Қолданыстағы ред. 21.12.2004

Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер мөлшерін (ставкасын) бекіту туралы от 21.12.2004 г. № 13-84 (Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер мөлшерін (ставкасын) бекіту туралы)

0

Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер мөлшерін (ставкасын) бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңының  6 бабы негізінде және Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Салық  кодексінің  462 бабына сәйкес, Алматы облыстық Мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2005 жылға арналған төлемдер мөлшері (ставкасы) қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Облыстық әділет басқармасында N№1463 санымен  тіркелген облыстық Мәслихаттың 2003 жылғы 25 желтоқсанындағы "Қоршаған ортаны ластағаны үшін  төлемдер мөлшерін (ставкасын) бекіту туралы" N№3-18   шешімінің  күші жойылды деп танылсын.

3

Алматы облыстық Мәслихатының
2004 ж. 21 желтоқсандағы
N 13-84 шешіміне қосымша
2005 жылға арналған қоршаған ортаны
ластағаны үшін төлемдер мөлшері (ставкасы)
N
Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
Төлемдер  нормативі, теңге
1.
Ластайтын заттардың  атмосфераға стационарлық көздерден шығуы
Шартты тонна
254
2.
Ластайтын заттардың атмосфераға жылжымалы көздерден шығуы:
этильденбеген бензин  үшін;
дизельді  отын үшін;
сұйытылған газ үшін;
авиакеросин үшін.
1 тоннаға
1 тоннаға
1 тоннаға
1 тоннаға
376
514
218
218
3.
Ластайтын заттардың су объектілеріне төгілуі
Шартты тонна
6237
4.
Өндіріс қалдықтарын орналастыру:
қауіптілігі V класқа жататындар (қатты қалдық (ТБО)) және басқалар;
уландырғыштығы IV класқа жататындар, оның  ішінде көмірдің күлі (көң, тауықтың қиы) түріндегі  қалдықтар;
уландырғыштығы III класқа жататындар;
уландырғыштығы II класқа жататындар;
уландырғыштығы I класқа жататындар.
1 тоннаға
1 тоннаға
1 тоннаға
1 тоннаға
1 тоннаға
144
287
575
2299
4599
5.
Қатты қалдықтарды орналастыру үшін
1 тоннаға
1,8