Об утверждении структуры специфики экономической классификации расходов бюджета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении структуры специфики экономической классификации расходов бюджета
- Атауы (қаз.)
- Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 168
- Қабылданған күні
- 24.12.2004
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2008 AI22519_16.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040003310_
- ЭКБ идентификаторы
- 22519
- Редакция идентификаторы
- AI22519_16
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:20
0 Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 959 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1 1. Қоса беріліп отырған бюджет шығыстарының экономикалық ерекшелігінің құрылымы бекітілсін.
2 2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және әдіснамалық талдау департаменті (Д.М.Шәженова) Заң басқармасымен (М.Д.Әйтенов) бірлесіп, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
0 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЫНЫПТАМАСЫ ЕРЕКШЕЛІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасы
экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 168 бұйрығымен бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЫНЫПТАМАСЫ ЕРЕКШЕЛІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Сыныпша
Ерекшелігі
Атауы
Анықтама
Шығындардың тізбесі
110
Жалақы
111
Негізгі
жалақы
Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне лауазымдық міндеттемелерін орындағаны
үшін ақшалай
төлемдер.
Бұл ерекшелік
бойынша лауазымдық
жалақыға тұрақты
сипаты бар және
белгіленген қосымша ақылар, үстемеақылар және көтерілімдер көрсетіледі.
Жеке табыс салығын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын және жалақыдан алынатын
өзге де ұстап
қалуларды осы ерекшеліктен
аудару керек.
Депутаттардың, саяси
және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің,
судьялардың, алыс және
таяу шет елдердегі
Қазақстан Республикасының Төтенше және
Өкілетті Елшілерінің,
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі
заңнамада мекемелері қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары, Төтенше
жағдайлар жөніндегі министрлігінің мемле-
кеттік өртке қарсы
қызметі мен прокуратура органдары
қызметкерлерінің:
Лауазымдық жалақы;
Әскери атақтар бойынша
жалақы;
Арнаулы атағы үшін
қосымша ақы;
Сыныптық шен үшін
қосымша ақы;
Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдары, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі қызметкерлеріне қызмет өткерудің ерекше
жағдайлары үшін
үстемеақы;
Экологиялық апат
аймақтарында және көп
жылдық ядролық жарылыстардың салдарынан
зардап шеккен аумақтарда тұрғаны үшін
үстемеақы;
Демалысқа ақы төлеу,
қызметкер жұмыстан
босаған жағдайда не
қызметкердің қалауы
бойынша пайдаланылмаған
демалысы үшін өтемақы;
2000 жылғы 1 қаңтардан бастап және 2002
жылғы 1 қаңтардан
бастап еңбекақы төлеу шарттарының өзгеруіне байланысты мемлекеттік қызметшілерге төленетін жалақыдағы айырма;
"Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі"
Қазақстан Республикасы
кодексінің 131-бабына
сәйкес белгіленген
қосымша ақылар:
қызметтерді қоса
атқарғаны (қызмет
көрсету аймақтарын
кеңейткені) немесе
жұмыста уақытша
болмаған қызметкердің
міндеттерін орындағаны
үшін қосымша ақылар;
Басқа мемлекеттік
мекемелер қызметкерлерінің негізгі
жалақысы:
Лауазымдық жалақылар
(ставкалар); "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес
қызметкерлеріне және
қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне
еңбекақы төлеу жүйесі
туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысымен белгіленген тұрақты сипатқа ие қосымша
ақылар, үстемеақылар
және көтерілімдер;
2000 жылғы 1 қаңтардан
бастап және 2002 жылғы
1 қаңтардан бастап
еңбекақы төлеу
шарттарының өзгеруіне
(оның ішінде аудандық
коэффициенттің, таулы,
шөлді және сусыз жерлерде жұмыс істегені
үшін төленетін коэффициенттердің алынып
тасталуына) байланысты
төленетін жалақыдағы
айырма; демалысқа ақы
төлеу, қызметкер жұмыстан босатылған жағдайда, не қызметкердің
қалауы бойынша пайдаланылмаған демалысы үшін
өтемақы;
112
Қосымша
ақшалай
төлемдер
Мемлекеттік мекеме
басшысының шешімі
бойынша мемлекет.
тік мекемелердің қызметкерлеріне берілетін ынталандыру, көтермелеу сипатындағы, сондай-ақ қосымша жұмыс істегені үшін ақшалай төлемдер.
Саяси және әкімшілік
мемлекеттік қызметшілердің, судьялардың,
алыс және таяу шет
елдердегі Қазақстан
Республикасының
Төтенше және Өкілетті
Елшілерінің, Қазақстан
Республикасы Сыртқы
істер министрлігінің
шет елдердегі мекемелері қызметкерлерінің,
әскери қызметшілердің,
құқық қорғау органдары,
Төтенше жағдайлар
жөніндегі министрлігінің мемлекеттік
өртке қарсы қызметі
мен прокуратура органдары қызметкерлерінің:
Смета бойынша тиісті
органды ұстауға
көзделген қаражатты
үнемдеу есебінен
мемлекеттік органның
басшысының шешімімен
белгіленген лауазымдық
жалақыға үстемеақылар;
Қазақстан Республикасы
Президентінің "Қазақстан Республикасы
Президентінің кейбір
актілеріне өзгерістер
мен толықтырулар
енгізу және Қазақстан
Республикасы Президентінің 1996 жылы 18
маусымдағы N 3038
Жарлығының күші
жойылды деп тану
туралы" 2002 жылғы 21
наурыздағы N 825
Жарлығының 1-тармағы
5-тармақшасының
3-абзацына сәйкес
мемлекеттік органдар-
дың орталық аппараттары әкімшілік
мемлекеттік қызметшілерінің сыйлықақысы;
Смета бойынша тиісті
органды ұстауға
көзделген қаражатты
үнемдеу есебінен
мемлекеттік орган
басшысының, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Палатасы
төрағаларының
шешімімен төленетін
сыйлықақылар;
"Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі"
Қазақстан Республикасы
кодексінің 127, 128
және 129-баптарына
сәйкес мерзімінен тыс
жұмыстарға, түнгі
уақыттағы мереке және
демалыс күндеріндегі
жұмыстарға ақы төлеу.
