Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении прибрежных водоохранных зон и полос

Өзге акт · № 138 · қабылданған 30.08.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2273/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об установлении прибрежных водоохранных зон и полос Күшін жойған 30.08.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении прибрежных водоохранных зон и полос

Күшін жойған Өзге акт № 138 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении прибрежных водоохранных зон и полос
Атауы (қаз.)
Жағалаудағы су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
138
Қабылданған күні
30.08.1998
Көрсетілген редакция
30.08.1998 2273_206240.kaz
Соңғы өзгеріс
30.08.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98B000021_
ЭКБ идентификаторы
2273
Редакция идентификаторы
2273_206240
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:34
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.08.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Жағалаудағы су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 06.11.2004 № 52 шешімімен.
Есіл өзені мен облыстың кіші-гірім өзендерін ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғалуын күшейту мақсатында, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 27 қаңтардағы № 102 қаулысымен бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы ережені басшылыққа ала отырып:

1. Жағалаудағы су қорғау белдеулерінің ені белгіленіп, шаруашылық қызметінің ықпалына ұшырайтын кіші-гірім өзендердің тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Су жиналымындағы күрделі экологиялық жағдайға байланысты Есіл өзенінің су қорғау аймағының ені орташа көпжылдық межеленген су деңгейі ернеуінен бастап 1000 м болып белгіленсін.

3. Есіл өзені үшін жағалаудағы су қорғау белдеуі 200 м деп белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 27 қаңтардағы № 102 қаулысымен су қорғау аймағы шегінде мыналарға тиым салынатыны еске алынсын:

- тыңайтқыштарды, химиялық улы заттарды сақтайтын қоймаларды, автомашина мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық кызмет көрсету мен жуу пункттерін, қоқыс төгетін алаңдарды, өлген малдар көмілетін ұраларды, химиялық улы заттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону алаңқайларын және өзендердегі су сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
- құрылыс, су түбін тереңдету, жарылыс жұмыстарын атқаруға, пайдалы қазбалар өндіру, коммуникацияларды өткізу және су ресурстарын басқару органдарымен келісілген жобасы жоқ өзге де жұмыстарын жүргізуге;
- малды тоғыту мен санитарлық өңдеуге;
- концентрациясының рұқсат етілген шегі белгіленбеген пестицидтерді пайдалану, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, залалсыздандырылмаған ақаба суды тынайтқыш ретінде пайдалануға;
- мал бағуға, жер жыртуға, ағаш-бұта өсімдіктерін шабуға,
тұрақты автомобиль аялдамаларын, малдың жазғы жайылымдарын орна- ластыруға;
- су сағасын, су реттейтін, қорғау және басқа арнаулы мақсаттағы құрылыстардан басқа үйлер мен ғимараттар тұрғызуға;
- саяжай мен ұжымдық бау-бақшаларға учаскелер бөлуге.

5. Су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі аумақтарды пайдаланудың белгіленген режимін бұзған кінәлі адамдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапқа тартылады.

6. Аудандар мен селолық округтердің әкімдері 1998-1999 жылдары халықтың демалатын жерлерінде, көпірлер мен өткелдердің жанында су қорғау белгілерін орнататын болсын.

7. Жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитет /В.А. Медынский/ және "Акмолагипрозем" еншілес мемлекеттік кәсіпорыны /А.А.Чертан/ өзендердің жағалауындағы су қорғау белдеулеріне енген жерді жер қорынан шығарсын.

8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Есіл бассейндік су шаруашылығы бірлестігіне /Ж.С.Нұркенов/, облыстық экология және табиғи ресурстар басқармасына /Е.Ә.Мейрамов/, су ресурстары жөніндегі облыстық комитетке /А.Н.Анас/, аудандардың және селолық округтердің әкімдеріне жүктелсін.

9. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

10 Облыс әкімінің 31.08.98 жылғы

№ 138 шешіміне қосымша
1998-2000 жылдарға су қорғау аймақтары мен жағалаудағы су қорғау белдеулері белгіленетін кіші-гірім өзендер ТI3БЕСI

Өзен мен бұлақ атаулары
Қайда құяды
Су ағынының ұзындығы (км)
Жағалаудағы су қорғау белдеуінің ені (м)
Су ағысына қызметі ықпал ететін шаруашылықтар мен кәсіпорындардың атаулары
1
2
3
4
5
6
Ақкөл ауданы
1.
Ақсуат өзені
Итемген көлі
25
20
“Гусарка” АҚ “Приозерное” АҚ
2.
Талқара өзені
Колутон өзені
68
50
“Урюпинский” ӨК
3.
Тасмола өзені
Ащылы Айрық, өзені
40
20
“Искра” АҚ “Одесский” АҚ
4.
Талды сай өзені
Колутон өзені
20
20
Қарадыр ст. “Петровское” АҚ
Атбасар ауданы
5.
Жабай өзені
Есіл өзені
196
100
“Борисовка” ЖШС “Новая жизнь” ЖШС “Акимовское” ЖШС “Родина” ЖШС
6.
Сарқырама өзені
Жабай өзені
76
50
“Родина” ЖШС
7.
Ащылы өзені
Жабай өзені
58
50
“Новая жизнь” ЖШС “Борисовка” ЖШС
8.
Жыланды өзені (Керегетас)
Жабай өзені
140
100
“Клименко және К” ЖШС “Веселовский” ӨК “Ералин және К” ЖШС
“Балкашинский”
АШӨК
Сандықтау ауданы
9.
Күтінгіс өзені
Жыланды өзені
50
50
“Балкашинский”
АШӨК
“Приозерный” АҚ Шаңтөбе кеніші
Аршалы ауданы
10.
Шортанды өзені
Есіл өзені
36
20
“Константиновский” АШӨК
“Есенжолов және К”КС
11.
Бүйріктал өзені
Есіл өзені
24
20
“Есенжолов және К"КС
12.
Мойылды өзені
Есіл өзені
66
50
“Игнатенко және К”КС “Москалец және К” КС
13.
Ақтасты өзені
Есіл өзені
31
20
“Степное” ӨК
14.
Мигер өзені
Есіл өзені
20
20
“Есенжолов және К"КС
Ерейментау ауданы
15.
Кедей өзені
Сілеті өзені
92
50
“Торғай” ҮШ “Сілеті” АШӨК
16.
Ащылы Айрық өзені
Сілеті өзені
96
50
Жолымбет кеніші “Одесское” АҚ “Искра” АҚ
17.
Ақжар өзені
Сілеті өзені
55
50
“Ақмырза” АҚ “Еркіншілік” ҮШ
18.
Қарасу өзені
Сілеті өзені
26
20
“Қарасу” ЖШС “Қазақстан” ЖШС
19.
Ақмырза өзені
Сілеті өзені
46
20
“Ақмырза” АҚ “Еркіншілік” ҮШ
20.
Жартас өзені
Ақмырза өзені
51
50
“Еркіншілік” ҮШ “Қазақстан” ЖШС
21.
Ақсу өзені
Алтынсор өзені
80
50
“Бөгенбай” ӨК “Қарабүлақ” АШӨК Ақсу кеніші “Степногорск подшипник зауыты” АҚ Тың тау кен-байыту химия комбинаты “Прогресс” АҚ МКК
22.
Тенеке өзені
Шолақсор көлі
95
50
“Изобильный” ӨК “Фрунзе” ЖШС
23.
Сілеті өзені
Сілеті-Теңіз көлі
407
100
“Ақмырза” АҚ “Изобильный” ӨК
Бұланды ауданы
24.
Бақсұқ өзені
Колутон өзені
171
100
“Журавлевский” ҮК “Капитоновский”ӨК “Ыбрайымбеков және К” КС “Макинский” КС
25.
Жолболды өзені
Бақсұқ өзені
76
50
“Ергольский” ӨК “Капитоновский”ӨК
26.
Аршалы өзені
Колутон өзені
173
100
“Острогорский”
АШӨК
“Партизанское”жшс “Новобратский” ӨК
27.
Қоңыр өзені
Аршалы өзені
70
50
“Новобратский” ӨК “Колос” С
Шортанды ауданы
28.
Дамса өзені
Колутон өзені
31
20
“Подлесное ЖШС ҚазАШҒЗИ ТӘжірибе шаруашььтыгы
29.
Колутон өзені
Есіл өзені
223
100
“Подлесное” ЖШС “Петровское” ЖШС