Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления финансовой отчетности организациями, осуществляющими брокерскую и дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг

Қаулы · № 178 · қабылданған 15.12.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-22768/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления финансовой отчетности организациями, осуществляющими брокерскую и дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг Күшін жойған Қаулы ·№ 178 ·15.12.2004
25.05.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления финансовой отчетности организациями, осуществляющими брокерскую и дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг

Күшін жойған Қаулы ·№ 178 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления финансовой отчетности организациями, осуществляющими брокерскую и дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг
Атауы (қаз.)
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
178
Қабылданған күні
15.12.2004
Көрсетілген редакция
25.05.2009 AI22768_8.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040003373_
ЭКБ идентификаторы
22768
Редакция идентификаторы
AI22768_8
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:23

0 Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.

2

2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 238 тіркелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы" нұсқаулықты бекіту жөнінде" 1996 жылғы 22 қазандағы № 118 қаулысына және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2124 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармаларының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 116 және 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 55 бірлескен қаулыларының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2854 тіркелген, 2004 жылғы 29 мамырда "Казахстанская правда" № 117-118 және "Егемен Қазақстан" № 138 газеттерінде жарияланған) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

4 4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздар нарығында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.

"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Қаржы рыногын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігінің Төрағасы
2004 жылғы "___" _____________

8 Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 178 қаулысымен бекітілген
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Нұсқаулық " Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы " 1995 жылғы 30 наурыздағы, " Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы, " Бағалы қағаздар рыногы туралы " 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

2

2. Осы Нұсқаулық қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - брокерлер және дилерлер) жылдықты қоспағанда, қаржылық есептілік беру тізбесін, нысандарын және ұсыну мерзімдерін белгілейді.

3 3. Осы Нұсқаулық екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, қаржылық агенттіктерге, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, инвестициялық портфельді басқарушыларға және Ұлттық почта операторына қолданылмайды.

3-1. Брокер-дилерлердің қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында және осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен жасалады.

2 2-тарау. Қаржылық есепті ұсыну

4

4. Брокерлер-дилерлер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын нақтылы ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығы бар брокер-дилерлерді қоспағанда, тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен 18.00 сағаттан кешіктірмей мынадай қаржылық есепті ұсынады:

1 1) 1-нысан бойынша жасалған бухгалтерлік баланс (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасы);

2 2) 2-нысан бойынша жасалған пайдалар мен зияндар туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы).

4-1. Ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын нақтылы ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығы бар брокер-дилерлер мынадай қаржылық есептілікті ұсынады:

1 1) 1-нысан бойынша жасалған бухгалтерлік баланс (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасы);

2 2) 2-нысан бойынша жасалған пайдалар мен зияндар туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы).

5 5. Қаржылық есепте деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - қазақстандық теңгемен көрсетіледі.

6 6. Қаржылық есепті жасағанда пайдаланылатын өлшем бірлігі мың қазақстандық теңгемен белгіленеді. Қаржылық есептегі бес жүз қазақстандық теңгеден аз сома нольге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз қазақстандық теңгеге тең және одан жоғары сома мың қазақстандық теңгеге дейін дөңгелектенеді.

7 7. алынып тасталды

8 8. алынып тасталды

9 9. Брокер-дилерлер уәкілетті органға қаржылық есепті ұсынылатын деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізудің көліктік жүйесін пайдалана отырып электрондық тасымалдауышта ұсынады.

10 10. алынып тасталды

10-1. Тоқсан сайын жасалатын қағаздағы қаржылық есепке бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға және бас бухгалтер қол қояды, мөрмен бекітіледі және брокер-дилерде сақталады. Брокер-дилер уәкілетті органның талабы бойынша жазбаша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей түзетулері жоқ қаржылық есепті қағазда ұсынады.
10-2. Электрондық тасымалдауышта ұсынылған қаржылық есеп қағаздағы қаржылық есепке сәйкес келуі тиіс. Электрондық тасымалдауышта ұсынылатын деректердің қағаздағы деректермен бірдей болуын брокер-дилердің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етеді.

11 11. алынып тасталды

12 12. Брокер-дилер ұсынған қаржылық есептен уәкілетті орган дәлсіздіктер немесе қателер анықтаса брокер-дилерге бұл жөнінде хабарлайды. Брокер-дилер хабарлама алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ескертулері ескеріле отырып пысықталған қаржылық есепті электрондық тасымалдауышта ұсынады.

13 13. алынып тасталды

14 14. Қаржылық есепті уақтылы бермеу, бермеу немесе қаржылық есепте күмәнды мәліметтер беру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

3 3-тарау. Қорытынды ережелер

15 15. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

1 бухгалтерлік балансы

Бағалы қағаздар нарығында
брокерлік және дилерлік қызметті
жүзеге асыратын ұйымдардың
қаржылық есеп беру тізбесі,
нысандары және ұсыну
мерзімдері туралы
нұсқаулыққа 1-қосымша
1-нысан
__________________________________________________
(бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік
қызметті жүзеге асыратын ұйымның толық атауы)
200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
бухгалтерлік балансы
(мың қазақстандық теңгемен)
Бап­тар­дың ата­уы
Ес­кер­ту
есеп­тік
ке­зең­нің
ая­ғын­да
өт­кен
жыл­дың
ая­ғын­да
1
2
3
4
Ак­тив­тер
Негіз­гі құ­рал-жаб­дық­тар
(амор­ти­за­ци­я­ны ше­гер­ген­де)
Ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер
(амор­ти­за­ци­я­ны ше­гер­ген­де)
Са­ту­ға ар­нал­ған ұзақ мер­зім­ді ак­тив­тер
Ин­ве­сти­ци­я­лық жы­л­жы­май­тын мү­лік
Бас­қа заң­ды тұ­лға­лар­дың ка­пи­та­лы­на
ин­ве­сти­ци­я­лар
Бе­рі­л­ген ұзақ мер­зім­ді за­ем­дар
(күм­ән­ді бо­ры­штар бой­ын­ша ре­зерв­тер­ді
ше­гер­ген­де)
Ұзақ мер­зім­ді де­би­тор­лық бе­ре­шек
(ық­ти­мал ысы­рап­қа ар­нал­ған
ре­зерв­тер­ді ше­гер­ген­де)
Өтел­ген­ге дей­ін ұста­ла­тын ба­ға­лы
қа­ға­з­дар (ық­ти­мал шы­ғын­дар­ға ар­нал­ған
ре­зерв­тер­ді ше­гер­ген­де)
Са­ту­ға ар­нал­ған қол­да бар ба­ға­лы
қа­ға­з­дар (ық­ти­мал ысы­рап­қа ар­нал­ған
ре­зерв­тер­ді ше­гер­ген­де)
Мер­зі­мі ұзар­ты­л­ған са­лық­тық та­лап
Бе­рі­л­ген аван­стар
Бас­қа да ак­тив­тер
Қор­лар
Са­лық­тар және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін
бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер бой­ын­ша