Басқа мемлекеттік
мекемелер қызметкерлерінің қосымша
ақшалай төлемдері:
Смета бойынша тиісті
органды ұстауға
көзделген қаражатты
үнемдеу есебінен
мемлекеттік мекеме
басшысының шешімімен
қызметкерлердің
лауазымдық жалақы-
ларына ынталандыратын
үстемеақылар,
сыйлықақылар;
"Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының
73-бабына сәйкес
мерзімнен тыс жұмыстарға, мереке және
демалыс күндеріндегі
жұмыстарға ақы төлеу
113
Өтемақы
төлемдері
Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне берілетін өтемдік сипаттағы ақшалай төлемдер
Депутаттардың, саяси
және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің,
судьялардың, алыс және
таяу шет елдердегі
Қазақстан Республикасының Төтенше және
Өкілетті Елшілерінің,
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі
мекемелері қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің, құқық
қорғау органдары,
Төтенше жағдайлар
жөніндегі министрлігінің мемлекеттік өртке
қарсы қызметі мен прокуратура органдары
қызметкерлерінің:
"Арал өңіріндегі
экологиялық қасірет
салдарынан зардап
шеккен азаматтарды
әлеуметтік қорғау
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
13-бабы 1-тармағының
4-тармақшасында көзделген сауықтыруға
арналған материалдық
көмек;
сауықтыру үшін жәрдемақы;
әскери қызметшілерге
(мерзімді әскери қызметтегі қызметшілерден
басқа) және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қызметтік
ауысу кезіндегі көшерақы жәрдемақылары;
әскери қызметшілерге,
оның ішінде мерзімді
әскери қызмет әскери
қызметшілеріне және
құқық қорғау органдары
қызметкерлеріне әскери
немесе арнайы қызметтен босаған кездегі
біржолғы жәрдемақылар;
мемлекеттік қызметшілерге берілетін шығу
жәрдемақысы;
судьялардың қызметтен
кету кезіндегі біржолғы шығу жәрдемақысы;
смета бойынша тиісті
органды ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен мемлекеттік орган басшысының
шешімі бойынша төленетін материалдық
көмек;
аумақтық салық органдарының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне еңбектегі ерекше
жағдайлары үшін
берілетін өтемақы;
мамандандырылған
медициналық-әлеуметтік
сараптама бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне еңбектегі
зиянды және қауіпті
жағдайлар үшін берілетін өтемақы.
Басқа мемлекеттік
мекемелердің қызметкерлерінің өтемақы
төлемдері:
смета бойынша тиісті
органды ұстауға көзделген қаражатты
үнемдеу есебінен
мемлекеттік мекеме
басшысының шешімімен
қызметкерге көрсетілетін материалдық көмек;
"Арал өңіріндегі
экологиялық қасірет
салдарынан зардап
шеккен азаматтарды
әлеуметтік қорғау
туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының
13-бабы 1-тармағының
4-тармақшасында көзделген сауықтыруға
арналған материалдық
көмек;
"Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі"
Қазақстан Республикасы
кодексінің 157-бабына
сәйкес жұмысынан
айрылуына байланысты
өтемақы төлеу.
114
Соттардың, әскери
қызметшілердің,
ішкі істер
органдары,
Қазақстан
Республикасы Қылмыстық атқару жүйесі комитеті,
қаржы полициясы
органдары
және мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің жинақтаушы
зейнетақы
қорларына
міндетті
зейнетақы
жарналары
Бұл ерекшелік бойынша республика
лық және жергілікті бюджеттердің есебінен
ұсталатын, 1998
жылғы 1 қаңтардағы
жағдай бойынша 10
жылдан аз әскери
қызмет, Қазақстан
Республикасының
ішкі істер
органдарындағы
қызмет өтілі бар Қазақстан Республикасының әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, қаржы полициясы органдары және мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерін ақшалай қамту
мөлшерінің 20%-ы мөлшерінде мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы
жарналары көрсетіледі. Жинақтауыш зейнетақы қорына судьяның ай сайынғы кірісінің 10 % мөлшерінде қосымша зейнетақы жарналары.
115
Ала
билердің
жалақысы
Алқа билерінің еңбек ақысы облыстық судьяның және
оған теңестірілген
соттың лауазымдық
жалақысының жартысы мөлшерінде, бірақ алқа биінің
оның негізгі жұмыс
орны бойынша сотқа
қатысқан уақытына
(жұмыс күндерінің
санына) пропорционалды орташа жалақысынан кем емес.
Алқа билерінің жалақысынан ұсталатын дербес кіріс
салығын, жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы төлемін және басқа да ұсталымдарды осы ерекшеліктен аударған
жөн
120
Жұмыс
берушілерлердің
жарналары
121
Әлеуметтік салық
Мемлекеттік мекемелер бюджетке аударатын аударымдар, "Салық
және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер
туралы" Қазақстан
Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасының шегінде уақытша жұмысқа жар.
амсыздығы бойынша,
жүктілігі мен босануы бойынша жәр демақы төлемдері, мерзімінде төленбеген әлеуметтік салық сомасына өсімпұлдар,
айыппұлдар
122
Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік
қорына
әлеуметтік аударымдары
"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына
төлейтін аударымдары
125
Көлік
құралдарының
иелерін
азаматтық құқықтық
жауапкершілікке
міндетті
сақтандыруға арналған
жарналар
Көлік құралдары
иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру
қызметтерін сатып алу
126
Мемлекеттік мекемелердің
қызметкер
лерінің мемлекеттік міндетті жеке сақтандыруға
жарналары
Бұл ерекшелік бойынша қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамалық актiлерiмен белгіленген жағдайларда мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін мемлекеттік міндетті жеке сақтандыру жарналары жөніндегі шығындар
көрсетіледі.
130
Тауарлар сатып алу
131
Азық-түлік өнімдерін сатып алу
Мемлекеттік мекемелердің жеткізушілерге немесе бөлшектеп сатушыларға жеке мұқтаждар үшін сатып алынған тамақ өнімдері үшін ақы төлеуі. Жекелеген мекеме. лердің асханаларда тамақтанғанына
ақы төлеу.
