Құжат мәтініне өту

Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к детским играм и игрушкам"

Бұйрық · № 838 · қабылданған 03.12.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-22536/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к детским играм и игрушкам" Күшін жойған Бұйрық ·№ 838 ·03.12.2004
30.07.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к детским играм и игрушкам"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 838 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к детским играм и игрушкам"
Атауы (қаз.)
"Балалар ойынына және ойыншықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
838
Қабылданған күні
03.12.2004
Көрсетілген редакция
30.07.2010 AI22536_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.07.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040003320_
ЭКБ идентификаторы
22536
Редакция идентификаторы
AI22536_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:27

0 "Балалар ойынына және ойыншықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекiту туралы

"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған "Балалар ойынына және ойыншықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Әкiмшiлiк департаментi (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн ресми жариялауға жолдасын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi, Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi A.A.Белоногқа жүктелсiн.

5 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

0 "Балаларға арналған ойындар мен ойыншықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрiнiң
N 838 бұйрығымен 2004 жылы
3 желтоқсанда бекiтiлген
"Балаларға арналған ойындар мен ойыншықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрi - санитарлық ережелер) қызметi балалар ойындары мен ойыншықтарын шығарумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға арналған.

Бұл санитарлық ережелердiң талаптары пиротехникалық ойыншықтарға, пистондарды ұрғыш капсулалар кiретiн (балалар ойыншықтарына арналған пистондардан басқа) фейерверктер, шыршаны безендiретiн, iштен жану қозғалтқышы бар ойыншықтарға, ересектерге арналған сувенирлiк бұйымдарға, басқатырғыштарға, пневматикалық мылтықтарға және тапаншаларға, лақтыратын заттарға, катапульттерге, темiрден жасалған ұшы бар лақтыруға арналған жебелерге, ертоқымы жерден 635 мм биiктiкте болатын велосипедтерге, балаларға арналған бижутерияларға, тоқ көзiнен қуат алатын ойыншықтарға таралмайды.

2 2. Осы санитарлық ережелердiң талаптарын жеке және заңды тұлғаларға жүктеледi.

3 3. Осы санитарлық ережелерде мынандай терминдер мен анықтамалар қолданылды:

1 1) балаларға арналған ойындар мен ойыншықтар - табиғи және полимерлi материалдардан жасалған балалар тауарларының жиынтығы;

2 2) балл - ойыншықтар иiсiнiң деңгейiн көрсететiн өлшем бiрлiгi;

3 3) бөлiну қабiлеттiлiгi - ойыншық дайындайтын шикiзаттың құрамына кiретiн химиялық заттардың ойыншық бетiнен бөлiнуi;

4 4) пайдаланудың модельденген жағдайлары - табиғи жағдайға жақын келетiн, жасанды түрдегi микроклиматтық жағдайлар;

5 5) табиғи материалдар - балалар ойындары мен ойыншықтарын жасауға пайдаланатын өсiмдiктерден, табиғаттан және жануарлардан өндiрiлетiн материалдар;

6 6) сiңiру қабiлетi - балаларға арналған кiтаптардағы баспа бояғыш заттарының көпке шыдау көрсеткiшi;

7 7) синтетикалық (полимерлiк) материалдар - таскөмiр, мұнай және табиғи газдарды өңдеу арқылы синтетикалық жоғарғы молекулярлық қосындылардан алынатын материалдар.

2 2. Материалдарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

4

4. Балалар ойнауға арналған ойындар мен ойыншықтарды дайындау үшiн қолданылатын шикiзаттар мен материалдар және дайын өнiмдер "Ойыншықтар. Қауiпсiздiгiне және бақылау әдiсiне қойылатын жалпы талаптар" атты қолданыстағы стандартқа сай болуы керек. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген материалдар осы санитарлық ережелердiң 1 қосымшасында көрсетiлген. Ойыншықтарды дайындау үшiн қолдануға болмайтын шикiзаттар мен материалдардың тiзiмi, осы санитарлық ережелерге берiлген 2 қосымшада көрсетiлген.

5

5. Ойыншықтарды дайындау үшiн балаларға арналған ойыншықтарды жасап шығаратын (екiншi рет қайта өңделетiн) кәсiпорындардың өндiрiстiк қалдықтарын, материалдарын қолдануға рұқсат етiледi. Басқа да балаларға арналған ойыншықтарды шығаратын арнайы емес кәсiпорындардан түсетiн өндiрiстiк қалдықтарды қолдану үшiн санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болуы керек.

6 6. Егер ойыншықтарды балалардың өздерi жинастыратын болса, онда қолданыстағы стандарттың талаптары ойыншықтың әрбiр бөлiгiне және бүтiндей жинақталған ойыншыққа таралады.

7 7. Ойыншықтарды дайындаған кезде қайта өңдеуге жататын бұйымдарды, ал 3 жасқа дейiнгi бүлдiршiндерге арналған ойыншықтарды дайындаған кезде - табиғи үлбiрдi және былғарыны қолдануға болмайды.

8 8. Балаларға үрлеп ойнауға арналған үрмелi әуендi ойыншықтар және шылдырлауықтар ылғал өткiзбейтiн, сондай-ақ, жуып зарарсыздандыруға болатын материалдардан жасалынуы керек.

3 3. Ойыншықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

9

9. Барлық өндiрiлетiн, басқа жақтан әкелiнетiн және сатылатын балаларға арналған ойындар мен ойыншықтар Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық тұрақтылық саласының өкiлеттi органымен бекiтiлген тәртiп бойынша мiндеттi түрде санитарлық-эпидемиологиялық, оның iшiнде токсикологиялық сараптамадан өткiзiлуi керек.

10 10. Ойыншықтардың барлық түрiнiң иiс деңгейi 2 баллдан аспауы керек.

11 11. Ойыншықтардың көрнекi әшекейленген немесе қорғайтын жабындылары сiлекейдiң, тердiң және ылғалға төзiмдi болуы керек.

12 12. Ойыншықтар шығаратын дыбыстың деңгейi төменде көрсетiлген деңгейден жоғары болмауы керек:

1 1) үй-жайлардың iшiнде ойнауға арналған ойыншықтардың шығаратын дыбыс деңгейi 65 децибеллден (бұдан әрi - дБА), (дыбысы реттелген музыкалды ойыншықтардан, үрмелi және дабылды дауыс шығаратын аспаптардан басқасы);

2 2) ашық ауада ойнауға арналған ойыншықтың дыбыс деңгейi - 75 дБа-дан жоғары болмауы керек;

3 3) ойын сәтi (бiр рет ату) кезiнде шулы дыбыс беретiн ойыншықтың дыбыс деңгейi - 95 дБа-дан жоғары болмауы керек.

13 13. Үстел үстiне қойып ойнауға арналған баспалық ойындарының мәтiнi фонмен контрастылы болып, яғни айқын түстi бояу түрiмен жазылуы керек. Ондағы көрсетiлген сандар мен әрiптер қара түске боялып немесе қара бедерлi болуы керек.

Фонның оңтайлы түстерi болып: көгiлдiр, жасыл, сарғыш-жасыл, сары, қызыл сары түрлерi саналады. Үстел үстiне қойып ойнауға арналған баспалық ойындарындағы қағаздар мен картондарға жағылатын бояу қолға, жиhазға жағылмайтындай болуы керек.