бюд­жет­ке қой­ы­ла­тын та­лап­тар
Ал­да­ғы ке­зең­дер­дің шы­ғы­ста­ры
Бе­рі­л­ген қы­сқа мер­зім­ді за­ем­дар
(күм­ән­ді бо­ры­штар бой­ын­ша ре­зерв­тер­ді
ше­гер­ген­де)
Бас­қа да де­би­тор­лық бе­ре­шек
(ық­ти­мал ысы­рап­қа ар­нал­ған
ре­зерв­тер­ді ше­гер­ген­де)
"Ке­рі РЕ­ПО" опе­ра­ци­я­сы
Туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры
Са­уда ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры
Ор­на­ла­сты­ры­л­ған са­лым­дар (ық­ти­мал
ысы­рап­қа ар­нал­ған ре­зерв­тер­ді
ше­гер­ген­де)
Ақ­ша және ақ­ша ба­ла­ма­ла­ры
оның ішін­де:
кас­са­да­ғы қол­ма-қол ақ­ша
банк­тер­дің шот­та­рын­да­ғы ақ­ша
Ак­тив­тер­дің жиын­тығы:
Ка­пи­тал
Жар­ғы­лық ка­пи­тал
Сый­лы­қа­қы­лар
(қо­сым­ша тө­лен­ген ка­пи­тал)
Алын­ған ка­пи­тал
Ре­зерв­тік ка­пи­тал
Бас­қа да ре­зерв­тер
Бө­лін­бе­ген пай­да (өтел­ме­ген шы­ғын)
оның ішін­де:
өт­кен жыл­дар­да­ғы
есеп­ті ке­зең­де­гі
Ка­пи­тал жиын­тығы:
Аз­шы­лық үле­сі
Мін­дет­те­ме­лер
Ұзақ мер­зім­ді алын­ған за­ем­дар
оның ішін­де:
қар­жы­лық жал­дау
Ұзақ мер­зім­ді кре­ди­тор­лық бе­ре­шек
Ұзақ мер­зім­ді ба­ға­лау мін­дет­те­ме­ле­рі
Шы­ға­ры­л­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар
Мер­зі­мі ұзар­ты­л­ған са­лық­тық
мін­дет­те­ме
Ал­да­ғы ке­зең­де­гі кі­рі­стер
Алын­ған аван­стар
Ак­ци­о­нер­лер­мен ак­ци­я­лар жө­нін­де есеп
ай­ы­ры­су бой­ын­ша есеп­тел­ген шы­ғы­стар
Қыз­мет­кер­лер­мен есеп ай­ы­ры­су бой­ын­ша
есеп­тел­ген шы­ғы­стар
Са­лық­тар және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін
бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер бой­ын­ша
бюд­жет ал­дын­да­ғы мін­дет­те­ме
Қы­сқа мер­зім­ді кре­ди­тор­лық бе­ре­шек
Қы­сқа мер­зім­ді ба­ға­лау мін­дет­те­ме­ле­рі
Қы­сқа мер­зім­ді алын­ған за­ем­дар
"РЕ­ПО" опе­ра­ци­я­сы
Туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры
Бас­қа да мін­дет­те­ме­лер
Мін­дет­те­ме­лер жиын­тығы:
Ка­пи­тал және мін­дет­те­ме­лер жиын­тығы
Бірінші басшы: _________________ күні__________________
Бас бухгалтер __________________ күні__________________
Орындаушы: _____________________ күні__________________
Телефоны:__________________
Мөрдің орны

