Тіркелген жиынтық салық және акциз мөлшерлеме көлемін белгілеу туралы
Аудан әкімінің ұсынысы бойынша тіркелген жиынтық салықтың және акциз мөлшерлеме көлемін қарап, салық комитетінің берген деректері негізінде, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 258, 393, 394 бабына және 2000 жылы 28 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы» N 137 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат шешім етті:
Тіркелген жиынтық салық және акциз мөлшерлеме көлемін белгілеу туралы от 08.01.2005 г. № 8 (Тіркелген жиынтық салық және акциз мөлшерлеме көлемін белгілеу туралы)
1. Салық салу объектісінен алынатын тіркілген жиынтық салық ставкаларының жылдық бір мәрте салық мөлшерлемесі белгіленсін:
ұтыс ақшасыз бір ойын автоматы 8 айлық есептік көрсеткіш өлшемі;
ақшалай ұтысы бар бір оыйн автоматы 120 айлық есептік көрсеткіш өлшемі.
2. Бұқар – Жырау ауданның аумағындағы барлық салық төлеушілер қызмет жүзеге асыраушыларға ақшалай ұтысы бар ойын автоматтарына бірыңғай акциз мөлшерлемесе 25 айлық есептік көрсеткіш бойынша 1 жылға белгіленсін.
3. 2002 жылғы 7 қарашадағы Бұқар – Жырау аудандық Мәслихатының 22 сессиясының «Бекітілген жиынтық салық мөлшерін белгілеу туралы» №5 шешімінің (2002 жылғы 26 қарашадағы №1010 мемлекеттік тіркеуден өткен, 2002 жылғы 7 желтоқсанда №49 «Сарыарқа» аудандық газетінде ресми жарияланған) күші жойылған деп саналсын.