14 14. Үстел үстiне қойып ойнайтын баспалық мәтiндегi ойындарындағы әрiптерiнiң биiктiгi - 10 жасқа дейiнгi балалар үшiн 2,3 миллиметрден (бұдан әрi - мм), 10 және одан жоғары жастағы балалар үшiн 1,75 мм-ден кем болмауы керек.

15 15. 3 жасқа дейiнгi бүлдiршiндерге арналған ойыншықтар мен олардың алынып-салынатын бөлшектерi 31,7 мм (+-0,1) өлшемiн анықтайтын цилиндрге толық кiрмеуi керек. Ойыншықтардың алынбайтын бөлшектерi қатты бекiтiлiп ұштары үшкiр болмауы керек.

16 16. Балалардың аузымен жанасатын ойыншықтарды (ысқырғыш, сырнай және де басқа өнiмдер) кезектесе 10 паскаль (бұдан әрi - кПа) қысыммен сорып, үрлегенде ауыз жағында саңылауда бөлiнетiн заттар болмауы керек.

17

17. Бесiкке, бүлдiршiндердiң төсегiне немесе арбаға iлiп қоюға арналған ойыншықтардың бауының ұзындығы 300 мм-ден, ал iлмегiнің периметрiнiң ұзындығы - 350 мм-ден аспауы керек. Ойыншықтардың созылмалы бауларын 25 ньютон (бұдан әрi - Н) күшiмен тартқан жағдайда оның ұзындығы 750 мм-ден аспай, тартылған баудың ұзындығы жай бау ұзындығының 40%-нан аспауы керек.

18

18. Өздерiмен бiрге тартып ойнауға арналған ойыншықтардың бауларында саусақ сусымайтын түйiндер немесе сусымалы түйiндерден тұратын iлмектер болмауы керек. 3 жасқа дейiнгi бүлдiршiндерге арналған ойыншықтардың бауларының диаметрi 2 мм-ден кем болмай, ойыншықтың ұстайтын жерi шар тәрiздi домалақ болуы керек.

19 19. Балалар сыйып кететiн және есiгi бар ойыншықтар (ойыншық палаткалар, вигвам және т.б.) сырты кем дегенде 50H күш арқылы ашылып, есiгi жабық болған жағдайда желдеткiшпен қамтамасыз етiлуi керек. Түймелердi, сыдырмаларды немесе басқадай бiр түймелеулердi қолдануға болмайды.

20 20. Шылдырлауықтар соққыға төзiмдi болып, ал сұйықтықпен толтырылған ойыншықтар - тығыз жабылуы керек.

21 21. Ойыншықтардың қорғағыш-көрнекi әшекейлi жабындылары сiлекейге, терге төзiмдi болып, ылғал ciңiрмеулерi керек. Шылдырлауықтардың бетiн бояп және жазу жазуға болмайды.

22

22. Балалардың аузымен жанасатын полимерлi және басқа да синтетикалық материалдардан; қағаз бен картоннан; матадан; ағаш пен былғары түс ciңірiлген; металдардан жасалған ойыншықтардан; резеңкелерден, сондай-ақ, құрастыратын материалдардан (пластилин, балшық, гельдерден), бояулардан, лактан, жылтырауық жасауға арналған ұнтақтардан, қарындаштағы графиттен, қаламдағы сиялардан бөлiнетiн (денсаулыққа) зиянды заттар, тағам өнiмдерi және олардың орталарымен тығыз байланыста болатын материалдар мен бұйымдарға арналған бөлiнудiң шектелген мөлшерi осы санитарлық ереженiң 3 қосымшасында көрсетiлген деңгейден аспауы керек.

23 23. Балаларға арналған ойындар мен ойыншықтарды шығаратын кәсiпорын өнiмдерiнiң балалар денсаулығына ешқандай қауiп тудырмайтыны жайлы кепiл берiп, өнiмдердiң санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы және сапалық сертификаты болуы керек.

24 24. Ойыншықтар жасап шығаратын өндiрiстiк үй-жайлардың құрылымы және санитарлық жағдайы қолданыстағы СанЕжН-гe сай болуы керек.

25 25. Ойыншықтардың тұтыну орамасында немесе жапсырмасында қандай жастағы балаларға арналғаны төмендегiдей үлгiде көрсетiлуi керек:

1 1) бiр жасқа дейiнгiлерге (жас сәбилер);

2 2) бiр жастан 3 жасқа дейiнгiлерге (бөбектер);

3 3) 3 жастан 6 жасқа дейiнгiлерге (мектеп жасына дейiнгi балалар);

4 4) 6 жастан 10 жасқа дейiнгiлерге (бастауыш сыныптағылар);

5 5) 10 жастан 14 жасқа дейiнгiлерге (орта сынып жасындағылар).

26 26. Ойыншықтарды жасап шығару және сату iсiмен тiкелей байланысты қызметкерлер жұмысқа алынар алдында және белгiленген тәртiп бойынша кезеңдi медициналық тексерiстен өтулерi керек.

27 27. Сатушы және сатып алушыға балалардың аузымен жанасатын ойыншықтарды көрсету кезiнде, ойыншықты ауыздарына салуға болмайды. Сатушыда мiндеттi түрде көрсететiн үлгi болуы керек.

28 28. Балаларға арналған ойыншықтардың қауіпсiздiгiн қадағалау - осы санитарлық ережелердiң 4 -қосымшасында көрсетiлгендей, осындай тексерулердi орындауға құқықты деген лицензиясы бар санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары немесе зертханалар арқылы жүргiзiлуi керек.

29

29. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы (тексерудi) жүргiзу үшiн: өнiмге деген нормативтiк-техникалық құжаттама, ойыншықтардың үлгiсi (кем дегенде 3 данасы) және қолданылатын материалдардың рецептурасы болуы керек. Керек болған жағдайда жасап шығаратын кәсiпорын технологиялық үдерiстiң сипаттамасын көрсетуi керек. Құжаттардың үлгiсi мен көшiрмесi қайтарып берiлмейдi. Ойыншықтарды тексеру тәртiбi 1 қосымшада, ойыншықтардағы ауыр металдардың рұқсат етiлген нормалары осы санитарлық ережелердiң 2 қосымшасында көрсетiлген.

30 30. Осы санитарлық ережелерге сай келмейтiн ойыншықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдар жиынтығы бойынша, оларды жасап шығаруға және сатуға қатаң түрде тыйым салынады (жұмыстары тоқтатылады).

