Об утверждении Правил поощрения, видов, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в Кызылординской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил поощрения, видов, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в Кызылординской области
- Атауы (қаз.)
- Қызылорда облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 103
- Қабылданған күні
- 02.06.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 05.06.2026
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2026 225999_832094.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26L000103A
- ЭКБ идентификаторы
- 225999
- Редакция идентификаторы
- 225999_832094
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 10.08.2026 02:18
0 Қызылорда облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшерін айқындау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 29.07.2026 № 157 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Қызылорда облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері
Қызылорда облысы әкімдігінің
2026 жылғы «2» маусымдағы № 103
қаулысына қосымша
Қызылорда облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері
1. Алғыс жариялау.
2. Грамотамен наградтау.
3. Ақшалай сыйақы төлеу.
Ақшалай сыйақы айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде төленеді.
4. Білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу.
5. Ұйымдарға, кәсіпорындарға көтермелеу туралы ұсынымдарды жолдау.
6. Құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдарды мемлекеттік наградамен марапаттау және оларға құрметті атақ беру туралы ұсыныстар енгізу.
Жергілікті атқарушы органдар құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің өзге де шараларын қолдануға құқылы.