О предельных (максимальных) размерах земельных участков, которые могут находиться в частной собственности
Мәртебесі расталмаған
Қаулы
·№ 127
·
03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предельных (максимальных) размерах земельных участков, которые могут находиться в частной собственности
- Атауы (қаз.)
- Жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- upd
- Нөмірі
- 127
- Қабылданған күні
- 15.12.2004
- Көрсетілген редакция
- 14.08.2017 22726_269076.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.08.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V04C0003039
- ЭКБ идентификаторы
- 22726
- Редакция идентификаторы
- 22726_269076
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:22
0 Жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 50 бабының 3 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ және облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Азаматтарға берілетін, жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері мынадай болып белгіленсін:
1 1) ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) жүргізу үшін - суарылмайтын жерде 0,40 гектарға (оның ішінде тегін 0,25 га) дейін және суарылатын жерде 0,25 гектарға (оның ішінде тегін 0,15 га) дейін;
2 2) жеке тұрғын үй құрылысы үшін 0,20 гектарға (оның ішінде тегін 0,10 га) дейін;
3 3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін 0,20 гектарға (оның ішінде тегін 0,12 га) дейін;
2 2. Аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдері, "Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет" ММ төрағасы (М. Н. Жекеев) көрсетілген талаптардың орындалуын қамтамасыз етсін.
3
3. Ақтөбе облыстық мәслихаты мен Ақтөбе облысы әкімиятының 2001 жылғы 14 желтоқсандағы N 8 "Тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жеке меншікте болуы мүмкін, сондай-ақ ұзақ мерзімді пайдаланудағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері туралы" облыстық әділет басқармасында 2002 жылы 18 қаңтарда N 1404 тіркелген бірлескен шешімінің күші жойылды деп танылсын.