1 Ойыншықтарды жасап шығаруға рұқсат етiлген және тыйым салынған шикiзаттар мен материалдардың тiзбесi

"Балаларға арналған ойындар
мен ойыншықтарға қойылатын
санитарлық-гигиеналық
талаптар" туралы санитарлық-
эпидемиологиялық ережелер
мен нормаларға 1-қосымша
Ойыншықтарды жасап шығаруға рұқсат етiлген және тыйым салынған шикiзаттар мен материалдардың тiзбесi
Ши­кi­заттар және ма­те­ри­ал­дар­дың ата­у­ла­ры
НҚ
1. ПCК-111, ПCM-115, ПСМ-118,
ПCM-151 бел­гiсiн­де­гi по­ли­сти­рол
ТЖ 6-05-1871-79
2. ПСС-500 бел­гiсiн­де­гi по­ли­сти­рол
ТЖ 6-05-190-1-81
3. Тө­мен­гi қы­сым­ды: 272-74, 276-73,
277-73, 72 бел­гiсiн­де­гi по­ли­эти­лен
(та­ғам өнiм­дерiнiң бар­лық түрiне
қол­да­ны­лу­ға ар­нал­ған)
ТЖ 6-05-1870-84
4. 11104-030, 11306-075 бел­гiсiн­де­гi
со­ви­лен (ви­нил­аце­та­ты бар по­ли­мер­лес
пи­лен)
ТЖ 6-05-1636-78
5. УП-457 бел­гiсiн­де­гi по­ли­сти­рол
Юго­сла­вия
6. УП-"Нор­со­лор" по­ли­сти­ро­лы
Фран­ция
7. "POLYREX" бел­гi­сін­де­гi по­ли­сти­рол
"СН/МЕ JNDLISTR
JAZ СО"
8. По­ли­сти­рол
"DОW", Швей­ца­рия
9. По­ли­сти­рол
"До­ку", Юго­сла­вия
10. "Scopyrol PS-C5 16" бел­гiсiн­де­гi
по­ли­сти­рол
Гер­ма­ния
11. "Лит­вин" фир­ма­сы­ның ак­ра­вак­сы
Фран­ция
12. АБС-МО602Л пла­сти­гi
ТЖ 6-05-2022-86
13. "Gedex" бел­гiсiн­де­гi по­ли­сти­рол
Фран­ция
14. Ви­ни­ли­стен жа­сал­ған бы­л­ға­ры
ТЖ 17-21-475-83
15. Соқ­қы­ға тө­зім­ді УПC-0508 Л по­ли­сти­ро­лы
ОСТ 6-05-406-80
16. УПС-225 Д по­ли­сти­ро­лы
ТЖ 6-05-1901-81
17. 368 Р бел­гi­сін­де­гi по­ли­мер­лес Лу­ран
"БАСФ", Гер­ма­ния
18. 790, 867 E бел­гiсiн­де­гi по­ли­мер­лес
Тай­лир
"Дау Ке­ми­кл", АҚШ
19. 747C (қы­зыл тү­стi) тип­тi АВС
пла­сти­гi, "маг­нум" 2020 бел­гiсiн­де­гi
сұр, ақ, пiл сүй­е­гi, "стай­лак"-қы­зыл
са­ры 6575561
"DОW", Швей­ца­рия
20. 2%-ды СЗЛ пе­но­кон бел­гiсiн­де­гi
кө­пiр­шiк ту­ды­ра­тын по­ли­сти­рол
ТЖ 6-05-22 1-240-25
21. ПВХ - "Ско­ви­нил" PVC-684 бел­гiсiн­де­гi
пла­сти­золь
Гер­ма­ния (VЕВ
ком­би­на­ты,
Хи­ми-вер­ке. Ви­та)
22. "Син­те­рал" бел­гiсiн­де­гi АБС пла­сти­гi
Ита­лия
23. "EDJSTJR" по­ли­сти­ро­лы
Е.Е.С Montepozimeri
gruppo montedi SОLL
24. "Со­де­тег" фир­ма­сы­ның тех­но­ло­гия
бой­ын­ша 071, 201 бел­гiсiн­де­гi
по­ли­вил­хло­рид (ба­ла­лар­дың кон­сервi
та­ғам­да­ры­ның шы­ны бан­кiсiне
ар­нал­ған қақ­пақ­тар)
Фран­ция
25. Да­крил 2М
МЕМСТ 6-01-38-81
26. 15203-020 бел­гiсiн­де­гi ВД по­ли­эти­ленi
МЕМСТ 16337-77
27. 277-73 бел­гiсiн­де­гi НД по­ли­эти­ленi
ТЖ 6-05-1570-84
28. 270, 271, 272, 273, 275, 276, 277,
279, 222, 224 бел­гiсiн­де­гi по­ли­мер­леу
бой­ын­ша га­зо­фаз­ды әдiсiнiң тө­мен­гi
ДВП по­ли­эти­ленi (та­ғам өнер­к­әс­iбiн­де
қол­да­ну­ға рұқ­сат етiл­ген по­ли­о­ле­фин
құ­ра­мын­да­ғы ан­ти­ок­си­дант­тар­мен
тұ­рақ­тан­ды­ры­л­ған)
ТЖ 6-05-1870-84
29. УПС-080 1 бел­гiсiн­де­гi по­ли­сти­рол
МЕМСТ 6-05-4406-20
30. Соқ­қы­ға тө­зiм­дi: SB-E, SB-NE
бел­гiлерiн­де­гi және жал­пы­лай қол­да­ну­ға
ар­нал­ған РS-S бел­гiсiн­де­гi по­ли­сти­рол
"Stumer Oy" Жа­по­ния
31. 2710 бел­гiсiн­де­гi соқ­қы­ға тө­зiм­дi
по­ли­сти­рол
"БАСФ", Гер­ма­ния
32. "Мо­слен" бел­гiсiн­де­гi по­ли­сти­рол
Че­хо­сло­ва­кия
33. Мөл­дiр және ақ тү­стi "Мо­стен", қы­зыл
тү­стi "Мо­стен" бел­гiсiн­детi по­ли­про­пи­лен
Че­хо­сло­ва­кия
34. Жа­сыл, қы­зыл және са­ры тү­стi
"Моп­лен" бел­гiсiн­де­гi по­ли­про­пи­лен
Ита­лия
35. "Ка­сти­лен M240" бел­гiсiн­де­гi
по­ли­про­пи­лен
Ита­лия
36. Тө­мен қы­сым­ды "Пе­ке­ма" бел­гiсiн­де­гi
по­ли­эти­лен
Фин­лян­дия
37. ДМД8-5 140 бел­гiсiн­де­гi тө­мен қы­сым­ды
по­ли­эти­лен
38. "Хо­сти­лен" РР УР 1080 бел­гiсiн­де­гi
по­ли­про­пи­лен
"XexcT" Гер­ма­ния
39. По­ли­ви­нил­хло­рид­тi үл­дiр
"Ка­не­ка Beлд-жим".
Бель­гия
40. По­ли­ви­нил­хло­рид­тi үл­дiр
"Джон Вэд­динг тон",
Ан­глия
41 ЕР-Х бел­гiсiн­де­гi пе­но­по­ли­сти­рол
"Cumep Oy" Фин­лян­дия
42. 466-Z бел­гiсiн­де­гi соқ­қы­ға тө­зiм­дi
по­ли­сти­рол
"БАСФ". Гер­ма­ния
43. Қап­тал­ған алю­ми­ний фоль­га
(фоль­га-по­ли­эти­лен)
"Ло­исT ПасT",
Ан­глия: "Ри­бер и
сын", Швей­ца­рия
44. "Ком­би­терм-РА", "Ком­би­терм HXX"
және "Ва­ло­пласт" үл­дiрi
"Валь­сро­де" Гер­ма­ния
45. 281-73, 281-75, 187-75, 291-73
(ТУ 6-05-05-285-86) бел­гiсiн­де­гi
HД по­ли­эти­ленi
ТЖ 6-05-1899-90
46. Д-23кс бел­гiсiн­де­гi ПВХ пла­сти­ка­ны
47. Meтал­ло­пласт­қа ар­нал­ған уыт­сыз
по­ли­ви­нил­хло­рид­тi үл­дiр (ме­тал­дан
жа­сал­ған ой­ын­шық­тар­дың бетiн қап­та­у­ға
ар­нал­ған)
ТЖ 6-01-998-75
48. Соқ­қы­ға тө­зiм­дi УПМ 0503Л, УПМ 0508.
0503, УПС 0803 по­ли­сти­рол
МЕМСТ 6-05-406-80
49. Кө­лем­дi ой­ын­шық­тар­ға ар­нал­ған
(соқ­қы­ға тө­зiм­дi сти­рол, ме­тил­ме­та­кри­лат
және по­ли­бу­та­ди­ен­дi көк са­ғыз по­ли­мер­лес)
МСП пла­стик
TЖ 6-05-626-76
50. С бел­гiсiн­де­гi сти­рол, ак­ри­ло­нит­ры
және ме­тил­ме­та­кри­лат по­ли­мер­лес
МЕМСТ 12271-76
51. АБС-М пла­сти­гi (ере­сек ба­ла­лар­ға
ар­нал­ған ой­ын­шық­тар­ды жа­сап шы­ға­ру
кезiн­де)
ТЖ 6-05-1587-74
52.  17703-010 бел­гiсiн­де­гi,
10803-020, 10313-11513-070, 15712.20
