының % оның ішінде өнеркәсіп және құрылыс -//- ауыл шаруашылығы -//- 3 Экономикалық әлеует 3.1 өнеркәсіптік өндіріс көлемі млрд. теңге 3.2 Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі -//- 4 Тұрғын үй қоры 4.1 Барлығы жалпы алаңы мың м², % оның ішінде: 4.1.1 қалалық елді мекендерде жалпы ауданы мың м², % 4.1.2 ауылдық елді мекендерде -//- 4.3 Халықтың тұрғын үйдің жалпы ауданымен қамтамасыз етілуі: м2 / адам 4.3.1 қалалық елді мекендерде -//- 4.3.2 ауылдық елді мекендерде -//- 5 Халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері 5.1 Жоғары оқу орындары бірлік/ студенттер 5.2 Мектепке дейінгі, бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдары тиісті бірліктер Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бірлік/оқушлары Күндізгі жалпы білім беретін мектептер бірлік/ мың орын Мектепке дейінгі ұйымдар бірлік/ мың орын 5.3 Мәдениет және өнер ұйымдары: тиісті бірліктер оның ішінде: театрлар бірлік/орын кинотеатрлар бірлік/орын кітапханалар бірлік/мың том клуб типтес ұйымдар бірлік/орындар 5.4 Денсаулық сақтау ұйымдары (ауруханалар, емханалар, перзентханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер және басқа да медициналық пунктер): -//- оның ішінде: Стационарлық көмек көрсететін ұйымдар төсек Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар ауысымға келу 5.5 Шипажай-курорт мақсаттағы, демалыс және туристтік (шипажайлар, пансионаттар, демалыс үйлері, лагерь және басқалар) объектілер төсек-орын 5.6 Әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдары оның ішінде: Медициналық-әлеуметтік мекемелер Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелер 6 Көлік инфрақұрылымы 6.1 Теміржол желілерінің қатынас ұзақтығы км 6.2 Кепілді тереңдігі бар кеме қатынасы өзен жолдарының ұзақтығы км 6.3 Автомобиль жолдарының ұзақтығы, барлығы км оның ішінде: 6.3.1 республикалық маңызы бар км 6.3.2 облыстық маңызы бар км 6.3.3 аудандық маңызы бар -//- 6.5 Газ құбырларының ұзақтығы км 6.6 Мұнай құбырларының ұзақтығы км 6.7 Көлік желісінің тығыздығы: км / 100 км2 6.7.1 теміржол -//- 6.7.2 автомобиль -//- 6.8 Әуежайлар бірлік оның ішінде: 6.8.1 халықаралық маңызы бар -//- 6.8.2 мемлекеттік (ұлттық) -//- 6.8.3 жергілікті -//- 7 Инженерлік инфрақұрылым 7.1 Сумен жабдықтау: 7.1.1 Жерасты көздерінің ресурстары млн. м3/ жыл 7.1.2 Жерүсті көздерінің ресурстары -//- 7.1.3 Су тұтыну - барлығы мың. м3/ тәул. 7.1.3.1 оның ішінде шаруашылық-ауыз су мұқтаждарына: -//- - олардың ішінде қалалық қоныстарда -//- - ауылдық елді мекендерде -//- 7.1.3.2 өндірістік қажеттіліктерге 7.1.3.3 ауыл шаруашылығы қажеттіліктерге 7.1.4 1 адамға орташа тәуліктік су тұтыну бір адамға литр/тәулігіне 7.1.4.1 оның ішінде шаруашылық ауыз су қажеттіліктеріне -//- - оның ішінде қалаларда - ауылдық елді мекендерде миллион м3/жылына 7.2 су бұру -//- 7.2.1 сарқынды сулардың көлемі-барлығы млн. м3 / жыл - оның ішінде су объектілеріне -//- 7.2.1.1 Оның ішінде шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулар - олардың ішінде қалалық қоныстарда - ауылдық елді мекендерде 7.2.2 Тазартудан кейінгі сарқынды сулардың көлемі -//- - олардың ішінде қалаларда -ауылдық елді мекендерде 7.3 Электрмен жабдықтау: 7.3.1 Орнатылған қуат, барлығы МВт оның ішінде: 7.3.1.1 гидроэлектростанциялар % 7.3.1.2 жылу электр станциялары -//- 7.3.1.3 жаңартылатын және баламалы энергия көздері % 7.3.2 Есептік қажеттілік: миллион килоВатт/сағатына 7.3.2.1 оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге: -//- - олардың ішінде қалаларда -//- - ауылдық елді мекендерде -//- 7.3.3 Кернеуі 35 килоВольт және одан жоғары электр беру желілерінің ұзындығы км 7.4 Жылумен жабдықтау: 7.4.1 Орнатылған қуат мың Гкал / сағатына 7.4.2 Есептік қажеттілік: 7.4.2.1 оның ішінде коммуналдық- тұрмыстық қажеттіліктерге: -//- - олардың ішінде қалаларда -//- - ауылдық елді мекендерде -//- 7.5 Газбен жабдықтау: 7.5.1 Отын балансындағы газдың үлес салмағы % 7.5.2 Есептік қажеттілік млн. м3/ жыл 7.5.2.1 оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге -//- 7.6 Байланыс 7.6.1 Халықтың тіркелген байланыспен қамтамасыз етілуі % - олардың ішінде қалаларда -//- - ауылдық елді мекендерде -//- 7.6.3 Интернет пайдаланушылар саны 7.7 Инженерлік инфрақұрылымды дамыту мен жаңғыртудың өзге де көрсеткіштері тиісті бірліктер 8 Табиғатты қорғау және табиғатты тиімді пайдалану 8.1 Қоршаған табиғи ортаның ластану деңгейі жоғары қалалар сан бірлік 8.2 Ластаушы заттардың жалпы шығарындылары нормативтерінің белгіленген мәндерінің көлемі мың. тонн/жыл 8.4 ҚТҚ жалпы көлемінен қалдықтарды қайта өңдеу үлесі % 8.5 Жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағындағы орманмен қоршалған алқаптар алаңы мың га 8.6 Өңірдің жалпы аумағына шаққанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың үлесі % 9 Өртке қарсы қызмет органдарының объектілері (өрт депосы) депо саны, бірлік 10 Гидротехникалық құрылыстар бірлік