Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в районе Аққулы

Қаулы · № 1-01/112 · қабылданған 03.06.2026
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-226035/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в районе Аққулы Күшін жойған 09.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в районе Аққулы

Күшін жойған Қаулы № 1-01/112 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в районе Аққулы
Атауы (қаз.)
Аққулы ауданында құқық бұзышулықтарды алдын алуға қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1-01/112
Қабылданған күні
03.06.2026
Қолданысқа енгізілген күні
17.06.2026
Көрсетілген редакция
09.07.2026 226035_829732.kaz
Соңғы өзгеріс
09.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26PI10111A
ЭКБ идентификаторы
226035
Редакция идентификаторы
226035_829732
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
10.08.2026 02:18
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Аққулы ауданында құқық бұзышулықтарды алдын алуға қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Құқық бұзушылықтарды алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақы мөлшерін осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындау.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысының полиция департаменті полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны жүзеге асыру мақсатында тиісті іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету.

3. «Аққулы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз ету тапсырылады:

осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің Интернет-ресурсында орналастыру;

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сала және экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Аққулы ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшері көтермелеудің түрлері мен тәртібі

Аққулы ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «___» ___________
№ _____қаулысына
қосымша
Аққулы ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшері көтермелеудің түрлері мен тәртібі

1. Құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері :

1) алғыс жариялау;

2) мақтау қағазымен марапаттау;

3) ақшалай сыйақы төлеу;

4) білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;

5) ұйымда, кәсіпорында көтермелеу туралы ұсыныстарды жолдау;

6) құқық бұзушылықтарды алдын алуға елеулі үлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік марапттама және құрметті атақпен марапаттау туралы ұсынысты еңгізу

7) көтермелеудің өзге де шаралары.

2. Құқық бұзушылықты алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құратын комиссия қарайды.

3. Комиссия қабылдаған шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

4. Ақшалай сыйақы мөлшерін комиссия белгілейді және айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аспайды.

5. Ақшалай сыйақы төлеуді Полиция департаментінің бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.

6. Көтермелеулерді төлеуге қаражат Павлодар облысы Полиция департаментінің шығыстар құрамында көзделеді.