Об утверждении Правил определения порядка ведения мониторинга строящихся (намечаемых к строительству) объектов и комплексов Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 24-бабының 60) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу тәртібін айқындау жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 7. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы «___» ақпандағы № _____ бұйрығымен бекітілген Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы құрылыс Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 24-бабының 60) тармақшасына сәйкес әзірленді және салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Салынуы белгіленген объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері жүргізеді.
Тармақ 3
3. Салынып жатқан объектілер мен кешендердің мониторингін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.
Тарау 2. 2-тарау. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібі
2-тарау. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібі
Тармақ 4
4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері жерге тиісті құқық беру туралы берілген шешімдер, берілген сәулет-жоспарлау тапсырмалары, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттар және келісілген нобайлық (нобайлық жобалар) негізінде мониторингті, сондай-ақ жер учаскелеріне бару және көзбен шолып қарау арқылы Кодекстің 146-бабымен белгіленген нормалар мен талаптардың сақталуына ай сайынғы мониторингті жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Ведомстволық бағынысты аумақтарда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары мониторингті объектінің тапсырыс берушілері құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы хабарламада, құрылыстың барысы мен орындалатын жұмыстардың сапасы туралы есептердің, ведомстволық бағынысты аумақтың объектілеріне бару және көзбен шолып қарау арқылы ай сайынғы мониторингтің негізінде, сондай-ақ бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру қорытындылары бойынша алынған деректердің негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі. Айына бір рет ведомстволық бағынысты аумаққа бару және көзбен шолып қарау арқылы мониторинг жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ведомстволық бағынысты аумаққа бару және көзбен шолып қарау арқылы салынуы белгіленген объектілер мен кешендердің анықталған заңсыз құрылыстары туралы есеп және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ведомстволық бағынысты аумаққа бару және көзбен шолып қарау арқылы салынып жатқан объектілер мен кешендерді мониторингтеу нәтижелері бойынша анықталған заңсыз құрылыстар туралы есеп жасалады. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері мониторинг барысында анықталған заңсыз құрылыстар туралы ақпаратты, олар анықталған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде тиісті шаралар қабылдау үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына жібереді. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары мониторинг барысында анықталған заңсыз құрылыстар туралы ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне қарай сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 7
7. Салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы мониторинг мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесінде мынадай деректердің негізінде қалыптастырылады (жүргізіледі):
Тармақша 1
1) объектінің және кешеннің атауы мен мекенжайы;
Тармақша 2
2) объекті мен кешеннің тапсырыс берушінің (меншік иесінің) толық атауы (заңды тұлға үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (жеке тұлға үшін);
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органның объекті мен кешен құрылысына арналған жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы шешімі;
Тармақша 4
4) объекті мен кешен құрылысына берілген жер учаскесінің нысаналы мақсаты;
Тармақша 5
5) сәулет-жоспарлау тапсырмасы;
Тармақша 6
6) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттар;
Тармақша 7
7) нобайлық (нобайлық жоба);
Тармақша 8
8) бару және көзбен шолып қарау арқылы жүргізілген мониторинг барысы туралы есеп.
Тармақ 8
8. Салынып жатқан объектілер туралы мониторинг «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналған порталда мынадай деректердің негізінде қалыптастырылады (жүргізіледі):
Тармақша 1
1) объектінің және кешеннің атауы мен мекенжайы;
Тармақша 2
2) объекті мен кешеннің тапсырыс берушісінің (меншік иесінің) толық атауы (заңды тұлға үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (жеке тұлға үшін);
Тармақша 3
3) құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы хабарламалар;
Тармақша 4
4) бас мердігердің (мердігердің) толық атауы;
Тармақша 5
5) техникалық қадағалауды жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
Тармақша 6
6) объекті мен кешен құрылысының басталуы;
Тармақша 7
7) объекті мен кешен құрылысының нормативтік мерзімі;
Тармақша 8
8) орындалатын құрылыс жұмыстарының түрлерін қамтитын объектінің және кешеннің жай-күйі туралы ақпарат;
Тармақша 9
9) құрылыс барысы және орындалатын жұмыстардың сапасы туралы есеп;
Тармақша 10
10) бару және көзбен шолып қарау арқылы жүргізілген мониторинг барысы туралы есеп.