Контингент (оқушылар, мерзімді қызметтің әскери қызметшілері, курсанттар) сапарға шығу
арқылы өткізілетін іс-шараларға
қатысқан кезде оларды тамақтандыруға арналған шығындар 159-ерекшелік бойынша жүзеге
асырылады.
жеке пайдалану үшін
мемлекеттік мекемелердің азық-түлік өнімдерін сатып алуы және
сақтауы;
арнайы тағам;
жануарлардың тағамы;
құтқару және кезек
күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде
кәсіби және ерікті
апаттан құтқару қызметтерінің және құрылымдардың құтқарушылары үшін тағам сатып
алу;
мерзімді әскери қызметшілердің, әскери
оқу орындары, ішкі
істер органдарының оқу
орындары курсанттарының, сотталғандардың,
қылмыс жасағандығына
күдіктілер мен кінәлілердің;
Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгі штаттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 1168 қаулысына сәйкес егер мемлекеттік мекеменің штат санында аспаздар көзделген болса, мектеп асханаларына азық-түлік өнімдерін сатып алу.
Егер штат санында аспаздар көзделмеген болса, онда оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруды басқа заңды тұлға шарт бойынша іске асырады және бұл шығындар 149-ерекшелік бойынша көрсетіледі.
132
Дәрі-дәрмектер және медициналық
мақсаттағы өзге
де құралдарды
сатып алу
Мемлекеттік мекемелердің бір жолғы
және бірнеше рет
пайдаланылатын дәрі-дәрмектер мен
медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алуға арналған
шығындары
дәрі-дәрмектер мен
байлап-таңу құралдарын, медициналық
құрал-саймандарды және
өзгелерді сатып алу;
қан сатып алу;
биопрепараттар сатып
алу;
134
Заттық мүліктерді, нысанды және
арнаулы
киім-кешектер
сатып алу, тігу
және жөндеу
Әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының, қаржы полициясының
қызметкерлері, кәсіпқой апаттан құтқару құралым.
дарының құтқарушылары, мемлекеттік
өртке қарсы қызмет
органдарының қызметшілері, әскери
оқу орындарының курсанттары, әскери мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері үшінмүліктік заттар,
кеден қызметінің,
прокуратура органдарының қызметкерлері, судьялар, сот приставтары,
сот орындаушылары
үшін арнаулы және
нысанды киімкешектер, мемлекеттік орман күзетінің және аң шаруашылығының, өсімдіктер карантині
жөніндегі мемлекеттік фитосани-
тариялық қызмет
пен мемлекеттік
шекарада және
көлікте ветаринарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік
ветеринарлық қызметтің қызметкерлері үшін нысанды
киім және айыру белгілерін сатып
алуға, тігуге және
жөндеуге арналған
шығындар, сондай
-ақ заттай мүлікті, нысанды және
арнаулы киім-кешек
терді сатып алудың
орнына ақшалай өтемақылар
135
Ерекше
жабдықтар
мен материалдар
сатып алу
Әскери мақсаттағы
заттарды, материалдарды, құралдарды сатып алуға,
әскери маңызы бар объектілерді салуға арналған шығын-
дар
139
Өзге де
тауарлар
сатып алу
131-135 ерекшеліктер бойынша көрсетілетін шығындарды қоспағанда, бір
бірлігі үшін құны
40 есе айлық есептік көрсеткіштен
аспайтын тауарларды сатып алуға
арналған шығындар.
Сондай-ақ осы
ерекшелік бойынша
тауарлар арзан
және тез тозатын,
қызмет ету мерзімі
1 жылдан аз, бір бірлігі үшін құны
40 есе айлық есептік көрсеткіштен
асатын тауарлар
көрсетіледі.
140
Қызметтер
мен жұмыстарды
сатып алу
141
Коммуналдық қызметтерге
ақы төлеу
144 және 145-ерекшеліктерде көрсетілетін электр энергиясы мен жылуды қоспағанда, суға, газға және басқа коммуналдық қызметтерге арналған шығындар.
Мемлекеттік мекемелер ғимараттар мен үй-жайларды, мемлекеттік мекеме
болып табылмайтын ұйымдардан (теңгерім ұстаушыдан) жалға алған жағдайда, мемлекеттік мекеме (жалгер)
осы ерекшелік бойынша коммуналдық қызметке ақы төлеуге
арналған қаражатты
теңгерім ұстаушының шотына аударады
Ыстық, суық суға, кәрізге ақы төлеу;
газға ақы төлеу;
қызметтерге уақытылы
ақы төлемегені үшін
өсімпұл.
142
Байланыс
қызметтеріне
ақы төлеу
Байланыстың барлық
түрлерінің қызметтеріне, оның ішінде
байланыс қызметтерін жеткізуші көрсететін байланыс
арналарын орнату (қосу), үзіп тастау
жөніндегі қызметтерге ақы төлеу.
телефондар үшін
абоненттік ақы;
қалааралық сөйлесу;
ұялы байланыс;
почта-телеграф шығындары;
үкіметтік байланыс;
факс;
электронды почта;
арнайы байланыс;
спутникті байланыс;
телетайп;
радио және т.б.
143
Көліктік
қызмет
көрсетулерге ақы
төлеу
Темір жол, теңіз,
жүк, әуе және автомобиль көлігінің
қызметтеріне арналған шығындарды
қоса алғанда, мемлекеттік мекемелерге заңды және
жеке тұлғалар көрсететін көліктік
қызметтерге арналған шығындар. Бұған, сондай-ақ тасымалдау үшін заттарды дайындауға арналған
шығындар кіреді.
көлікті жалдау;
жабдықтарды, материалдарды, арнайы контингентті, әскери техниканы, әскерге шақы-
рылғандарды тасымалдауға ақы төлеу және өзге де тасымалдар;
144
Электр
энергиясы
үшін ақы
төлеу
Пайдаланылған электрэнергиясы үшін төлемақы.
