Об утверждении Правил установления ограничений и запретов на пользование объектами животного мира, их частей и дериватов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил установления ограничений и запретов на пользование объектами животного мира, их частей и дериватов
- Атауы (қаз.)
- Жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 05.01.2005
- Көрсетілген редакция
- 04.09.2015 AI22546_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050000002_
- ЭКБ идентификаторы
- 22546
- Редакция идентификаторы
- AI22546_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:17
0 Жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидаларын бекіту туралы
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
0 Жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 5 қаңтардағы
N 2 қаулысымен
бекiтiлген
Жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидалары «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу (бұдан әрі – шектеулер мен тыйым салулар) тәртібін айқындайды.
2 2. Шектеулер мен тыйым салулар жануарлар дүниесінің объектілерін сақтау және өсімін молайту мақсатында белгіленеді.
3 3. Шектеулер мен тыйым салулар жануарлар дүниесінің объектілерін сақтау мақсатында олардың мекендеу ортасы ареалдарының (таралу облыстарының) географиялық, климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып белгіленеді.
4 4. Шектеулер мен тыйым салулар:
1 1) аумақ бойынша: Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, өңiраралық, бассейндік деңгейде, жекелеген аумақтық әкiмшiлiк бiрлiктердiң немесе олардың бір бөлiктерiнің шекараларында, сондай-ақ жекелеген аңшылық алқаптарда, су айдындарда және (немесе) учаскелерде;
2 2) мерзiм бойынша: тұрақты (қолданылу мерзiмдерi көрсетiлмей) не белгiлi бiр мерзiмдерге;
3 3) жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын аулаудың әдiстерiн, тәсiлдерiн және құралдарын қолдану бойынша;
4 4) жануарлардың жекелеген түрлерiн немесе топтарын, олардың белгiлi бiр популяциясын алу нормаларын шектеу мен өзгерту қажеттiгi туындағанда жануарлардың түрлерi бойынша не жынысы немесе жасы бойынша;
5 2. Шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу тәртібі
5) жануарлар дүниесiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдаланушылар санын шектеу бойынша белгіленеді.
2. Шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу тәртібі
5
5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) тиісті бюджеттік бағдарламалар шеңберінде әзірленген биологиялық негіздеменің түрінде немесе құрамында мамандандырылған ғылыми ұйымдар жануарлардың белгілі бір түрлеріне арналған шектеулер мен тыйым салулар бойынша берген ұсыныстардың түсуіне қарай шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу, сондай-ақ оларды түзетудің орындылығын қарайды.
5-1 5-1. Уәкілетті орган жануарлар дүниесінің объектілерін сақтауға, сондай-ақ олардың мекендеу әрі көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған шектеулер мен тыйым салулар бойынша ұсынымдарды ескереді.
6 6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен биологиялық негіздемелерге мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізеді.
7
7. Шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу, сондай-ақ оларды түзету орынды болған жағдайларда, уәкілетті орган биологиялық негіздемелерге және мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижелеріне сәйкес жануарлардың тиісті түрлеріне шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірлейді.