О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 73
- Қабылданған күні
- 28.01.2005
- Көрсетілген редакция
- 08.04.2022 22684_569053.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.04.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050000073_
- ЭКБ идентификаторы
- 22684
- Редакция идентификаторы
- 22684_569053
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:13
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
Үкiметтің кейбiр шешiмдерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтыру бекiтiлсiн.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
3 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдеріне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтыру
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2005 жылғы 28 қаңтардағы
№ 73 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдеріне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтыру
1 1. "Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 сәуiрдегi № 306 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 11, 84-құжат):
1, 3, 5, 6-тармақтардағы "Ақпарат" деген сөз "Мәдениет, ақпарат және спорт" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Ақпарат бiрiншi вице-министрi Олег Григорьевич Рябченко" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт бiрiншi вице-министрi Рүстем Қабидоллаұлы Жоламан" деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.09.17 № 1207 Қаулысымен.
3 3. (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1261 Қаулысымен).
4 4. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 21-29-жолдағы "ААҚ" деген аббревиатура "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
5 5. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында :
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетін республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiне" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 224-17-жолдағы "ААҚ" деген аббревиатура "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
6 6. "Шетелдiк ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудiң күшiн жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерiн iске асыру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2001 жылғы 24 сәуiрдегі № 545 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 15, 191-құжат):
2-тармақтың бесiнші абзацындағы "Мәдениет министрлігінiң Мұрағаттарды және құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетi" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
7 7. "Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2001 жылғы 11 маусымдағы № 797 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 21, 268-құжат):
2-тармақтағы "Мәдениет" деген сөзден кейiн ", ақпарат және спорт" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасының паспорты" деген 1-бөлiмде:
"Негізгі iс-шараларды орындаушылар" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Негiзгi іс-шараларды орындаушылар
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi.";
"Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
"Орындалуына жауаптылар" деген 4-бағанда:
реттік нөмiрлерi 9, 10, 11, 15, 16, 19-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi, Ақпарат және мұрағат комитетi";
реттік нөмiрлерi 5, 12, 13, 17, 18, 20-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақпарат және мұрағат комитетi".
8
8. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптің оң беделiн нығайту жөнiндегі 2001-2005 жылдарға арналған кешендi ақпараттық бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1766 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., 49-50, 594-құжат):
3-тармақтағы "Ақпарат" деген сөз "Мәдениет, ақпарат және спорт" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайту жөнiндегі 2001-2005 жылдарға арналған кешендi ақпараттық бағдарламасында:
"Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлiмде:
"Негiзгi орындаушылар" деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" деген 9-бөлімде:
"Iске асыруға жауаптылар" деген бағанда:
реттік нөмiрлерi 1, 6, 7, 9, 12, 13, 16, 20, 21, 23, 24, 26-жолдардағы "ТЖА" деген аббревиатура "ТЖМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 14-жолдағы "ТЖА" және "ТСА" деген аббревиатуралар "TЖM" және "МАСМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 15-жолдағы "Мәдминi" деген сөз және "ТЖА" деген аббревиатура тиiсiнше "МАСМ" және "ТЖМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 17-жолдағы "Ақпаратминi" деген сөз "MACM" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмiрлерi 19, 22, 27-жолдардағы "Ақпаратмині" деген сөз және "ТЖА" деген аббревиатура тиiсiнше "MACM" және "ТЖМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 25-жолдағы "Ақпаратмині, Мәдениетминi" деген сөздер "МАСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
9
10 10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.29. № 598 Қаулысымен.
11 11. "Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 наурыздағы № 253 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 11, 126-құжат):
3, 4-тармақтардағы "Ақпарат" деген сөз "Мәдениет, ақпарат және спорт" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының үкiметтік емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгі" деген 5-бөлiмнiң 5.8-бөлiмшесiнде:
үшінші абзацтағы "қоғамдық келiсiм" деген сөздер "спорт" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
"Орындалуына жауаптылар" деген бағанда:
реттiк нөмiрлерi 4, 7, 8, 10, 11, 12, 14, 15, 17, 18, 19-жолдардағы "Ақпаратмині" деген сөз "МАСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмiрлерi 4, 14-жолдардағы "TуpCA" және "КДА" деген аббревиатуралар алынып тасталсын;
"Болжамды шығыстар" деген бағанда:
реттік нөмiрлерi 4, 15-жолдардағы "(Ақпаратминi)" деген сөз "(МАСМ)" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
"Қабылданған қысқартулар" деген бөлiмде:
"КДА - Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөнiндегi агенттігi " және "ТурСА - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігі" деген жолдар алынып тасталсын;
"Ақпаратмині" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"MACM - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi".
12 12. Ескерту. 12-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.26. № 633 Қаулысымен.
13 13. Ескерту. 13-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.11.15. № 1082 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
14 14. <>
15 15. "Қазақстан Республикасы Yкiметінiң адамды сатуға қарсы күрес, қылмысты болдырмау және оның алдын алу жөнiндегі 2004-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 ақпандағы № 219 қаулысында :
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң адамды сатуға қарсы күрес, қылмысты болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2004-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында:
реттiк нөмiрi 1-жолдағы "Ақпаратминi" және "КБА" деген сөзбен аббревиатура "МАСМ" және "Қаржыминi" деген сөзбен және аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 5-жолдағы "КБА" деген аббревиатура "Қаржыминi" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 13-жолда:
"Ақпаратминi", "КБА" және "ҚПA" деген аббревиатуралар "МАСМ", "Қаржыминi" және "ЭСЖҚА" деген аббревиатуралармен және сөзбен ауыстырылсын;
"ҚДА" деген аббревиатура алынып тасталсын;
"Ескертуде":
"КБА - Кедендiк бақылау агенттігі" деген сөздер алынып тасталсын;
"Ақпаратминi - Ақпарат министрлiгі" және "ҚПА - Қаржы полициясы агенттiгi" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"МАСМ - Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi;
ЭСЖҚА - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігi (қаржы полициясы)".