бел­гiлерiн­де­гi ВД по­ли­эти­лен
МЕМСТ 16337.77
53. 20908-040 бел­гiсiн­де­гi (01,04,17,21
ре­цеп­ту­ра­ла­рын­да­ғы) 20508-007
бел­гiсiн­де­гi (01,04,17,21)
МЕМСТ 16338-77
54. Ф-1 Фтор­ло­ны
ТЖ 6-05-559-74
55. N 107 10706-075 бел­гiсiн­де­гi
ви­нил­аце­та­ты бар по­ли­мер­лес эти­лен
ТЖ 6-05-1636-73
56. "Styroa" бел­гi­сін­де­гi по­ли­сти­рол
Швей­ца­рия
57. "Аст­ро­лон" бел­гiсiн­де­гi ви­ни­про­за
Гер­ма­ния
58. "Gedex" бел­гiсiн­де­гi по­ли­сти­рол
Фран­ция
59. "у" бел­гiсiн­де­гi (7Д. эти­ленi
негiзiн­де жа­сал­ған MEMCT-16337-77),
10803-020, 15303-003 бел­гiлерiн­де­гi
ыстық­ты түсiретiн по­ли­эти­лен­дi үл­дір
ТЖ 6-05-051-79-74
60. ВУ, У-1, У-2 бел­гiсiн­де­гi по­ли­ви-
нил­хло­рид­тi "По­ви­ден" қап­та­ма­лы үл­дiр
ТЖ 6-01-1036-76
61. П-73­ЭМ. П-73­ЭM1, ЭП-73 ре­цеп-
ту­ра­сын­да­ғы "По­ли­ви­нил­хло­рид" үл­дір
ТЖ 6-01-1009-75
62. По­ли­эти­лен­по­ли­амид үл­дiрi (ПЭ-ПА)
ТЖ 6-05-051-121-77
63. Бiр жақ бетi (нит­ро­лак­пен) бо­я­л­ған
це­ло­фан фоль­гa-по­ли­эти­лен (Ц-Ф-ПЭ)
ТЖ 6-17-051-289-80
64. "Дау Ке­ми­кал" фир­ма­сы­ның 455
бел­гiсiн­де­гi по­ли­сти­рол
Юго­сла­вия
65. "Фи­на" фир­ма­сы­ның 82 E по­ли­сти­ро­лы
Фин­лян­дия
66. Ре­цеп­ту­ра­ның пиг­мент­терi мен бо­я­ғыш
заттар­дың жо­ғар­ғы қа­нық­па­ла­ры: 001, 002,
108, 138, 129, 307, 308, 410, 407, 474,
504, 505, 506, 508, 510, 512, 524, 557,
601, 701, 705, 706, 709, 714, 715, 716,
801, 803, 805, 806, 899, 900, 902, П-202,
П-404, П-502, П-503, П-507, П-704, П-804
ТЖ 6-05-1980-84
67. Қо­ңыр эмаль (ЭСП-210 фрит­та
негiзiн­де жа­сал­ған)
МЕМСТ 24405-80
68. RR-2 белi­гiсiн­де­гi фин­дiк пиг­мент­тi
ти­тан­ның қос то­тығы
69. Кем де­ген­де 5% бо­ла­тын СКП-118,
119, 805, 710, СКП-105, 501, 503,
CКП-716, 717 бел­гiлерiн­де­гi (мас­са­да­ғы
НД және ВД по­ли­эти­ленiн бо­яу үшiн)
пиг­мент­тер­дiң жо­ғар­ғы қа­нық­па­ла­ры
ТЖ 6-05-223-86,
ТЖ 6-05-149-81,
ТЖ 6-05-05-292-87
70. 501 ре­цеп­ту­ра­сын­да­ғы пиг­мент­тер­дiң
жо­ғар­ғы қа­нық­па­сы (кө­гiл­дiр фта­ло­ци­а­нин­дi
0,7%-ды пиг­мент, ти­тан­ның қос то­тығы -
38,9%, ПСС-500 бел­гiсiн­де­гi по­ли­сти­рол
- 24%, ГЭК (ал­кан-120) - 36,4%
(по­ли­сти­рол­ды бо­я­у­ға ар­нал­ған)
71. Ақ СКП 001, қы­зыл СКП 102 және 100,
СКП 802 сұр, СКП қа­ра (по­ли­про­пи­лен­дер­дi
бо­я­у­ға ар­нал­ған) пиг­мент­тер­дiң жо­ғар­ғы
қа­нық­па­сы
72. Жо­ғар­ғы қа­нық­па­лы пиг­мент­тер
құ­ра­мын­да­ғы (по­ли­сти­рол­ды пла­стиктер­дi
бо­я­у­ға ар­нал­ған) шай­ыр­шық­тың гли­це­рин­дi
эфи­рi (ал­кал-120)
73. Пиг­мент­тер­дiң жо­ға­ры қа­нық­па­ла­ры:
СКП 001. СКП 103. СКП 802. СКП 901.
СКП 102. СКП 503. СКП 204.
ТЖ 6-05-149-81
74. Пиг­мент­тер­дiң жо­ға­ры қа­нық­па­ла­ры -
мо­ле­ку­ла­сы тө­мен по­ли­эти­лен­дi ба­ла­у­ыз
бен пиг­мент­тер­дiң қо­спа­сы 1:1 еселi­гiн­де
рұқ­сат етiлетiн
75. МЧ-52 лак
ТЖ 6-10-767-80
76. Ти­тан­ның қос то­тығы
МЕМСТ 98-8-80
77. Те­мiр то­тық­ты қы­зыл пиг­мент
TЖ 6-10-602-77
78. Са­ры крон
МЕМСТ 478-80
79. СК ла­ғыл ла­гы
МЕМСТ 7436-74
80. НЦ 218, НЦ 224 нит­ро­ла­гы
MEMCT 4776-76
81. Нит­ро­э­маль­дар
MEMCT 5406-73
82. 646 ерiт­кi­шi
МЕМСТ 18168-72
83. Май ерi­тетiн са­ры Ж, май ерi­тетiн
қы­зыл Ж, Ии 218 нит­ро­ла­гы бо­я­ғы­штар­дың
негiзiн­де­гi бо­я­у­лар
ТЖ 6-14-ДХ-75,
ТЖ 6-14-716-76,
МЕМСТ 4976-76
84. "Ви­ни­лин" бел­гiсiн­де­гi бо­я­у­лар
"Са­до­лин" Фин­лян­дия
85. ТПХВ бо­я­у­ла­ры
TЖ 29-02-888-79
86. По­ли­ви­нил­хло­рид­ті ПBX-716 ұн­тақ­ты
бо­я­уы
ТЖ 6-10-1706
87. МЛ 242 эмалi
MEMCТ 10982-75
88. ФЛ-559 (3-30-59) ла­гы
МЕМСТ 4147-80
89. ЭП-527Х ла­гы
ТЖ 6-10-12.16.82.
90. Қал­быр­да­ғы ЭП-547 ла­гы
ТЖ 6-10-1395-73
91. ЭП 547 М ла­гы
ТЖ 6-10-12-38-78
92. ЭП-547/ЭП-51 95/ФЛ/-559;
ЭП-547/ЭП-51 47 ал/ ФЛ-559;
ЭП-51-47 ал/ФЛ-559
ТЖ 6-10-1395-73.
ТЖ 6-10-11-351-6-80.
МЕМСТ 14147-80,
ТЖ 6-10-1498-75
93. ЭП-5147 ал эмалi; ЭП-547. ЭП-547M;
ФЛ-559; ЭП-527Х лак­та­ры (эмаль мен
лак­тар­дың үй­лесi­мiн бiр неме­се екi қа­бат)
ТЖ 6-10-1498-75,
ТЖ 6-10-1395-73,
ТЖ 6-10-12-38-78
МЕМСТ 14147-80,
ТЖ 6-10-11-335-6-79
94. ЭСП-117 (СТ-17) си­ли­кат­ты эмаль
МЕМСТ 24405-80
95. Шы­ны тәрiздi БС-20 са­ры және жа­сыл
эмалi
96. 25,54, Э-1; 2ОН, 92Т, 105T, 301-3,
25-32, 25-32Л бел­гiсiн­де­гi шы­ны эмаль­да­ры
ТЖ 26-01-149-78
ТЖ 26-01-461-72
97. ЭСГ-21 (СГ-21Л), ЭСП 117 (CT-17),
CГ-21 бел­гi­де­гi эмаль­дар
MEMCT 2440580
98. Т-174 және У-21 бел­гiсiн­де­гi
эмаль­дар
99. В-ЭП-2100 эмалi
TЖ 6-10-1502-79
100. ЖБ қы­зыл ла­гы (ДКМ-0,5 мг/л)
МЕМСТ 8573-77
101. 2020-33 се­ри­я­сы­ның те­мiр­ден жа­сал­ған
ой­ын­шық­тар­ды бо­я­у­ға ар­нал­ған бо­я­уы
ТУ 29-02-872-79
102. 12000-12000-331, 12000-531.
12000-01 (қа­ңы­л­тыр­дың бетiне ба­су
үшiн) се­ри­я­сын­да­ғы оф­сет­тi бо­я­у­лар
ТЖ 29.02.851-78
103. Май ері­тетiн ин­ду­лин (пласт­мас­са­ны
бо­я­у­ға ар­нал­ған) (ДКМ-1,2 мг/л)
МЕМСТ 4770-77
104. Ди­бу­тил­се­ба­ци­нат, бу­тил­сте­а­рат,
диок­тил­фта­лат, мы­ры­штың сте­а­ра­ты,
сте­а­рин қыш­қы­лы, каль­ци­дiң сте­а­ра­ты
МЕМСТ 8728-77
МЕМСТ 9419-78
ТЖ 6-14-722-76
105. Жо­ға­ры дә­ре­же­де та­за­лан­ған