Мемлекеттік мекемелер ғимараттар
мен үй-жайларды,
мемлекеттік мекеме
болып табылмайтын ұйымдардан
(теңгерім ұстаушыдан) жалға алған
жағдайда, мемлекеттік мекеме (жалгер) осы ерекшелік бойынша
электр энергиясына ақы төлеуге арналған қаражатты
теңгерім ұстаушының шотына аударады
тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеу;
қызметтерге уақытылы
ақы төлемегені үшін
өсімпұл;
145
Жылуға
ақы төлеу
Барлық отынның түрлерін сатып алуға,
тасымалдауға, тиеуге, түсіруге және
сақтауға арналған
шығындарды қоса алғанда,пайдаланылған жылу энергиясы
үшін төлемақы.
Мемлекеттік мекемелер ғимараттар мен үй-жайларды,
мемлекеттік мекеме
болып табылмайтын ұйымдардан (теңгерім ұстау-
шыдан) жалға алған
жағдайда, мемлекеттік мекеме (жалгер)
осы ерекшелік бойынша жылуға ақы төлеуге арналған қаражатты теңгерім ұстаушының шотына аударады
барлық отын түрлерін
сатып алуға, тасымалдауға, тиеуге,
түсіруге және сақтауға
арналған шығындарды қоса алғанда, тұтынылған жылу
энергиясы үшін ақы төлеу.
қызметтерге уақытылы ақы төлемегені үшін
өсімпұл;
146
Ғимараттарды,
үй-жайларды
ұстау,
оларға
қызмет
көрсету,
ағымдағы
жөндеу,
жабдықтар
мен
басқа да
негізгі
құралдарды жөндеу
Ғимараттар мен
үй-жайларды ағымдағы жөндеуге,
жабдықтарды,
көлік құралдарын
және басқа да
негізгі құралдарды ағымдағы
және күрделі жөндеуге, сондай-ақ
негізгі құралдарды
ұстау мен қызмет
көрсетуге тікелей
байланысты шығындар.
Ғимараттар мен үйжайларды ағымдағы
жөндеуге арналған
шығындар - объектінің техникалық
жай-күйін сақтау
және ұстап тұру
мақсатында жүйелі
түрде жүргізілетін,
ғимараттар мен
үй-жайларды жөндеуге арналған
шығындар.
Жабдықтарды, көліктік және басқа да
негізгі құралдарды
ағымдағы және күрделі жөндеуге жұмыстардың мынадай
түрлері жатқызылуы
мүмкін:
электр-техникалық
жабдықтардың үздіксіз және апатсыз
жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
сыртқы инженерлік
желілерге қызмет
көрсету;
лифтілердің үздіксіз және апатсыз
жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
ғимарат желдеткішінің енгізу-шығару
жүйесінің үздіксіз
және апатсыз жұмыс
істеуін қамтамасыз
ету;
өрт қауіпсіздігін,
өрт дабылының және
түтін шығарғыштың
үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз
ету;
сондай-ақ жабдықтарды, көліктік
және басқа да негізгі құралдарды
алдын ала қарау
жұмыстарын жүргізу.
Ғимараттарды, үйжайларды, жабдықтарды, көліктік
және басқа да негізгі құралдарды
ұстауға және оларға
қызмет көрсетуге
жұмыстардың мынадай
түрлері жатқызылуы
мүмкін:
ғимараттың ішкі үйжайларын және қасбетін, сондай-ақ
оның маңындағы аумақты таза ұстау;
ғимараттардың маңындағы аумақтарды
абаттандыру мен көгалдандыруды жүргізу және ғимарттардың ішіндегі
жасыл желектерге
күтім жасау;
ғимараттардың ішкі
үй-жайларын және
оның маңындағы
аумақты санитарлық
өңдеу;
олардың маңындағы
аумақтағы қоқыс пен қарды шығару;
ғимараттарды және
оның маңындағы аумақты күзетпен,
дабылмен және күзету жөніндегі басқа
да құралдармен, өрт қауіпсіздігімен
қамтамасыз ету;
ғимараттарды және
оның ішкі үй-жайларын мерекелік күндерге және басқа да іс-шаралар өткізу кезінде безен- діру жөніндегі жұмыстарды орындау.
Үй-жайларды жайластыру үшін қажетті тауарларды сатып алу (бра, шамдар, люстралар, перделер, күнперделер және т.б.) 139-ерекшелік бойынша көрсетіледі.
Негізгі құралдарды
ұстау, жөндеу,
оларға қызмет көрсету өз күшімен немесе басқа ұйым
арқылы жасалғанына
қарамастан, бұл
ерекшелік бойынша
ұстауға, қызмет
көрсетуге және жөндеуге қатысатын штаттан тыс жеке
тұлғалардың еңбегіне ақы төлеуге
(оның ішінде жалақыдан ұстап қалулар
мен есептеулер),
негізгі құралдарға
қызмет көрсетуге
және ұстауға қажетті тауарларды, негізгі құралдарды
жөндеуге пайдаланылатын құрылыс
материалдарын,
олардың жұмыс істеуі үшін қажетті
есептегіш, ұйымдық
және телекоммуникациялық техника-
лар үшін жинақтайтын бұйымдар, жаб-
дықтар, көлік құралдары үшін қосалқы бөлшектер сатып
алуға арналған шығындар және ұстауға, қызмет көрсетуге және жөндеуге
тікелей байланысты
басқа да шығындар.
Көлік құралдарына
жанар-жағармай,
принтерлерге картридждер жабдықтарға және желілер жүргізуге арналған басқа да шығыс және желілік материалдар (кабель, коннекторлар) 139-ерекшелік бойынша көрсетіледі
147
Үй-жайды
жалға алу
төлемдері
Бұл ерекшелік бойынша үй-жайларды
жалға алғаны үшін
төлемақы көрсетіледі. Жалға алынған үй-жайды ұстауға, коммуналдық қызметтерге арналған шығындар, электр энергиясына, жылуға арналған шығындар тиісті ерекшеліктер
бойынша жіктеледі.
