Құжат мәтініне өту

О порядке, формах и сроках представления годовой финансовой отчетности организациями, осуществляющими деятельность по ведению системы реестров держателей ценных бумаг на рынке ценных бумаг

Қаулы · № 170 · қабылданған 15.12.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-22770/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О порядке, формах и сроках представления годовой финансовой отчетности организациями, осуществляющими деятельность по ведению системы реестров держателей ценных бумаг на рынке ценных бумаг Күшін жойған Қаулы ·№ 170 ·15.12.2004
25.05.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О порядке, формах и сроках представления годовой финансовой отчетности организациями, осуществляющими деятельность по ведению системы реестров держателей ценных бумаг на рынке ценных бумаг

Күшін жойған Қаулы ·№ 170 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О порядке, формах и сроках представления годовой финансовой отчетности организациями, осуществляющими деятельность по ведению системы реестров держателей ценных бумаг на рынке ценных бумаг
Атауы (қаз.)
Бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
170
Қабылданған күні
15.12.2004
Көрсетілген редакция
25.05.2009 AI22770_4.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040003380_
ЭКБ идентификаторы
22770
Редакция идентификаторы
AI22770_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:23

0 Бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. Бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - тіркеушілер) жыл сайын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) мыналар кіретін шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепті берсін:

1 1) 1-нысан бойынша жасалған, шоғырландырылмаған бухгалтерлік баланс (шоғырландырылған бухгалтерлік баланс) (осы қаулының 1-қосымшасы);

2 2) 2-нысан бойынша жасалған, пайдалар мен зияндар туралы туралы шоғырландырылмаған есеп (кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылған есеп) (осы қаулының 2-қосымшасы);

3 3) 3-нысан бойынша жасалған, ақша қаражаты қозғалысы туралы шоғырландырылмаған есеп (ақша қаражаты қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп) (осы қаулының 3-қосымшасы);

4 4) 4-нысан бойынша жасалған, капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылмаған есеп (капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп) (осы қаулының 4-қосымшасы);

5 5) толтырылуы жөнінде осы қаулының 5-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес жасалған, шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазба.

Еншілес және қауымдасқан ұйымдары болмаған кезде тіркеуші аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есепті ғана ұсынады.
Тіркеуші шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржылық есепті ұсынған кезде аудиторлық ұйым растамасы тек шоғырландырылған жылдық қаржылық есеп үшін ғана талап етіледі.
Тіркеушілер есепті жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезеңнің шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есебін есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей, есепті жылдың қаржылық есебіне жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша аудиторлық есеппен бірге ұсынады.

2 2. Тіркеуші:

1 1) шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепті уәкілетті органға электрондық тасымалдауышта және қағазға басып ұсынуды қамтамасыз етсін;

2 2) еншілес және қауымдасқан ұйымдарының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған негізде жасалған жылдық қаржылық есебінің жұмыс кестелерін және тиісті нысандарын қоса берсін.

3 3. Осы қаулы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" Жабық Акционерлік Қоғамына қолданылмайды.

4 4. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енеді.

5 5. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.

"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығы мен
қаржы ұйымдарын реттеу
және қадағалау
агенттігінің Төрағасы
2004 жылғы "__"_________