ми­не­рал­ды май­лар (ВММ) және наф­тал­ды
ком­прес­сор­лы (HКM-40)
106. Уви­текс ОБ ағарт­қы­шы (0,1 %
ас­пай­тын мөл­шер­де пла­ста­мас­са­лар­дың
ком­по­зи­ци­я­ла­ры­на ен­гiзiледi)
107. Син­та­мид-5 (пласт­мас­са­лар­ға
ан­ти­ста­ти­ка­лық қо­с­па ретiн­де)
ТЖ 6-02-640-76
108. ФАУ-13 ста­би­ли­за­то­ры (AБC-
пла­стиктерiн және по­ли­эти­лен­дi
өн­дiр­ген­де қол­да­ны­ла­ды)
ТЖ6-14-22-129-75
109. Ста­би­ли­за­тор 4-ме­тил-2,6-дит­рет­тi
бу­тил­фе­нол (2,6-лық па­ра­кре­вил,
бу­тил­ден­ген гид­ро­ок­си­то­лу­ол, ионол,
ал­ки­фен БП, апи­дол-1)
110. Ста­фор-10 (по­ли­мер­лi ма­те­ри­ал­дар
ста­би­ли­за­то­ры)
111. 52-469, 52-470, 6а-1, 6а-2, 52-446
(СКН-26 бу­та­ди­ен­нит­рил­ды син­те­ти­ка­лық
көк­са­ғыз негiзiн­де) бел­гі­сін­де­гі ре­зең­ке
112. 52-563 бел­гiсiн­де­гi ре­зең­ке
113. 5C-2 (СКЭП эти­лен­про­пи­лен­дi
син­те­ти­ка­лық көк­са­ғыз негiзiн­де)
бел­гiсiн­де­гi ре­зең­ке
114. П-4, Т-193, 1840, 1843 бел­гiсiн­де­гi
ре­зең­ке
115. T-199, 1743, 6306-VII бел­гi­сін­де­гi
ре­зең­ке
116. 52-107, 52-111, 52-07а, КП-339 (ТК
та­би­ғи көк­са­ғыз негiзiн­де­гi), СЛД-ЛП
(бен­зин­нiң 25%-ды ерiтiн­дiсiн­де)
бел­гiсiн­де­гi ре­зең­ке
117. 52-530 (СКП-26М. МЕМСТ 7738-79
бу­та­ди­ен­нит­рил­ды син­те­ти­ка­лық көк­са­ғыз
негiзiн­де) бел­гiсiн­де­гi ре­зең­ке
118. ИРП-1338 (СКТВ си­лок­сан­ды
син­те­ти­ка­лық көк­са­ғыз негiзiн­де)
бел­гiсiн­де­гi ре­зең­ке
119. ИГП-1338 және ИP-1344 (СКТВ
си­лок­сан­ды син­те­ти­ка­лық көк­са­ғыз негi-
зiн­де) бел­гiсiн­де­гi ре­зең­ке қо­с­па­ла­ры
120. Б-22 (TК та­би­ғи көк­са­ғыз және нат-
рий-бу­та­ди­ен­дi CКB син­те­ти­ка­лық көк­са­ғы­зы
негiзiн­де­гi) бел­гiсiн­де­гi ре­зең­ке
121. ГTЦ-7 (бу­та­ди­ен­дi СКД син­те­ти­ка­лық
көк­са­ғы­зы негiзiн­де­гi) бел­гiсiн­де­гi
ре­зең­ке
122. С-482 (си­лок­сан­ды СКТВ син­те­ти­ка­лық
көк­са­ғы­зы негiзiн­де­гi) бел­гiсiн­де­гi
ре­зең­ке
123. Та­би­ғи ла­текстi қо­с­па ("Ре­вуль­текс",
ан­ти­ок­си­дант Н-Г-22-46, ұй­ы­та­тын ка­зе­ин
ам­мо­нидiң су то­тығы, су)
124. ММ-2 бел­гiсiн­де­гi бор
МЕМСТ 21-10-74
125. МТД-1 бо­ры
ТЖ 21 РСФ­СР 763-79
126. БС-30 бел­гiсiн­де­гi ақ күйе
МЕМСТ 18307-78
127. А бел­гiсiн­де­гi тальк., 1 сұ­рып­та­ғы
ре­цепт
128. Ко­ре­я­лық тальк
129. ГТМ-4011, ПМО-95Н бел­гiсiн­де­гi
тех­ни­ка­лық кө­мiр­те­гi
ТЖ 38-1528-77
ТУ 38-11535-77
130. ДГ-100, ПМ-75 бел­гiсiн­де­гi
тех­ни­ка­лық кө­мiр­те­гi (күйе)
МЕМСТ 7885-77
131. ПМ 0-101H бел­гiсiн­де­гi тех­ни­ка­лық
кө­мiр­те­гi
ТЖ 38-11-555-76
132. Этил­ци­мат­тың вул­кан­да­уын
жыл­дам­дат­қыш
133. Үшiн­шi құ­ра­мы ретiн­де СКЭПТ-Э
бел­гiсiн­де­гi этил­ди­е­но­бор­мен бар эти­лен-
про­пи­лен­дi үштiк син­те­ти­ка­лық көк­са­ғыз
ТЖ 38-103252-79
134. СКЭПТ-Э бел­гiсiн­де­гi эти­лен-
про­пи­лен­дi син­те­ти­ка­лық көк­са­ғыз
135. СКЭП бел­гiсiн­де­гi эти­лен­про­пи­лен­дi
син­те­ти­ка­лық көк­са­ғыз
ТЖ 38-103252-79
136. ПС-04 ре­зең­кесi: СКЭП-40, 50-100,0;
күкiрт-0,3; пе­рок­си­мон p-40 - 6,0; бен­зой
қыш­қы­лы - 2,0; үш­кө­мiр­тек П-702 - 50,0;
үш кө­мiр­тек П-324-50.0; И-8А ин­ду­стри­ал­ды
майы; 15,0; тө­мен мо­ле­ку­ляр­лы по­ли­эти­лен
- 10,0
137. СКИ-ЗЗАМ 11 син­те­ти­ка­лық көк­са­ғы­зы
138. 52-446с бел­гiсiн­де­гi ре­зең­ке
(CКH-26CМ-100,0 көк­са­ғы­зы; күкiрт-1,5;
Р-экс­т­ра Н вул­ка­ци­тi - 0,9; мы­рыш
ақ­сыр­ла­ры - 5,0; сте­а­рин қыш­қы­лы-0,2;
үш­кө­мiр­тек ІІ-701-40,0; үш­кө­мiр­тек
К-354-10,0; ДОФ-25; фри­гит -10,0)
139. СКИ-5 изо­прен­дi көк­са­ғыз
140. ПС-23: CКН-40М-100.0 бел­гiсiн­де­гi
ре­зең­ке суль­фе­на­мидi Ц-0,1: күкiрт-2,5;
мы­рыш ақ­сыр­ла­ры-3,0; сте­а­рин-2,0; ка­о­лин
-30,0; бен­зой қыш­қы­лы-1,0; үш­кө­мiр­тек
К-354-60,0; үш­кө­мір­тек П-702-60,0;
тө­мен мо­ле­ку­ляр­лы по­ли­эти­лен -10,0
141. 374 бел­гiсiн­де­гi ре­зең­ке СКД-ЛБС
-100,0 көк­са­ғы­зы; күкiрт -2,5;
күй­дiрiл­ген маг­не­зия- 7,0; сте­а­рин
қыш­қы­лы - 2,0; үш­кө­мiр­тек ПМ-75
(ПМ-40Н)-70,0; бор - 80,0; ва­зе­лин
майы -20,0
142. CКД-Л250 по­ли­бу­та­ди­ен­дi көк­са­ғы­зы
(УПM, УПС, АБС, МСП- по­ли­сти­ро­лы,
пла­стиктер­дiң ұру­ға тө­зiм­дi сұ­рып­та­рын
син­тез­де­у­ге ар­нал­ған)
ТУ 38.4037-87
143. 5П-815: CКИ-3 100,0 ре­зең­ке
суль­фе­на­мид Ц-1,0; тех­ни­ка­лық күкiрт -
2,5; бор-20,0; мы­рыш ақ­сыр­ла­ры - 5,0;
сте­а­рин қыш­қы­лы - 2,0; И-8А ин­ду­стри­ал­ды
майы -5,0 үш­кө­мiр­тек ГД-100 - 10,0
144. CФ-10-21 ре­зең­ке СКН-18M көк­са­ғы­зы -
100,0; пе­рок­си­мон Г-40, мы­рыш ақ­сыр­ла­ры -
5,0; сте­а­рин қыш­қы­лы - 0,2; БС -50
күй­есi- 50,0; аце­то­амид Р-1,0,
ди­ок­си­наф­та­лат - 10,0; оли­го­эфи­ра­кри­лат
МГФ-9- 10,0
145. СФ-10-21 ре­зең­ке СКЭПТ-40 көк­са­ғы­зы -
100,0 үш­кө­мiр­тек П-514 - 90,0; пе­рок­си­мон
E-40-5,5; мы­рыш ақ­сыр­ла­ры -3,0; И-8А
ва­зе­лин майы - 19,0; ИЭГ-115-2,5;
ко­лак­сол - 6,0
146. Ре­зең­ке 374: СКД-ЛБС көк­са­ғы­зы
-100,0; күкiрт -2,5; маг­не­зия- 7,0;
сте­а­рин қыш­қы­лы - 1,0; үш­кө­мiр­тек­тi
ПМ-75H - 70,0; бор - 10,0; ва­зе­лин майы
- 20,0
147. Ашық тү­стi гей­лан­дит то­лық­тыр­ғы­шы