148
Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырыс
шеңберінде қызметтерге
ақы төлеу
Әлеуметтік бағдарламалар мен жобалар бойынша
үкіметтік емес ұйымдар
көрсететін мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыс
шеңберіндегі қызметтерге ақы төлеу
149
Өзге де
қызметтер
мен жұмыстар
141-148-ерекшеліктерде көрсетілмейтін қызметтерге,
жұмыстарға ақы төлеу жөніндегі шығындар
шарт бойынша заңды
және жеке тұлғалар
көрсететін қызметтер, жұмыстар, оның
ішінде банк қызметтері;
еңбек шарттары
бойынша штаттан тыс
қызметкердің, оның
ішінде жүргізушілердің еңбегіне ақы
төлеу, сондай-ақ
штаттан тыс жұмыскерлерге, жүргізушілерге төлеуге
есептелетін жалақыдан ұстап қалу,
жеке тұлғалардан
алынатын табыс
салығы, жұмыс берушілердің жарналары;
штаттан тыс жұмысшылар мен жүргізу-
шілердің еңбек шарты бойынша іссапар
шығындарына ақы
төлеу.
150
Басқа да
ағымдағы шығындар
151
Ел ішіндегі іс-сапарлар мен
қызметтік
сапарлар
Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарларға арналған шығындар
Іссапарда болған уақыт
үшін тәуліктік шығыстар;
баратын жерге және
кері жол жүру жөніндегі шығыстар;
тұрғын үй-жайды жалдау
жөніндегі шығыстар;
заңнамада белгіленген
басқа да шығыстар
152
Елден тыс
жерлерге
іссапарлар
мен қызметтік
сапарлар
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге қызметтік іс-сапарларға арналған шығындар
Іссапарда болған уақыт
үшін тәуліктік шығыстар;
баратын жерге және кері
жол жүру жөніндегі шығыстар;
тұрғын үй-жайды жалдау
жөніндегі шығыстар;
заңнамада белгіленген
басқа да шығыстар
153
Жалпыға
бірдей
міндетті
орта білім
қорының
шығындары
Мемлекеттік жалпы
білім беретін мектептердегі аз қамтылған отбасылардан
шыққан аса мұқтаж
оқушыларға қаржылық
және материалдық
көмек көрсетуге
арналған шығындар.
Бұл ерекшелік
бойынша шығындар
бюджетте мемлекеттік жалпы білім
беретін мектептерді ұстауға көзделген шығындардың кемінде бір пайызы мөлшерінде айқындалады.
киімдерді, аяқ киімдерді, оқулықтарды,
оқу құралдарын, мектепжазба керек-жарақтарын
сатып алу;
мектептерде тамақтандыруды қамтамасыз ету;
ақшалай көмек көрсету;
санаторий-курорттық
мекемелерге және демалыс лагерлеріне жолдамалар сатып алу;
оқушылардың мәденибұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуын қаржылық қамтама- сыз ету.
154
Алқабилердің ел
ішіндегі
іссапарлары
Алқа билеріне кандидаттардың (алқа
билерінің) елдің
ішіндегі іссапар
шығыстары республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік
мекемелер қызметкерлер үшін арналып
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерінде өтелсін
Іссапарда болған уақыты үшін тәуліктік төлемақылар;
баратын жеріне және
кері қайтқандағы жол
шығыстары;
тұрғын жай жалдау шығыстары;
заңнамада белгіленген
басқа да шығыстар
155
Орындау
құжаттарының атқарылуы
Бұл ерекшелік
бойынша атқару
құжаттарын орындау
жөніндегі шығындар
көрсетіледі.
Тартылатын заңгерлерге, консультант-
тарға ақы төлеу жөніндегі шығындар
149-ерекшелік бойынша көрсетіледі,
мемлекеттік баж
төлеу 159-ерекшелікте көрсетіледі.
157
Ерекше
шығындар
Құқық қорғау органдарындағы, ұлттық қауіпсіздік,
қорғаныс органдарындағы ерекше шығындар
159
Өзге де
ағымдағы
шығындар
Бұл ерекшелікте
басқа ерекшеліктерге жатқызылмаған ағымдағы шығындар көрсетіледі.
Әскери қызметкер-
лерді, ішкі істер
органдары мен қаржы полициясының
қызметкерлерін
және сотталғандарды жерлеуге
арналған шығындар;
халықты әлеуметтік
қорғау органдарының мектеп-интернаттарының қамқорлығындағыларды
жерлеуге арналған
шығындар;
өкілеттік шығындар;
жеке табыс салығын
уақытылы аудармағаны үшін өсімпұл,
айыппұл;
міндетті зейнетақы
жарналарын уақытылы
төлемегені үшін
өсімпұл;
айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы,
комиссиялық төлем-
дер, кіру жарналары;
қоршаған ортаны
ластағаны үшін
төлем, мемлекеттік
баж, салық және
бюджетке төленетін
басқа да міндетті
төлемдер, олар бойынша өсімпұл және
айыппұлдар
(121-ерекшелік
бойынша төленетін
әлеуметтік салықтан
басқа);
сайлауларды өткізу:
кандидаттардың
мемлекеттік бұқа-
ралық ақпарат
құралдарында
сөйлеуі;
кандидаттардың сайлау алдындағы көп-
шілік іс-шаралар
өткізуі және үгітнасихат материалдарын шығаруы;
кандидаттардың
көліктік шығындары
(көлік жалдау,
жанар-жағармай);
кандидаттардың
жалақысын өтеу.
