"Жаңаөзен қаласының Құрметті азаматы" атағы жөнінде ереже туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
"Жаңаөзен қаласының Құрметті азаматы" атағы жөнінде ереже туралы от 14.12.2004 г. № 12/72 ("Жаңаөзен қаласының Құрметті азаматы" атағы жөнінде ереже туралы)
1. "Жаңаөзен қаласының Құрметті азаматы" атағы жөнінде ереже бекітілсін.
2. Осы шешім жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2004 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 12/72 шешімімен бекітілген
"Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы"
атағы туралы Ереже
1. "Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы" атағы азаматтарға қала алдында ерекше еңбек сіңіргені үшін қадірлеу белгісі ретінде тірі кезінде беріледі.
2. "Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы" атағына және өзгелік белгісімен марапаттау үшін кандидатураларды қоғамдық бірлестіктердің, ынталы топтармен, еңбек ұжымдарының ұсынуларына болады.
3. "Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім әкімият жанындағы марапаттау жөніндегі комиссиясының ұсынысы бойынша қалалық мәслихат сессиясында қабылданады.
4. "Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
5. Атақ, атқарушы және заң биліктің жоғарғы институттарында дипломатикалық және мемлекеттік қызметте өзін көрсеткен, өмірбаяны Жаңаөзен қаласымен байланысты, Егемен Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан, Қазақстан Республикасы Президентінің наградаларымен және "Халық Қаһарманы" айырықша ерекшелік белгісімен марапатталған ерекше көрнекті мемлекеттік саяси қайраткерлерге, сонымен қатар Жаңаөзен қаласының тұрғындарына:
Ұлы Отан Соғысының батырлық пен ерлік көрсеткен, Кеңес Одағының Батыры, Социалистік еңбек ері наградалары мен Даңқ ордендерінің толық иегері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғаған азаматтарға, бейбітшілік уақытта мамандық міндеттері мен азаматтық парызын атқаруда жеке ерлік көрсеткендерге;
қаланың экономикалық өсуі, әлеуметтік дамуына белсенді себеп болдырған инновациялық қызмет пен озат технология үшін, экономиканың қаржылық, өнеркәсіп және аграрлық сектордың дамуына түпкілікті ықпал еткен кең масштабтық инвестицияларды таратқандарға;
ғылым және өнер саласында мемлекеттік сыйлыққа ие болған, Республикалық және халықаралық сайыстардың, фестивальдардың, көп ұлттық Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрін насихаттайтын халық шығармашылық көріністерінің дипломанттарына;
адам өмірін сақтау және сауықтыру үшін тәжірибелік қолдануда әлемдік мойындалған медицина облысындағы жаңа технологиялық зерттемелерде ерекшелік көрсеткендерге;
Қазақстан Республикасы азаматының жас буындарының патриоттық сезімін тәрбиелеу және қалыптастыру ісіне, сонымен қатар білім беру саласындағы жаңартуға ерекше кіріс енгізгендерге;
Қазақстан Республикасы азаматының жас буындарының патриоттық сезімін тәрбиелеу және қалыптастыру ісіне, сонымен қатар білім беру саласындағы жаңартуға ерекше кіріс енгізгендерге;
Отан спортын әлем ареналарында әйгілі қылып, олимпиада ойындарында, әлем чемпионаттарында жеңімпаз бен жүлдегер болғандарға берілуі мүмкін.
6. "Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы" атағына ие болған тұлғалар, "Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы" деген айырықша белгімен марапатталады.
7. "Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы" атағына ие болған тұлғалар:
бюджет туралы заң бойынша әрбір жылға сәйкесінше белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 35 рет еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға коммуналдық төлемақысынан босатылады;
құрметті қонақ ретінде қаладағы мекемелер мен кәсіпорындарда өтетін әртүрлі мерекелік шараларға және жиындарға қатысуға құқылы.
8. "Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы" атағы куәлікпен расталады.
9. "Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы" атағынан қалалық мәслихат сессиясының шешімімен келесі жағдайларда айырылады:
құрметті атақтың иесі қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі заңдық күшіне енген соң;
марапаттау жөнінде ұсыныс жасалған органның ұсынысы бойынша, атақ иеленуші үлкен қоғамдық (резонанс) туғызған жағымсыз әрекеттер жасағанда.