2 Балаларға арналған ойындар мен ойыншықтарды жасап шығаруға тыйым салынған шикiзаттар мен материалдар

"Балаларға арналған ойындар
мен ойыншықтарға қойылатын
санитарлық-гигиеналық
талаптар" туралы санитарлық-
эпидемиологиялық ережелер
мен нормаларға 2-қосымша
Балаларға арналған ойындар мен ойыншықтарды жасап шығаруға тыйым салынған шикiзаттар мен материалдар
Ши­кi заттар мен
ма­те­ри­ал­дар­дың ата­уы
Тый­ым са­лу­дың се­беп­терi
1. 10-09-СФ ре­зең­кесi
Рұқ­сат етiл­ген кө­ле­мi­нен жо­ға­ры
ди­фе­ни­л­гу­а­ни­дин­нiң жа­на­сқан
ор­та­ға кө­шуi
2. 52-782 ре­зең­ке­сі
Жа­на­са­тын мо­дель­дi ор­та­ның және
рұқ­сат етiл­ген дең­гей­iне жо­ға­ры
ти­урам, кап­такс, цинк ионы­ның
бо­луы түй­сiк­тiк көр­сет­кi­ш­тер
тұр­ғы­сы­нан қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз
3. 52-782-1 ре­зең­кесi
Жа­на­са­тын мо­дель­дi ор­та­ның және
рұқ­сат етiл­ген дең­гей­i­нен жо­ға­ры
ти­урам, кап­такс, мы­рыш ион­да­ры­ның
бо­луы түй­сiк­тiк көр­сет­кi­ш­тер
тұр­ғы­сы­нан қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз
4. М2Т, МЕМСТ 6-17-72
бел­гiсiн­де­гi мыс түтiк
Мыстың тот­та­нуы және ауыр ме­талл
тұз­да­ры­ның жа­на­сқан ор­та­ға кө­шуi
5. Ре­зең­ке өн­дiрiсiн­де­гi
атак­ти­ка­лы по­ли­про­пи­лен
Уыт­ты­лы­ғы
6. 81-22 бел­гiсiн­де­гi
ре­зең­ке
Рұқ­сат етiл­ген дең­гей­ден ти­урам
және ци­мат­тың көп бөлi­нуi
7. Ыдыс-аяқ, ша­ру­а­шы­лық
бұй­ым­да­рын жа­са­у­ға
ар­нал­ған мы­ры­штал­ған бо­лат
8. МЕМСТ 6-14-40-82, "В"
қы­зыл-қо­ңыр пиг­мен­тi
Пиг­мент­тiң кан­це­ро­ген­дi қа­си­етi
және оның бо­я­л­ған жер­ден бөлi­нуi
9. "2М" қай­та­лан­ған да­кри­лi
Ме­тал­дар ион­да­ры­ның бө­лі­нуі
10. 20908-040, MEMCT
16337-77 бел­гiсiн­де­гi
тө­мен қы­сым­да­ғы по­ли­эти­лен
Мы­рыш және қор­ға­сын­ның бөлi­нуi
11. 10803-070, 11503-070
бел­гiсiн­де­гi жо­ғар­ғы
қы­сым­да­ғы по­ли­эти­лен
Мы­рыш және қор­ға­сын­ның бөлi­нуi
12. ЭЖК және ЭЖР бел­гi­ле-
рiн­де­гi элек­тро­лит­тiк
бал­қы­ту ар­қы­лы жа­са­ла­тын
ақ қа­ңы­л­тыр
Мо­дель­дiк ерiтiн­дiлер­дiң сырт­қы
түр­лерiнiң үл­гiлер­мен жа­на­сқан
кез­де­гi өзгерiсi және олар­дан
хром мен кү­ш­ән­нiң бөлi­нуi
13. ХЖК хром­дал­ған қа­ңы­л­тыр
14. ФДБ бо­я­у­ла­ры­нан бо­ла­тын
тат­тан­бай­тын бо­я­у­лар
(Гер­ма­ни­яда шы­ға­ры­л­ған)
Мы­рыш хро­ма­ты­ның уы­ты жиын­тығ­ы­ның
бо­луы
15. ПОС-2 дәне­кер­ле­гi­шi
Қор­ға­сын­ның көп мөл­шерiнiң
мо­дель­дiк ор­та­ға бөлiнiлуi
16. ЛС59-1 бел­гiсiн­де­гi жез
Қор­ға­сын­ның мо­дель­дiк ор­та­ға
бөлi­нуi (сүт қыш­қы­лы­ның әл­сiз
ерiтiн­дiсi)
17. "Мо­стен" 52.512 және
55.222 по­ли­про­пи­ле­ні
Түй­сiк­тiк көр­сет­кi­ш­тер­дiң өзге­руi
18. ЛЦ-400 бел­гiсiн­де­гi жез
Mo­дель­дiк ор­та­ға мыс және мы­ры­штың
бөлi­нуi, түй­сiк­тiк қа­си­етiнiң
өзге­руi
19. Фта­ла­ци­а­нин­дi жа­сыл пиг­мент
Кан­це­ро­ген­дi әсерi
20. СКП 301, 401, 412
пиг­мент­терiнiң жо­ғар­ғы
қа­нық­па­сы
Құ­ра­мы­на кiретiн пиг­мент­тер­дiң
кан­це­ро­ген­дi әсерi
21. Ал­қы­зыл, бор­до, қы­зыл,
4ЖВ, қы­зыл-қо­ңыр тү­стi
пиг­мент­тер
Бе­кі­тудiң на­шар бо­луы және
ор­та­ға бөлi­нуi
22. Сұр, кө­гiл­дiр және
ақ­шыл cұp тү­стi АС-1171
"Г" бел­гiсiн­де­гi
ак­риль­дi-си­ли­кон­ды эмаль
ДКМ-нен жо­ға­ры мөл­шер­де берiл­ген
ди­фе­нил­про­пан және бу­та­мол­дың
бөлi­нуi