мәдени, спорттық
және басқа да ісшаралардың жеңім-
паздары мен қатысушыларына әр түрлі
сыйлықтар, жүлделер, естелік сыйлықтар, ақшалай
сыйақылар, қызметкерлерге еңбегі
үшін ақшалай төлемдерді қоспағанда,
жеке тұлғаларға,
оның ішінде мемлекеттік мекеме-
лердің қыметкерлеріне көтермелеу
сипатындағы басқа
да ақшалай төлемдер;
бостандығын шектеу,
қамау немесе бостандығынан айыру
түрінде жазасын
өтеуден босатылатын тұлғалар үшін
тұратын жеріне
дейін жол жүру
билеттерін сатып алу;
автокөлік құралдарын міндетті техникалық тексеру;
мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің іссапар
шығыстарынан басқа,
сапарға шығу арқылы
өткізілетін іс-шараларға байланысты
шығындар (жол жүру,
тұру, тамақтану);
мәслихат депутаттарының негізгі жұмыс
орны бойынша оларға
орташа жалақыларын
өтеу;
басқа ерекшеліктер
бойынша жіктелмейтін басқа да шығыстар;
210
Iшкі
қарыздар
бойынша
сыйақы
(мүдде)
төлемдері
211
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің
ішкі қарыздары
бойынша
сыйақылар-
ды(мүдделерді)
төлеу
Ішкі капитал рыноктарында қарызға алынған қаражатты пайдаланғаны үшін сыйақы (мүдде) төлемдері (мемлекеттік эмиссиялық
бағалы қағаздарды,
екінші деңгейдегі
банктерден алынған
кредиттерді орналастыру нысанында және басқа да нысандарда)
212
Республикалық бюджеттен
жергілікті атқарушы
органдар
алған
қарыздар
бойынша
сыйақылар
(мүдделерді)
төлеу
Жергілікті атқарушы
органдар республикалық бюджеттен алған қарыздар бойынша сыйақы (мүдде) төлемдері
220
Сыртқы
заемдар
бойынша
сыйақылар
(мүдделерді) төлеу
Экономиканың басқа
субъектілерінің резидент еместер алдындағы міндеттемелері бойынша гарант
ретінде мемлекеттік
басқару органдары
жүзеге асыратын
сыйақы (мүдде) төлемдері енгізілмейді. Мұндай төлемдер 510-сыныпша
ерекшеліктері
бойынша көрсетіледі
221
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің
сыртқы қарыздары
бойынша
сыйақы
(мүдде)
төлемдері
Сыртқы капитал
рыноктарында
қарызға алынған
қаражатты пайдаланғаны үшін сыйақы
(мүдде) төлемдері
(мемлекеттік эмиссиялық бағалы
қағаздарды,
халықаралық қаржы
ұйымдарынан, шетел
мемлекеттерінің үкіметтерінен,
шетелдік коммерцияциялық банктер мен
фирмалардан алынған
кредиттерді орналастыру нысанында)
310
Заңды тұлғаларға
ағымдағы
трансферттер
311
Шаруа (фермер) қожалықтарына және заңды тұлғаларға берілетін субсидиялар
Мемлекеттік мекеме
және қоғамдық бірлестік болып табылмайтын заңды тұлғаларға және шаруа (фермер) қожалықтарына берілетін субсидиялар
330
Жеке тұлғаларға ағымдағы трансферттер
332
Жеке тұлғаларға
берілетін
трансферттер
Жеке тұлғалардың
иелігіндегі кірісті ұлғайтуға, не
шығындардың немесе
зияндарының белгілі
бір түрлерін толық
немесе ішінара
өтеуге арналған
ақшалай нысандағы
төлемдер.
Жергілікті өкілетті
органдар жеке тұлға
ның (алушының) жазбаша өтініші бойынша жәрдемақыларды қызметтерді жеткізушілердің шотына аударуды көздейтін аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсету тәртібін белгілеген кезде бұл шығындар осы
ерекшелік бойынша
жүзеге асырылады.
Өтемақылардан алынатын ұстап қалулар
осы ерекшелік
бойынша аударылады.
әлеуметтік төлемдер;
әлеуметтік көмек;
заңнамаға сәйкес
қызметкерлер мен қызметшілерге олардың еңбек міндеттерін атқаруға байланысты мертігуден не денсаулығының
өзге де зақымдалуынан
келген залалдың орнын
толтыру;
жеке тұлғаларға берілетін басқа да трансферттер.
333
Зейнетақылар
Бұл ерекшелік
бойынша зейнетақы
төлемдері көрсетіледі.
334
Стипендиялар
Бұл ерекшелік
бойынша стипендиялар, ішкі істер
органдарының офицер
құрамы қатарынан күндізгі оқу нысаны
бойынша оқып жатқан әскери оқу
орындары, арнаулы оқу орындары
тыңдаушыларының,
адъюнкттердің стипендияларын, ақшалай жабдықталуын
төлеу жөніндегі шығындар көрсетіледі.
Iшкі істер органдарының офицер құрамының және басшы
құрамының қатарынан
күндізгі оқу нысаны
бойынша оқып жатқан
әскери оқу орындары, арнаулы оқу орындары тыңдаушыларының, адъюнкттердің ақшалай
жабдықталуы мөлшерінің 20%-ы мөлшеріндегі міндетті
зейнетақы жарналарын аудару осы ерекшелік бойынша жүргізіледі.
340
Мемлекеттік
басқарудың
басқа деңгейлеріне
берілетін
ағымдағы
трансферттер
341
Субвенциялар
Республикалық
бюджеттен облыстық бюджеттерге,
республикалық
маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне, облыстық бюджеттен
аудандық (қалалық)
бюджеттерге берілетін субвенциялар
342
Бюджеттік
алып қоюлар
Аудандық (қалалық)
бюджеттен облыстық
бюджетке немесе облыстық бюджеттен
және республикалық
маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен республикалық бюджетке
алынатын бюджеттік
алып қоюлар
349
Мемлекеттік
басқарудың
басқа деңгейлеріне
берілетін
өзге де
ағымдағы
трансферттер
Бюджеттердің 341,
342-ерекшеліктер
бойынша жіктелмейтін әр түрлі деңгейлері арасындағы
трансферттер
350
Шетелге
берілетін
ағымдағы
трансферттер
351
Шетелдегі
ұйымдарға
ағымдағы
трансферттер
Республиканың халықаралық ұйымдардағы
мүшелігіне байланысты шығындар
халықаралық ұйымдарды
үлестік ұстау;
мүшелік жарналар;
халықаралық ұйымдарға
кіру жарналары және
көпжақты конвенциялар.
360
Өзге де
ағымдағы
трансферттер
369
Әр түрлі
өзге де
ағымдағы
трансферттер
310-350-сыныпшаларға жатқызылмайтын
трансферттік төлемдер жөніндегі шығындар
410
Негізгі
капиталды
сатып алу
411
Негізгі
құралдарға
жататын
тауарларды
сатып алу
412 "Үй-жайларды,
ғимараттарды және
құрылыстарды сатып
алу "ерекшелігі
бойынша жіктелетін
үйлер мен ғимараттарды және 135-ерекшелік бойынша жіктелетін әскери мақсаттағы жабдықтарды
қоспағанда, бір бірлігі үшін құны 40
есе айлық есептік
көрсеткіштен асып
түсетін тауарларды
сатып алу.