1 бухгалтерлік балансы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 170 қаулысына 1-қосымша
1-нысан
______________________________________________________
(бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар
тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын ұйымның толық атауы)
200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
бухгалтерлік балансы
(мың қазақстандық теңгемен)
Бап­тар­дың ата­уы
Ес­кер­ту
Есеп­ті
жыл­дың
со­ңын­да
Өт­кен
жыл­дың
со­ңын­да
1
2
3
4
Ак­тив­тер
Негіз­гі құ­рал-жаб­дық­тар
(амор­ти­за­ци­я­ны ше­гер­ген­де)
Ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер
(амор­ти­за­ци­я­ны ше­гер­ген­де)
Са­ту­ға ар­нал­ған ұзақ мер­зім­ді ак­тив­тер
Ин­ве­сти­ци­я­лық жы­л­жы­май­тын мү­лік
Бас­қа заң­ды тұ­лға­лар­дың ка­пи­та­лы­на
ин­ве­сти­ци­я­лар
Ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды ұста­у­шы­лар ті­зі­лі­мі
жүй­е­сін жүр­гі­зу жө­нін­де­гі қыз­мет­ті
көр­се­ту нәти­же­сін­де туын­да­ған
де­би­тор­лық бе­ре­шек (ық­ти­мал ысы­рап­қа
ар­нал­ған ре­зерв­тер­ді ше­гер­ген­де)
Өтел­ген­ге дей­ін ұста­ла­тын ба­ға­лы
қа­ға­з­дар (ық­ти­мал ысы­рап­қа ар­нал­ған
ре­зерв­тер­ді ше­гер­ген­де)
Са­ту­ға ар­нал­ған қол­да бар ба­ға­лы
қа­ға­з­дар (ық­ти­мал ысы­рап­қа ар­нал­ған
ре­зерв­тер­ді ше­гер­ген­де)
Мер­зі­мі ұзар­ты­л­ған са­лық­тық та­лап
Бас­қа да ак­тив­тер
Са­лық­тар және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа
да мін­дет­ті тө­лем­дер бой­ын­ша бюд­жет­ке
қой­ы­ла­тын та­лап­тар
"Ке­рі РЕ­ПО" опе­ра­ци­я­сы
Туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры
Са­уда ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры (ық­ти­мал
ысы­рап­қа ар­нал­ған ре­зерв­тер­ді
ше­гер­ген­де)
Ор­на­ла­сты­ры­л­ған са­лым­дар (бо­луы
ық­ти­мал шы­ғын­дар ре­зер­він ше­ге­ру­і­мен)
Ақ­ша және ақ­ша ба­ла­ма­ла­ры
Ак­тив­тер­дің жиын­тығы:
Ка­пи­тал
Жар­ғы­лық ка­пи­тал
Сый­лы­қа­қы­лар (қо­сым­ша тө­лен­ген ка­пи­тал)
Алын­ған ка­пи­тал
Ре­зерв­тік ка­пи­тал
Бас­қа да ре­зерв­тер
Бө­лін­бе­ген пай­да (өтел­ме­ген шы­ғын)
оның ішін­де:
өт­кен жыл­дар­дың
есеп­ті жыл­дың
Ка­пи­тал жиын­тығы:
Аз­шы­лық үле­сі
Мін­дет­те­ме­лер
Алын­ған ұзақ мер­зім­ді за­ем­дар
Ұзақ мер­зім­ді кре­ди­тор­лық бе­ре­шек
Ба­ға­лау мін­дет­те­ме­ле­рі
Шы­ға­ры­л­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар
Мер­зі­мі ұзар­ты­л­ған са­лық­тық мін­дет­те­ме
Ак­ци­о­нер­лер­мен ак­ци­я­лар бой­ын­ша есеп
ай­ы­ры­су бой­ын­ша есеп­тел­ген шы­ғы­стар
Қыз­мет­кер­лер­мен есеп ай­ы­ры­су бой­ын­ша
есеп­тел­ген шы­ғы­стар
Са­лық­тар және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа
да мін­дет­ті тө­лем­дер бой­ын­ша бюд­жет
ал­дын­да­ғы мін­дет­те­ме
"РЕ­ПО" опе­ра­ци­я­сы
Туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры
Бас­қа да мін­дет­те­ме­лер
Мін­дет­те­ме­лер жиын­тығы:
Ка­пи­тал және мін­дет­те­ме­лер жиын­тығы
Бірінші басшы: _________________ күні__________________
Бас бухгалтер __________________ күні__________________
Орындаушы: _____________________ күні__________________
Телефоны:__________________
Мөр орны

