Құжат мәтініне өту

О начале разбирательства и введении временных защитных мер на импорт некоторых видов кондитерских изделий

Қаулы · № 1448 · қабылданған 31.12.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-22479/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О начале разбирательства и введении временных защитных мер на импорт некоторых видов кондитерских изделий Күшін жойған Қаулы ·№ 1448 ·31.12.2004
20.02.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О начале разбирательства и введении временных защитных мер на импорт некоторых видов кондитерских изделий

Күшін жойған Қаулы ·№ 1448 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О начале разбирательства и введении временных защитных мер на импорт некоторых видов кондитерских изделий
Атауы (қаз.)
Анықтауды бастау және кейбiр кондитер бұйымдары түрлерiнiң импортына уақытша қорғау шараларын енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1448
Қабылданған күні
31.12.2004
Көрсетілген редакция
20.02.2008 AI22479_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P040001448_
ЭКБ идентификаторы
22479
Редакция идентификаторы
AI22479_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:17

0 Анықтауды бастау және кейбiр кондитер бұйымдары түрлерiнiң импортына уақытша қорғау шараларын енгiзу туралы

"Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес және iшкi рынокта тең бәсекелестiк жағдайлар жасау, экономикалық ахуалды тұрақтандыру және отандық өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарларға қатысты анықтауды бастасын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi анықтау рәсiмi аяқталғанға дейiн заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарлардың импортын лицензиялауды жүзеге асырсын.

3 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарлардың импортына алты ай мерзiмге уақытша қорғау шаралары енгiзiлсiн.

4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi тауарлардың импорты кезiнде кеден бажының қолданыстағы ставкасының үстiнен алынатын уақытша қорғау баждарын осы қаулыға қосымшаға сәйкес мөлшерде депозитке енгiзсiн.

5

5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiн және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiн анықтаудың басталғандығы және Қазақстан Республикасының уақытша қорғау шараларын қолданатындығы туралы xaбардар етсін.

6 6. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

1 Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн, оларға қатысты анықтау рәсiмi басталатын және уақытша қорғау баждары енгiзiлетiн тауарлардың тiзбесi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1448 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн, оларға қатысты анықтау рәсiмi басталатын және уақытша қорғау баждары енгiзiлетiн тауарлардың тiзбесi
___________________________________________________________________
Тауардың атауы | ЕурАзЭҚ | Уақытша қорғау
| СЭҚ TH | бажының ставкасы
| бойынша | (кедендiк құнының
|тауардың коды| %-мен не евро-мен)
___________________________________________________________________
Құрамында какао жоқ, қоспа 1704907100 21, бірақ 1 кг үшiн
салынған немесе салынбаған 0,15 евро-дан кем емес
қайнатылған кәмпиттер
Тоффилер, карамельдер және 1704907500 42, бiрақ 1 кг үшiн
құрамында какао жоқ соған 0,28 евро-дан кем емес
ұқсас тәттiлер
Құрамында алкоголь бар, 180690 32, бiрақ 1 кг үшiн
қоспа салынған немесе 0,21 евро-дан кем емес
салынбаған шоколадты
кәмпиттер
___________________________________________________________________

Қолданыстағы