Бір білігі үшін құны 40 есе айлық есептік көрсеткіш- тен аспайтын, бірақ
негізгі құралдарға
жататын тауарлар
сатып алуды 139 "Өзге де тауарлар
сатып алу" ерекше-
лігі бойынша көрсету
қажет
412
Үй-жайлар, ғимараттар
мен құрылыстарды
сатып алу
Үй-жайлар,ғимараттар
және құрылыстар сатып алуға арналған шығындар, сондай-ақ үй-жайлар, ғимарат- тар мен құрылыстар орналасқан жерді сатып алуға арналған
шығындар.
Егер сатып алынған
үй-жайлардың, ғимараттардың және құрылыстардың құнына ғимаратпен бірге сатып
алынған активтердің,
мысалы жабдықтардың
құны қосылса, онда
оларға арналған
шығындар осында
көрсетіледі.
420
Негізгі
капиталды
құру
Бұл сыныпшада құрылыс қызметімен байланысты өндірістік
және өндірістік емес
мақсаттағы негізгі
қорларды жаңа тиісті
объектілерді (ғимараттарды, құрылыстар
мен олардың кешендерін және телеком-
муникацияларын) тұрғызу және (немесе)
өзгерту, онымен байланысты техноло-
гиялық және инженерлік жабдықты
монтаждау (демонтаждау), құрылыс
материалдарын,
бұйымдар мен конструкцияларын жасау, сондай-ақ
қалпына келтіру мен
күрделі жөндеуді
қоспағанда, құрылысы аяқталмаған
объектілердің құрылысын тоқтатып қою
және өз ресурсын
тауысқан объектілерді кейіннен
кәдеге жарату бойынша жұмыстарды
жүргізу арқылы
құру жөніндегі
барлық шығындар
көрініс табады.
Жобаға дейінгі
құжаттаманы (техникалық-экономикалық негіздемені)
әзірлеуге және
сараптауға арналған шығындар
149-ерекшелік бойынша жіктеледі.
421
Ғимараттар
мен құрылыстар салу
Қайта жаңарту мен
күрделі жөндеуден
басқа, ғимараттармен
құрылыстар салуға
арналған шығындар.
Әскери мақсаттағы
үйлер мен ғимараттарды салуға арналған шығындар 135-ерекшелік бойынша
жіктеледі.
422
Жолдар салу
Күрделі жөндеуден
басқа жолдар салуға
арналған шығындар
430
Күрделі
жөндеу
Бұл сыныпшада үйжайлар, ғимараттар,
құрылыстар және
жолдарды күрделі
жөндеуге және қайта
жаңартуға арналған
шығындар көрсетіледі.
Осы шығындар күрделі
жөндеумен және қайта
жаңартумен айналысатын жұмысшылардың
жалақысын (оның
ішінде жалақыдан
ұстап қалу), әлеумет
тік салықты, жинақтаушы зейнетақы қорларына түсетін жарналарды, күрделі жөндеу және қайта жаңарту үшін қажетті
заттар, материалдар мен жабдықтар сатып алуды, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына арналған шығындарды, сондай-ақ
күрделі жөндеу және
қайта жаңарту шаруашылық тәсілмен
немесе келісім-шарт
бойынша жүргізілуіне қарамастан, күрделі жөндеумен және
қайта жаңартумен
тікелей байланысты
басқа да шығындарды
қамтуы мүмкін.
Жабдықтарды, көлік
құралдарын және
басқа да негізгі
құралдарды күрделі
жөндеу 146-ерекшелік бойынша көрсетіледі
431
Үй-жайларды, ғимараттарды,
құрылыстарды күрделі жөндеу
Үй-жайларды,ғимараттарды, құрылыстарды,
сумен жабдықтау
жүйелері мен желілерді, кәрізді,
электрмен жабдық- тауды, жылумен жабдықтауды күрделі жөндеумен және қайта
жаңартумен байланысты шығындар.
432
Жолдарды
күрделі
жөндеу
Әуеайлақтардың жолдарын және ұшу-қону
алаңдарын күрделі
жөндеуге байланысты
шығындар. Ағымдағы
жөндеу, ұстау, көгалдандыру, сондайақ орташа жөндеу
(жарықтарды толтыру,
жолдардың жұқарған
учаскелерін қайтадан
жабу) 149-ерекшелікте басқа қызметтер
ретінде жіктеледі.
450
Жер және
материалдық
емес активтер сатып
алу
451
Жер сатып
алу
Мемлекеттің жердің
кез келген түрін,
ормандарды, ішкі
суларды және пайдалы
қазбалардың кен
орындарын сатып
алуына арналған
шығындар. Егер мемлекет сатып алған
жерде құрылыс тұрса
және ғимараттың құны
жердің құнынан бөлек
бағаланса, құрылысты
сатып алуға арналған
шығындар 412-ерекшелікке жатқызылуы
тиіс. Егер құрылысты
сатып алуға арналған
шығындар жер сатып
алуға арналған
шығындардан бөлінбесе, жер мен
құрылыстың құнын не
осы ерекшелікке, не
болмаса жер мен
құрылыстың неғұрлым
бағалы болып табылуына қарай 412-
ерекшелікке жатқызу
қажет.
452
Материалдық
емес активтер сатып
алу
Жеке объектілер
болып табылмайтын
материалдық емес
активтерді сатып
алу (жер қойнауын
және геологиялық
ақпаратты өңдеу
құқығын сатып алу,
балық аулау кәсіпшілігін жүргізу, сондай-ақ өзге де
концессияларға арналған шығындар,
патенттерді, лицензияларды және авторлық құқықтарды,
сауда белгілерін,
гудвилл және басқа-
ларды пайдалану,
бағдарламалық өнімдерді және ақпараттық жүйелер үшін
оларға лицензиялар
сатып алу және
басқалар).
460
Ел ішіндегі
күрделі
трансферттер
Күрделі трансферттер
дегеніміз басқару
органдарының қаржы-
лық талаптардың
туындауына немесе
өтелуіне әкеп соқ-
тырмайтын қайтарым-
сыз біржақты төлем-
дерін білдіреді.
