Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил регистрации, учета и мониторинга бюджетных кредитов

Бұйрық · № 437 · қабылданған 11.12.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-22571/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил регистрации, учета и мониторинга бюджетных кредитов Күшін жойған Бұйрық ·№ 437 ·11.12.2004
26.01.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил регистрации, учета и мониторинга бюджетных кредитов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 437 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил регистрации, учета и мониторинга бюджетных кредитов
Атауы (қаз.)
Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
437
Қабылданған күні
11.12.2004
Көрсетілген редакция
26.01.2009 AI22571_4.kaz
Соңғы өзгеріс
26.01.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040003349_
ЭКБ идентификаторы
22571
Редакция идентификаторы
AI22571_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:24

0 Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 190-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қабылдасын;

2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күндік мерзімде осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануы жөнінде шаралар қабылдасын.

3 3. Осы бұйрық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2004 жылғы 11 желтоқсандағы
N 437 бұйрығымен бекітілді
Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесі

1 1. Жалпы ереже

1

1. Осы Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесі (бұдан әрі - Ереже) бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі, бюджет кредиттерін пайдалану, өтеу және қызмет көрсету, бюджет кредиттерін пайдаланудың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау тәртібін белгілейді.

2 2. Бюджет кредиттерін тіркеу

2 2. Бюджет кредиттерін тіркеуді:

1 1) кредит шартына тіркеу нөмірін беру және тіркеу кітабына жазу арқылы республикалық бюджет ақшасының есебінен бюджеттік кредиттер бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган;

2 2) кредит шартына тіркеу нөмірін беру және тіркеу кітабына жазу арқылы жергілікті бюджет ақшасының есебінен бюджеттік кредиттер бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

3 3. N 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу кітабы нөмірленген, бауланған және мынадай:

1 1) республикалық бюджет ақшасының есебінен бюджеттік кредиттер бойынша - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының;

2 2) жергілікті бюджет ақшасының есебінен бюджеттік кредиттер бойынша - бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган басшысының мөрімен және қолымен куәландырылған болуы тиіс.

4 4. Бюджет кредиттерін қайта құрылымдау немесе кредит шарттарына өзгерістер енгізу кезінде бюджет кредиттерін тіркеу осы Ереженің 2-тармағында көзделген тәртіппен кредит шартына жасалған қосымша келісімдердің негізінде тіркеу кітабына тиісті жазбаларды ескере отырып жүзеге асырылады.

3 3. Бюджет кредиттерін есепке алу

5

5. Бюджеттен берілген кредиттерді есепке алу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен республикалық бюджеттен қаражат алушының арасында, жергілікті атқарушы органдар мен тиісті жергілікті бюджет қаражатын алушының арасында кредит шарты талаптарының сақталуын бақылау мақсатында тіркелген кредит шартының негізінде жүргізіледі.

6 6. Бюджеттен берілген кредиттерді есепке алу N 2 қосымшаға сәйкес қарыз алушылар мен сенімгердің (агенттердің) бөлінісінде кредит шартының негізгі есептік сипаттамалары деректерінің тізілімін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

7 7. Кредит көлемдерін есепке алу төлем құжаттарының негізінде жүргізіледі.

8 8. Республикалық бюджеттен берілген бюджет кредиттері жасалған кредит шарттарының, республикалық бюджеттен қаражат алушылардың бюджет кредиттерін игеру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі есептілігінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның есепке алуына жатады.

Жергілікті бюджеттерден берілген бюджет кредиттері жасалған кредит шарттарының, тиісті жергілікті бюджеттерден қаражат алушылардың бюджет кредиттерін игеру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі есептілігінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның есепке алуына жатады.

4 4. Бюджет кредиттерінің мониторингі

9 9. Бюджет кредиттерінің мониторингін жүргізу мыналарды:

1

1) осы Ереженің N 2 қосымшасына сәйкес бюджет кредиттерін пайдалану, өтеу және қызмет көрсету барысы туралы кредиттерді, банк-қарыз алушыларды, түпкілікті қарыз алушыларды, сенімгер (агенттер) және қаржылық агенттіктерді меңгеру жөнінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері беретін ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды;

2 2) бюджет кредиттерінің уақытылы өтелуін және оған қызмет көрсетуді, сондай-ақ мерзімі өткен берешекке өсімді есептеуді және ақы төлеуді бақылауды;

3 3) бюджет кредиттері бойынша мерзімі ұзартылған берешекті қадағалауды және есепке алуды;

4 4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген шетел валютасына теңгенің ресми бағамын есепке алуды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыртқы қарыздарын қайта кредиттеу кезінде қарыз алудың құбылмалы мөлшерлемесін өзгертуді есепке алуды;

5 5) бюджет кредиттерін басқарудың мақсаттары үшін талдамалы, жоспарлы және болжамды есеп айырысуларын орындауды;

6 6) есепті деректер мен есептілікті талдау және салыстыру арқылы бюджет кредиттерін пайдаланудың тиімділігін бағалауды жүзеге асыруды қамтиды.

10

10. Бюджет кредиттері мониторингінің нәтижелері бюджет кредиттерін алу, қызмет көрсету мен өтеу және қағаз тасушыдағы да және ақпаратты жинаудың, өңдеудің және сақтаудың электрондық жүйесін пайдалана отырып та ағымдағы кредиторлық берешектің жағдайы туралы есептер, кестелер, диаграммалар түрінде ресімделеді.

11 11. Бюджет кредиттері мониторингінің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жойылған кәсіпорындарға-қарыз алушыларға қойылатын талаптардың тоқтатуын ескере отырып бюджеттік кредиттер бойынша үкіметтік талаптардың сомалары түзетуге жатады.

1 Кредит шарттарын тіркеу кітабы

N 1 қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2004 жылғы 11 желтоқсандағы
N 437 бұйрығымен бекітілді
Кредит шарттарын тіркеу кітабы
Тір­кеу
кү­ні
Тір­кеу
N
Кре­дит
шар­ты­ның ата­уы
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ның
аты-жө­ні, те­гі және қо­лы
1
2
3
4

2 Кредит шартының негізгі есептік сипаттамалары деректерінің тізілімі

N 2 қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2004 жылғы 11 желтоқсандағы
N 437 бұйрығымен бекітілді
Кредит шартының негізгі есептік сипаттамалары деректерінің тізілімі
Кре-
дит­ті
ре­сім-
де­удің
N және
кү­ні
Банк-қарыз
алушы­лар-
дың шо­ты­на
бюд­жет­тік
бағ­дар­ла­ма-
лар әкім-
ші­ле­рі­нің
бюд­жет
шот­та­ры­нан
кре­дит­ті
есеп­теу
кү­ні
Кре-
дит-
тің
мақ-
са­ты
Ва­лю­та
және
кре-
дит­тің
мөл-
ше­рі
Сый­а­қы
мөл­шер-
ле­ме­сі
Кре-
дит­ті
мең-
ге­ру
ке-
зе­ңі
Кре-
дит-
тің
мер-
зі­мі
Кре-
дит­ті
өтеу
1
2
3
4
5
6
7
8

Қолданыстағы