2 пайдалар мен зияндар туралы есебі

Бағалы қағаздар нарығында
брокерлік және дилерлік қызметті
жүзеге асыратын ұйымдардың
қаржылық есеп беру тізбесі,
нысандары және ұсыну
мерзімдері туралы
нұсқаулыққа 2-қосымша
2-нысан
__________________________________________________
(бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін
жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымның
толық атауы)
200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
пайдалар мен зияндар туралы есебі
(мың қазақстандық теңгемен)
Бап­тар­дың ата­уы
Ескерту
Есептік
кезең­де
Ағым­да­ғы
жыл­дың
ба­сы­нан
ба­стап
ке­зең
ішін­де
(өспе­лі
жиын­тығы­мен)
Өт­кен
жыл­дың
осындай
ке­зеңін­де
Өт­кен
жыл­дың
осын­дай
ке­зеңін­де
(өспе­лі
жиын­тығы­мен)
1
2
3
4
5
6
Негіз­гі қыз­мет­тен сый­а­қы
тү­рін­де­гі кі­рі­стер
Ағым­да­ғы шот­тар және
ор­на­ла­сты­ры­л­ған са­лым­дар
бой­ын­ша сый­а­қы тү­рін­де­гі
кі­рі­стер
Са­тып алын­ған ба­ға­лы
қа­ға­з­дар бой­ын­ша сый­а­қы
(ку­пон және/неме­се дисконт) тү­рін­де­гі кі­рі­стер
Ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды са­тып
алу-са­ту­дан түс­кен
кі­рі­стер (шы­ғын­дар)
(нет­то)
Са­уда ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры
құ­ны­ның өзге­ру­і­нен
кі­рі­стер (шы­ғын­дар)
(нет­то)
"Ке­рі РЕ­ПО" опе­ра­цияла­ры бой­ын­ша кі­рі­стер
Ше­тел ва­лю­та­сын қай­та
ба­ға­ла­удан кі­рі­стер
(шы­ғын­дар) (нет­то)
Қар­жы­лық емес ак­тив­тер­ді
са­ту­дан және ак­тив­тер­ді
алу­дан кі­рі­стер
Бас­қа да кі­рі­стер
Кі­рі­стер жиын­тығы
Ко­мис­си­я­лық шы­ғы­стар
Са­тып алын­ған ба­ға­лы
қа­ға­з­дар бой­ын­ша сый­а­қы
(сый­лы­қа­қы­лар) тү­рін­де­гі
шы­ғы­стар
Шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы
қа­ға­з­дар бой­ын­ша сый­а­қы
тү­рін­де­гі шы­ғы­стар
"РЕ­ПО" опе­ра­ци­я­ла­ры
бой­ын­ша шы­ғы­стар
Алын­ған за­ем­дар және
қар­жы­лық жал­дау бой­ын­ша
сый­а­қы тү­рін­де­гі
шы­ғы­стар
Жал­пы әкім­ші­лік шы­ғы­стар
оның ішін­де:
ең­бе­ка­қы тө­леу және
іс­са­пар шы­ғы­ста­ры
амор­ти­за­ци­я­лық
ауда­рым­дар және то­зу
ағым­да­ғы жал­дау
бой­ын­ша шы­ғы­стар
бюд­жет­ке са­лық­тар және
бас­қа мін­дет­ті тө­лем­дер
тө­леу бой­ын­ша шы­ғы­стар
(кор­по­ра­тив­тік та­быс
са­лы­ғы­нан бас­қа­сы)
Қар­жы­лық емес ак­тив­тер­ді
са­ту­дан және ак­тив­тер­ді
өт­кі­зу­ден түс­кен
шы­ғы­стар
Бас­қа да шы­ғы­стар
Шы­ғы­стар жиын­тығы
Ре­зерв­тер­ге (про­ви­зиялар­ға) ауда­ры­л­ған­ға
дей­ін­гі пай­да (шы­ғын)
Опе­ра­ци­я­лар бой­ын­ша ықти­мал шы­ғын­дар­ға ар­налған ре­зерв­тер (ре­зервтер­ді қал­пы­на кел­ті­ру)
Бас­қа заң­ды тұ­лға­лар­дың
ка­пи­та­лы­на қа­ты­су­дан
кі­ріс
Ке­зең­де­гі пай­да (зи­ян)
Тоқ­та­ты­л­ған қыз­мет­тен пай­да (зи­ян)
Са­лық са­лын­ған­ға дей­ін­гі
пай­да (шы­ғын)
Кор­по­ра­тив­тік та­быс
са­лы­ғы
Са­лық са­лын­ған­нан кейін­гі та­за пай­да (шы­ғын)
Аз­шы­лық үлес
Ке­зең ішін­де­гі та­за
пай­да (шы­ғын)
Бірінші басшы: _________________ күні__________________
Бас бухгалтер __________________ күні__________________
Орындаушы: _____________________ күні__________________
Телефоны:__________________
Мөрдің орны

Қолданыстағы