Мұндай трансферттер
оларды алушылардың
негізгі құралдарды,
және материалдық
емес активтерді,
құрылыс қызметін
сатып алуға арналған
шығындарына, негізгі
құралдардың бұзылуы-
мен немесе бүлінуі-
мен байланысты шыға-
сыларды өтеуге
арналған.
461
Заңды тұлғаларға берілетін күрделі трансферттер
Негізгі құралдар мен
материалдық емес активтерді сатып алу
үшін, сондай-ақ құрылыс қызметін қаржыландыру үшін күрделі трансферттер.
Бұған сонымен қатар
кәсіпорындарға материалдық емес активтерді сатып алуға
берілетін трансферттік төлемдерге ар-
налған шығындар да
кіреді. Алайда құрылыстарды салуға немесе тек әскери мақсаттарда ғана пайдаланылатын негізгі
жабдықтарды сатып
алуға кәсіпорындарға
берілетін трансферттер 311-ерекшелікте
ағымдағы трансферттік төлемдер ретінде
жіктелуі тиіс.
464
Мемлекеттік
басқарудың
басқа деңгейлеріне
күрделі
трансфеттер
Инвестициялық мақсаттарға негізгі
құралдар мен материалдық емес активтер сатып алу үшін
мемлекеттік басқарудың әр түрлі дең-
гейлеріне берілетін
трансферттерге арналған шығындар және
өзге де күрделі
шығындар
470
Шетелге
күрделі
транс-
ферттер
471
Халықаралық
ұйымдарға және шетелдік мемлекеттердің
үкіметтеріне күрделі трансферттер
Халықаралық ұйымдарға және шет мемлекеттердің үкімет
теріне күрделі мақсаттар үшін берілетін трансферттерге
арналған шығындар.
472
Шетелде стипендиаттарға оқу төлеу күрделі трансферттер
Стипендиаттарды шет елдерде оқытуға ақы төлеуге арналған күрделі трансферттерді шет елдерде мамандар даярлаудың халықаралық бағдарламасын іске асыру жөніндегі қызметтерді жеткізушіге аудару
510
Iшкі бюджеттік
кредиттер
Бюджет қаражатын
қайтарымды негізде
ел ішінде бөлу
511
Жергілікті
атқарушы
органдарға
берілетін
бюджеттік
кредиттер
Бюджет қаражатын
қайтарымды негізде
жергілікті атқару
органдарына бөлу
512
Қарыз алушы
банктерге
берілетін
бюджеттік
кредиттер
Бюджет қаражатын
қайтарымды негізде
қарыз алушы банктерге бөлу
514
Жеке тұлғаларға
берілетін
бюджеттік
кредиттер
Бюджет қаражатын
қайтарымды негізде
жеке тұлғаларға бөлу
519
Өзге де
ішкі бюджеттік
кредиттер
Қайтарымды негізде
берілетін, 511-514-
ерекшеліктер бойынша
жіктелмейтін бюджет
қаражаты
520
Сыртқы
бюджеттік
кредиттер
Бюджет қаражатын
қайтарымды негізде
шет мемлекеттерге
бөлу
521
Шетелдік
мемлекеттерге
берілетін
бюджеттік
кредиттер
Шет мемлекеттерге
қайтарымды негізде
берілетін бюджет
қаражаты
610
Қаржы активтерін
сатып алу
Ел ішіндегі заңды
тұлғалардың қатысу
үлестерін, бағалы
қағаздарын мемлекет-
тік меншікке сатып
алу жөніндегі опера-
циялармен байланысты
бюджет шығыстары
611
Заңды тұлғалардың
қатысу үлесін, бағалы
қағаздарын
сатып алу
Заңды тұлғалардың
қатысу үлестерін,
бағалы қағаздарын
сатып алуға арналған, мемлекеттік кәсіпорындардан басқа
заңды тұлғалардың
жарғылық капиталын
қалыптастыруға және
ұлғайтуға арналған
бюджет шығыстары
612
Мемлекеттік
кәсіпорындардың жарғалық капиталын қалыптастыру
және ұлғайту
Мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық
капиталдарын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған
бюджет шығыстары
620
Елден тысқары жерлерден қаржы активтерін сатып
алу
Елден тысқары жерлердегі заңды тұлғалардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын мемлекеттік меншікке
сатып алу жөніндегі
операциялармен
байланысты бюджет
шығыстары
621
Халықаралық
ұйымдардың
акцияларын
сатып алу
Халықаралық ұйымдардың акцияларын сатып
алуға арналған
бюджет шығыстары
710
Ішкі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу
Ішкі қарыздар бойынша негізгі борыш
сомасын өтеу. Ішкі
қарыздар бойынша
сыйақы төлемдері
210-сыныпшада
көрсетіледі.
711
Жоғары тұрған бюджеттік алу алдында негізгі борышты өтеу
Жоғары тұрған бюджеттен алынған қарыздар бойынша негізгі борыш сомасын
өтеу
712
Ішкі рынокта орналастырылған
мемлекеттік
эмиссиялық
бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты өтеу
Ішкі рынокта орналастырылған мемлекеттік эмиссиялық
бағалы қағаздар бойынша негізгі
борыш сомасын өтеу
713
Қарыздың
ішкі келісім-шарттары бойынша
негізгі борышты өтеу
Ішкі қарыз келісім-
шарттары бойынша
негізгі борыш
сомасын өтеу
720
Сыртқы қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу
Сыртқы қарыздар бойынша негізгі борыш
сомасын өтеу. Сыртқы
қарыздар бойынша
сыйақы (мүдде) төлемдері 220-сыныпшада көрсетіледі.
721
Сыртқы рынокта орналастырылған
мемлекеттік
эмиссиялық
бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты өтеу
Сыртқы рынокта орналастырылған мемлекеттік эмиссиялық
бағалы қағаздар
бойынша негізгі
борыш сомасын өтеу
722
Қарыздың
сыртқы келісім-шарттары бойынша негізгі
борышты
өтеу
Сыртқы қарыз
келісім-шарттары
бойынша негізгі
борыш сомасын өтеу