Құжат мәтініне өту

Об определении Правил поощрения, видов, сроков, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в профилактике правонарушений

Қаулы · № 108 · қабылданған 05.05.2026
Заңдық күші: Күшін жойған · 26.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-225182/on/2026-08-26/
Басып шығарылды 2026-08-26 · adilet.kz
Об определении Правил поощрения, видов, сроков, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в профилактике правонарушений Күшін жойған Қаулы ·№ 108 ·05.05.2026
17.07.2026 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
26.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении Правил поощрения, видов, сроков, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в профилактике правонарушений

Күшін жойған Қаулы ·№ 108 · 26.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении Правил поощрения, видов, сроков, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в профилактике правонарушений
Атауы (қаз.)
Кұқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын, түрлерін, мерзімдерін, сондай-ақ ақшалай сыйақы мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
108
Қабылданған күні
05.05.2026
Қолданысқа енгізілген күні
15.05.2026
Көрсетілген редакция
17.07.2026 225182_834487.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26Z000108A
ЭКБ идентификаторы
225182
Редакция идентификаторы
225182_834487
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
15.08.2026 02:18

0 Кұқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын, түрлерін, мерзімдерін, сондай-ақ ақшалай сыйақы мөлшерін айқындау туралы

📌 Ескерту. Жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 17.07.2026 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3 3. «Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

6 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2026 жылғы «05» мамырдағы
№ 108 қаулысымен бекітілді
Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары

1 1. Осы Қағида Батыс Қазақстан облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.

2 2. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Батыс Қазақстан облысы әкімдігі құрған құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарайды.

3 3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – облыстың ПД) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды тоқсан сайын Комиссияның қарауына енгізеді.

4 4. Хаттама нысанында қабылданатын Комиссия шешімі көтермелеу үшін негіз болып табылады.

5 5. Көтермелеудің нақты түрі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері Комиссия хаттамасында көрсетіледі.

6 6. Комиссия жергілікті атқарушы органдарда қоғамдық көмекші ретінде тіркелмеген азаматтарды, егер олар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге немесе ашуға ықпал еткен болса, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен көтермелеуге құқылы.

7

7. Әкімшілік құқық бұзушылық фактісінің фото - және бейнежазбасы қоса берілген хабарламаны уәкілетті органдарға жіберген азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша бұзушыдан өндіріп алынған айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен көтермеленуі мүмкін. Азамат сыйақы алушы ретінде қайырымдылық ұйымын көрсетуге құқылы.

8 8. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

9 9. Облыстың ПД құқық бұзушылық профилактикасына қосқан үлесі үшін азаматтарға алғыс жариялауды, грамотамен наградтауды, сондай-ақ ақшалай сыйақы төлеуді салтанатты түрде жүзеге асырады.

16 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2026 жылғы «05» мамырдағы
№ 108 қаулысына қосымша
Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері

1 1. Алғыс жариялау.

2 2. Грамотамен наградтау.

3 3. Ақшалай сыйақы төлеу.

4 Ақшалай сыйақы айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде төленеді.

4 4. Білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу.

5 5. Ұйымдарға, кәсіпорындарға көтермелеу туралы ұсынымдарды жолдау.

6 6. Құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдарды мемлекеттік наградамен марапаттау және оларға құрметті атақ беру туралы ұсыныстар енгізу.

Жергілікті атқарушы органдар құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің өзге де шараларын қолдануға құқылы.

Қолданыстағы