3 Ауыр металл тұздарының мөлшерлi нормалары

"Балаларға арналған ойындар
мен ойыншықтарға қойылатын
санитарлық-гигиеналық
талаптар" туралы санитарлық-
эпидемиологиялық ережелер
мен нормаларға 3-қосымша
Ауыр металл тұздарының мөлшерлi нормалары
Ма­те­ри­ал­дар­дың
ата­уы
1г ма­те­ри­ал­дан бөлi­нетiн
эле­мент­тiң eң көп са­ны мг.
сур-
ьма
кү-
шән
ба-
рий
кад-
мий
xpoм
қор-
ға-
сын
сы-
нап
се-
лен
Са­у­сақ­тың кө­ме­гi­мен
түр бе­ру үшiн iсте-
лi­нетiн мас­са­лар мен
жа­ғы­ла­тын бо­я­у­лар­дан
бас­қа ма­те­ри­ал­дар
60
25
500
75
60
90
60
500
Са­у­сақ­тың кө­ме­гi­мен
түр бе­ру үшiн iсте-
летiн мас­са­лар мен
бо­я­у­лар
62
15
250
50
25
90
25
500

4 Ойыншықтардың қауіпсiздiгiн зертханалық жолмен бақылау тәртiбi

"Балаларға арналған ойындар
мен ойыншықтарға қойылатын
санитарлық-гигиеналық
талаптар" туралы санитарлық-
эпидемиологиялық ережелер
мен нормаларға 4-қосымша
Ойыншықтардың қауіпсiздiгiн зертханалық жолмен бақылау тәртiбi

1 1. Ойыншықтарды зертханалық жолмен бақылау өндiрiсте және оларды сатуға өткiзiп жатқан жерде өткiзiлiп, оларға түйсiктiк және санитарлық-химиялық тексерулер жүргiзiлуi керек.

