Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер мөлшерін (ставкасын) бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер мөлшерін (ставкасын) бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы негізінде және Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Салық кодексінің 462 бабына сәйкес, Алматы облыстық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2005 жылға арналған төлемдер мөлшері (ставкасы) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық әділет басқармасында N№1463 санымен тіркелген облыстық Мәслихаттың 2003 жылғы 25 желтоқсанындағы "Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер мөлшерін (ставкасын) бекіту туралы" N№3-18 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Басқа 3
Алматы облыстық Мәслихатының
2004 ж. 21 желтоқсандағы
N 13-84 шешіміне қосымша
2005 жылға арналған қоршаған ортаны
ластағаны үшін төлемдер мөлшері (ставкасы)
N
Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
Төлемдер нормативі, теңге
1.
Ластайтын заттардың атмосфераға стационарлық көздерден шығуы
Шартты тонна
254
2.
Ластайтын заттардың атмосфераға жылжымалы көздерден шығуы:
этильденбеген бензин үшін;
дизельді отын үшін;
сұйытылған газ үшін;
авиакеросин үшін.
1 тоннаға
1 тоннаға
1 тоннаға
1 тоннаға
376
514
218
218
3.
Ластайтын заттардың су объектілеріне төгілуі
Шартты тонна
6237
4.
Өндіріс қалдықтарын орналастыру:
қауіптілігі V класқа жататындар (қатты қалдық (ТБО)) және басқалар;
уландырғыштығы IV класқа жататындар, оның ішінде көмірдің күлі (көң, тауықтың қиы) түріндегі қалдықтар;
уландырғыштығы III класқа жататындар;
уландырғыштығы II класқа жататындар;
уландырғыштығы I класқа жататындар.
1 тоннаға
1 тоннаға
1 тоннаға
1 тоннаға
1 тоннаға
144
287
575
2299
4599
5.
Қатты қалдықтарды орналастыру үшін
1 тоннаға
1,8