Тарау 3. 3-тарау. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингі бойынша ақпарат беру тәртібі
3-тарау. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингі бойынша ақпарат беру тәртібі
Тармақ 9
9. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері объектілерді графикалық бөлікке тұрақты негізде байланыстыра отырып, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді. Объектілер мен кешендерді салуды одан әрі жоспарлау болмаған кезде, салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы ақпарат осы тармақта көрсетілген мерзімдерде ұсынылмайды.
Тармақ 10
10. Ведомстволық бағынысты аумақтарда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес салынып жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпаратты порталда тұрақты негізде орналастыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін www.gov.kz. ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етеді.
Басқа 1. Ведомстволық бағынысты аумаққа бару және көзбен шолып қарау арқылы салынуы белгіленген объектілер мен кешендердің анықталған заңсыз құрылыстары туралы есеп
Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындау қағидаларына 1-қосымша Ведомстволық бағынысты аумаққа бару және көзбен шолып қарау арқылы салынуы белгіленген объектілер мен кешендердің анықталған заңсыз құрылыстары туралы есеп 20 ___ жылғы _____________ Анықталған заңсыз құрылыстар: Р/с № Тапсырыс беруші Объект (атауы, мекенжайы) Сәулет-жобалау тапсырмасы (нөмірі мен күні) Нобайлық жобаны келісу (нөмірі мен күні) Ескертпе 1 2 … Жиыны Қосымша: фотосуреттер _____________________________________ Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Басқа 2. Ведомстволық бағынысты аумаққа бару және көзбен шолып қарау арқылы салынып жатқан объектілер мен кешендердің мониторингі нәтижелері бойынша анықталған заңсыз құрылыстар туралы есеп
Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындау қағидаларына 2-қосымша Ведомстволық бағынысты аумаққа бару және көзбен шолып қарау арқылы салынып жатқан объектілер мен кешендердің мониторингі нәтижелері бойынша анықталған заңсыз құрылыстар туралы есеп 20 ___ жылғы _____________ Анықталған заңсыз құрылыстар: Р/с № Тапсырыс беруші Объект (атауы, мекенжайы) Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі және нысаналы мақсаты Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама Құрылыс барысы Ескертпе 1 2 … Жиыны Қосымша: фотосуреттер _____________________________________ Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Басқа 3. 20___ жылға арналған ______________облысы бойынша салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы мониторингі
Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындау қағидаларына 3-қосымша 20___ жылға арналған ______________облысы бойынша салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы мониторингі Р/с № Объ­ект (ата­уы мен ме­кен­жайы) Тап­сы­рыс бе­ру­ші Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның жер учас­ке­сіне ти­іс­ті құқық бе­ру ту­ра­лы ше­ші­мі Жер учас­ке­сі­нің ны­са­на­лы мақ­са­ты Сәу­лет-жо­ба­лау тап­сыр­ма­сы Ин­же­нер­лік және ком­му­нал­дық қам­та­ма­сыз ету көз­де­ріне қо­су­ға ар­нал­ған тех­ни­ка­лық шар­ттар Но­бай­лық (но­бай­лық жо­ба) Ба­ру және көз­бен шо­лып қа­рау ар­қы­лы жүр­гі­зі­л­ген мо­ни­то­ринг­тің ба­ры­сы ту­ра­лы есеп Ес­керт­пе 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Басқа 4. 20___ жылға арналған ______________облысы бойынша салынып жатқан объектілер мен кешендердің мониторингі
Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындау қағидаларына 4-қосымша 20___ жылға арналған ______________облысы бойынша салынып жатқан объектілер мен кешендердің мониторингі Р/с № Объ­ект (ата­уы мен ме­кен­жайы) Тап­сы­рыс бе­ру­ші Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­ры­ның ба­ста­луы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма Бас мер­ді­гер (мер­ді­гер) Тех­ни­ка­лық қа­да­ға­лау Құ­ры­лы­стың ба­ста­луы Құ­ры­лы­стың нор­ма­тив­тік мер­зі­мі Объ­ек­ті­нің және ке­шен­нің жай-күйі ту­ра­лы ақ­па­рат Шы­ғу және көз­бен шо­лу ар­қы­лы жүр­гі­зі­л­ген мо­ни­то­ринг ба­ры­сы ту­ра­лы есеп 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10