2 пайдалар мен зияндар туралы есеп

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 170 қаулысына 2-қосымша
2-нысан
______________________________________________________
(бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар
тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын ұйымның толық атауы)
200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
пайдалар мен зияндар туралы есеп
(мың қазақстандық теңгемен)
Бап­тар­дың ата­уы
Ес­кер­ту
Есеп­ті
жыл­да
Өт­кен
жыл­да
1
2
3
4
Негіз­гі қыз­мет­тен сый­а­қы
тү­рін­де­гі кі­рі­стер
Ағым­да­ғы шот­тар және ор­на­ла­сты­ры­л­ған
са­лым­дар бой­ын­ша сый­а­қы тү­рін­де­гі
кі­рі­стер
Са­тып алын­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша
сый­а­қы (ку­пон және/неме­се дис­конт)
тү­рін­де­гі кі­рі­стер
Ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды са­тып алу-са­ту­дан
кі­рі­стер (шы­ғын­дар) (нет­то)
Са­уда ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры құ­ны­ның өзге­ру­і­нен кі­рі­стер (шы­ғын­дар) (нет­то)
"Ке­рі РЕ­ПО" опе­ра­ци­я­ла­ры бой­ын­ша
кі­рі­стер
Ше­тел ва­лю­та­сын қай­та ба­ға­ла­удан
кі­рі­стер (шы­ғын­дар) (нет­то)
Қар­жы­лық емес ак­тив­тер­ді са­ту­дан
және ак­тив­тер­ді алу­дан кі­рі­стер
Бас­қа да кі­рі­стер
Кі­рі­стер жиын­тығы
Ко­мис­си­я­лық шы­ғы­стар
Са­тып алын­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша
сый­а­қы (сый­лы­қа­қы) тү­рін­де­гі шы­ғы­стар
Шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
бой­ын­ша сый­а­қы тү­рін­де­гі шы­ғы­стар
"РЕ­ПО" опе­ра­ци­я­ла­ры бой­ын­ша шы­ғы­стар
Алын­ған за­ем­дар және қар­жы­лық жал­дау
бой­ын­ша сый­а­қы тү­рін­де­гі шы­ғы­стар
Жал­пы әкім­ші­лік шы­ғы­стар
Қар­жы­лық емес ак­тив­тер­ді са­ту­дан
және ак­тив­тер­ді өт­кі­зу­ден шы­ғы­стар
Бас­қа да шы­ғы­стар
Шы­ғы­стар жиын­тығы
Ре­зерв­тер­ге (про­ви­зи­я­лар­ға)
ауда­ры­л­ған­ға дей­ін­гі пай­да (шы­ғын)
Опе­ра­ци­я­лар бой­ын­ша ық­ти­мал шы­ғын­дар­ға
ар­нал­ған ре­зерв­тер (ре­зерв­тер­ді қал­пы­на
кел­ті­ру)
Бас­қа заң­ды тұ­лға­лар­дың ка­пи­та­лы­на қа­ты­су­дан кі­ріс
Ке­зең­де­гі пай­да (зи­ян)
Тоқ­та­ты­л­ған қыз­мет­тен пай­да (зи­ян)
Са­лық са­лын­ған­ға дей­ін­гі пай­да (шы­ғын)
Кор­по­ра­тив­тік та­быс са­лы­ғы
Са­лық са­лын­ған­нан кей­ін­гі та­за пай­да
(шы­ғын)
Аз­шы­лық үле­сі
Ке­зең ішін­де­гі та­за пай­да (шы­ғын)
Бірінші басшы: _________________ күні__________________
Бас бухгалтер __________________ күні__________________
Орындаушы: _____________________ күні__________________
Телефоны:__________________
Мөр орны