2 2. Түйсiк сезiмдерi арқылы жүргiзiлетiн тексерулер:

1 1) пластикадан жасалған ойыншықтар температурасы 37 о C болатын (механикалық өңдеусiз, сабын немесе синтетикалық жуғыш заттарды қолданбай) сумен жуылғаннан соң, оларды дистильденген сумен шайып, бөлме температурасында кептiредi;

2 Иiстiң қарқындылығын анықтау

2) ойыншықтардың үлгiсiне түйсiк сезiмдерi арқылы жүргiзiлетiн тексеру кезiнде ойыншықтардың мынандай сипаттары: сыртқы түр пiшiнi, үстiңгi жағының сипаты (құрғақ, жабысқақ, тегiс), ақауларының және иiсiнiң барлығы анықталады.
Ойыншықтардың иiсiн (немесе сорылған иiсiн) анықтау бөлме температурасында мамандар тобы (3-5 адам) арқылы жүргiзiледi. Иiстiң түрi оларды сипаттау арқылы анықталады (бөтен, жағымсыз иiс; арнайы хош иiстi, иiсi анықталмаған). Иiстiң қарқындылығы төменде көрсетiлген шкалаға сай балл есебiмен берiледi.
Иiстiң қарқындылығын анықтау
Иiстiң қар­қын­ды­лы­ғы
(балл есебi­мен)
иiс түрiнiң си­патта­ма­сы
0
иiсi жоқ
1
иiсi өте әл­сiз - сәл ға­на се­зiледi
2
иiсi әл­сiз
3
анық иiс, жа­ғым­сыз иiс
4
өте қат­ты жа­ғым­сыз иiс

3 3. Санитарлық-химиялық тексерулер:

1 1) полимерлi материалдардан жасалған ойыншықтар үлгiсiне санитариялық-химиялық тексеру жүргiзген жағдайда олардың салмағынан және қолдану кезiнде органикалық химиялық ұшқыш заттар ауа мен сулы ортада анықталынады.

2 2) сынамаларды дайындау және полимерлi материалдардан жасалған ойыншықтар үлгiсiнiң құрамындағы ауыр металдарды (сүрме, күшән, барий, кадмий, хром, қорғасын, сынап, селен) анықтау "Ойыншықтар. Қауiпсiздiктiң жалпы талаптары және бақылау әдiсi" туралы қолданыстағы стандартқа сай жүргiзiледi.

3

3) ауа ортасы жағдайында ойыншықтардан бөлiнiп шығатын химиялық ұшқыш заттарды анықтау ауаның алмасуы кезiнде - 1сағ/көлемде және камерадағы ауаны сорғанда 1 шаршы метр кубқа (бұдан әрi - м 3 ) 100 грамм (бұдан әрi - г) ойыншықтың қатысы арқылы 20 о C және 37 о C температурада жүргiзiледi. Тексерiлетiн ойыншықтардың үлгiсiн шыны камераға салып, белгiленген тәртiп бойынша бекiтiлген әдiс арқылы ұшқыш заттардың бөлiнiп шығуы динамикалық тепе-теңдiкте болғанға дейiн жоғарыда көрсетiлген жағдайда кондиционерлеу керек.
Анықталған заттардың қанықпа мөлшерiн атмосфералық ауа үшiн рұқсат етiлген шегiмен салыстыру керек.

4

4. Ойыншықтардан бөлiнiп шығатын химиялық заттарды сулы ортада анықтау ойыншықтар ауданының су бетi ауданына 1 шаршы сантиметр (бұдан әрi - см 2 ): 2см 2 қатысы арқылы және 3 сағат (бұдан әрi - сағат) бойы экспозиция жасап бөлме температурасында жүргiзу керек. Анықталған заттардың қанықпа мөлшерiн полимерлi және басқа да материалдардан бөлiнiп шығатын, тағам өнiмдерiмен жанасатын химиялық заттардың бөлiну қабiлеттілігiнiң рұқсат етiлген мөлшерiнiң (бұдан әрi - PEM) санитарлық нормаларымен салыстыру керек.

5

5. Ойыншықтарды сiлекейдiң, тердiң және ылғалдың әсерiнен сақтайтын қорғауыш-көрнекi әшекейлi жабындылардың тұрақтылығын анықтау ойыншықтарды 3 минөт iшiнде механикалық өңдеусiз, бейтарап сабынмен 37 о С температурадағы ыстық сумен жуу арқылы жүргiзу керек. мұндай жағдайда ойыншықтардың сыртқы түрi өзгермеуi керек.

6 6. Ойыншық жабындыларының сiлекейге және терге деген тұрақтылығы анықтау жұмсақ ойыншықтардан басқа барлық ойыншықтарға жүргiзiледi.

7

7. Ойыншық жабындыларының сiлекейге және терге деген төзiмдiлiгiн тексеру үшiн термостат, эксикатор (19 cм, 25 cм), сапалы тексерiс жүргiзуге арналған, opтaңғы тығыздықтағы сүзгіш қағаз, түссiз, өзi жабысатын, енi 12 мм жабысқақ лента, мынадай реактивтер: сiлекейге ұқсайтын N 1 сынау ерiтiндiсi - ол натрий бикарбонатынан (4,2 гр), натрий хлоридiнен (0,5 гp), калий карбонатынан (0,2 гр), дистильденген судан (1000,0 мл) және N 2 сынау ерiтiндiсiнен (терге ұқсайтын) натрий хлоридiнен (4,5 гp), калий хлоридiнен (0,3 гp), натрий сульфатынан (0,3 гр), аммоний хлоридынан (0,4 гp), сүт қышқылынан (80% - 3,0 гр), несепнәрден (0,2 гр), дистильденген судан (1000,0 мл) болуы қажет.

8 8. Сынақты жүргiзу:

1 1) сүзетiн қағаздан енi 15 мм және ұзындығы 80 мм болатын жолақ кеседi. Содан соң осы жолақтың бiр бөлiгiне N 1 сыналатын ерiтiндiнi, ал екiншi бөлiгiне N 2 сыналатын ерiтiндiнi сiңiредi;

2

2) ерiтiндi сiңiрiлген сүзетiн жолақтарды сыналатын үлгiнiң не жанына қою керек, не бiр-бiрiнен 10 мм ара қашықтықта болулары керек, не болмаса жолақтың бiрiншi бөлiгiн бiр сынамаға, келесi бiр бөлiгi - басқа сынамаға салу керек. Үлгi және ерiтiндi сiңiрiлген сүзгiш жолақ бiр-бiрiмен тығыз байланысу үшiн үлгiдегi жолақтар жабысқақ лентамен қатты бекiтiлуi керек. Ол үшiн жабысқақ лента сүзгiш жолақтың барлық ұзындығына ғана жетпей, сонымен қатар жолақтың екi жағынан да кем дегенде 10 мм ұзындықта асып тұруы керек;

3

3) Егер де сыналатын үлгiлер үлкен болған жағдайда, мұндай тексерулердi берiлген үлгiлерден кесiп алынған кесiндiлерге де жүргiзуге болады. Ал егер де бұйымдар өте кiшкентай (түрлi пiшiндi шылдырлауықтар, моншақтар) болған жағдайда, оларды сыналатын ерiтiндi сiңiрiлген (бөлек бөлек N1 және N2) сүзгiш қағазбен орау керек;

4 4) дайын болған сынамаларды су үстiнде (бөлме температурасындағы) эксикаторға салып, содан соң - 2 сағатқа 37 о С+2 о С температурадағы термостатқа салу керек.

9

9. 2 сағат өткеннен соң, сыналынған үлгiлер эксикатордан алынады да, сүзгiш жолақтар үлгiлерден кезегiмен айырылып, олардың боялу түстерi тексерiледi. Егер сүзгiш жолақтар боялмаса, онда қорытынды мынандай болып жазылады: "бояу сiлекейге төзiмдi" немесе "бояу түсі терге төзiмдi" немесе "бояу түсi сiлекей және терге төзiмдi".

10 10. Бiр ғана терiс көрсеткiш алынған жағдайдың өзiнде, тексерiлетiн үлгiге келiсiм бермей, оларды сатуға рұқсат бермеу керек.

Қолданыстағы