3 ақша қаражаты қозғалысы (жанама әдіс) туралы есеп

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 170 қаулысына 3-қосымша
3-нысан
______________________________________________________
(бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар
тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын ұйымның толық атауы)
200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
ақша қаражаты қозғалысы (жанама әдіс) туралы есеп
(мың қазақстандық теңгемен)
Бап­тар­дың ата­уы
Ес­кер­ту
Есеп­ті
жыл­да
Өт­кен
жыл­да
1
2
3
4
Опе­ра­ци­я­лық қыз­мет­ке бай­ла­ны­сты
ақ­ша тү­сім­де­рі және тө­лем­де­рі
Са­лық са­лын­ған­ға дей­ін­гі та­за пай­да
(шы­ғын)
Ақ­ша­лай емес опе­ра­ция бап­та­ры­на
тү­зе­ту­лер:
оның ішін­де:
амор­ти­за­ци­я­лық ауда­ру және то­зу
ық­ти­мал ысы­рап­қа ар­нал­ған
ре­зерв­тер бой­ын­ша шы­ғы­стар
ше­тел ва­лю­та­сы­мен опе­ра­ци­я­лар бой­ын­ша
ба­ғам­дық ай­ыр­ма тү­рін­де­гі жұм­сал­ма­ған
кі­рі­стер мен шы­ғы­стар
ала­тын сый­а­қы тү­рін­де­гі есеп­тел­ген
кі­рі­стер
сый­а­қы тө­леу шы­ғы­ста­ры
ақ­ша­лай емес бап­тар­ға бас­қа да тү­зе­ту­лер
Опе­ра­ци­я­лық ак­тив­тер мен мін­дет­те­ме­лер
өзгер­ген­ге дей­ін­гі опе­ра­ци­я­лық кі­ріс
(шы­ғын)
Опе­ра­ци­я­лық ак­тив­тер­де­гі (ұл­ғаю) азаю:
ұзақ мер­зім­ді де­би­тор­лық бе­ре­шек­тің
(ұл­ға­юы) аза­юы
Са­ту­ға ар­нал­ған қол­да бар ба­ға­лы
қа­ға­з­дар­дың (ұл­ға­юы) аза­юы
бо­ла­шақ ке­зең­дер шы­ғы­ста­ры­ның
(ұл­ға­юы) аза­юы
қы­сқа мер­зім­ді де­би­тор­лық бе­ре­шек­тің
(ұл­ға­юы) аза­юы
"Ке­рі РЕ­ПО" опе­ра­ци­я­ла­ры­ның
(ұл­ға­юы) аза­юы
са­уда ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры­ның (ұл­ға­юы) аза­юы
ор­на­ла­сты­ры­л­ған са­лым­дар­дың
(ұл­ға­юы) аза­юы
бас­қа да ак­тив­тер­дің (ұл­ға­юы) аза­юы
Опе­ра­ци­я­лық мін­дет­те­ме­лер­дің ұл­ға­юы
(аза­юы):
ұзақ мер­зім­ді кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­тің
ұл­ға­юы (аза­юы)
бо­ла­шақ ке­зең­дер кі­рі­сте­рі­нің ұл­ға­юы
(аза­юы)
қы­сқа мер­зім­ді кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­тің
ұл­ға­юы (аза­юы)
"РЕ­ПО" опе­ра­ци­я­ла­ры­ның ұл­ға­юы (аза­юы)
Бас­қа да мін­дет­те­ме­лер­дің ұл­ға­юы (аза­юы)
Опе­ра­ци­я­лық қыз­мет­тен ақ­ша­ның ұл­ға­юы
(аза­юы)
Кор­по­ра­тив­тік та­быс са­лы­ғы
Опе­ра­ци­я­лық қыз­мет­тен ақ­ша­ның са­лық
са­лын­ған­нан кей­ін­гі ұл­ға­юы (аза­юы)
Ин­ве­сти­ци­я­лық қыз­мет­ке бай­ла­ны­сты
ақ­ша тү­сім­де­рі мен тө­лем­дер
Өтел­ген­ге дей­ін ұста­ла­тын ба­ға­лы
қа­ға­з­дар­ды са­тып алу (са­ту)
Негіз­гі құ­рал-жаб­дық­тар мен ма­те­ри­ал­дық
емес ак­тив­тер­ді са­тып алу
Негіз­гі құ­рал-жаб­дық­тар мен ма­те­ри­ал­дық
емес ак­тив­тер­ді са­ту
Бас­қа заң­ды тұ­лға­лар­дың ка­пи­та­лы­на
ин­ве­сти­ци­я­лар
Бас­қа да тү­сім­дер мен тө­лем­дер
Ин­ве­сти­ци­я­лық қыз­мет­тен ақ­ша­ның
ұл­ғаю (азаю) жиын­тығы
Қар­жы­лық қыз­мет­ке бай­ла­ны­сты
ақ­ша тү­сім­де­рі мен тө­лем­дер
Ак­ци­я­лар шы­ға­ру
Бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды шы­ға­ру
Ак­ци­я­лар­ды және қа­ты­су үле­сте­рін
алу неме­се өтеу
Алын­ған за­ем­дар
Ак­ци­я­лар бой­ын­ша ди­ви­денд­тер тө­леу
Бас­қа да тү­сім­дер мен тө­лем­дер
Қар­жы­лық қыз­мет­тен ақ­ша­ның ұл­ғаю
(азаю) жиын­тығы
Есеп­ті ке­зең­де­гі ақ­ша­ның та­за
ұл­ғаю (азаю) жиын­тығы
Ке­зең ба­сын­да­ғы ақ­ша және ақ­ша ба­ла­ма­ла­ры қал­ды­ғы
Ке­зең со­ңын­да­ғы ақ­ша және ақ­ша ба­ла­ма­ла­ры қал­ды­ғы
Бірінші басшы: _________________ күні__________________
Бас бухгалтер __________________ күні__________________
Орындаушы: _____________________ күні__________________
Телефоны:__________________
Мөр орны

4 Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 170 қаулысына 4-қосымша
4-нысан
____________________________________________________
(бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның толық атауы)
200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
капиталындағы өзгеріс туралы есеп
(мың Қазақстан теңгесімен)
Бас ұй­ым­ның ка­пи­та­лы
Жар­ғы­лық ка­пи­тал
Ре­зерв­тік
ка­пи­тал
Бас­қа да ре­зерв­тер
1
2
3
4
Ал­дың­ғы ке­зең
ба­сын­да­ғы саль­до
Есеп са­я­са­тын­да­ғы
өзге­рі­стер және
қа­те­лер­ді тү­зе­ту
Өт­кен ке­зең
ба­сын­да қай­та
са­нал­ған саль­до
Негіз­гі
құ­рал-жаб­дық­тар­ды
қай­та ба­ға­лау
Са­ту­ға ар­нал­ған
қол­да бар ба­ға­лы
қа­ға­з­дар құ­ны­ның
өзге­руі
Ақ­ша ағын­да­рын
хеджир­леу
Бас­қа да
опе­ра­ци­я­лар­дан
пай­да (зи­ян)
Ка­пи­тал­дың өзін­де
ті­ке­лей та­ны­л­ған
пай­да (зи­ян)
Ке­зең­де­гі пай­да
(зи­ян)
Ке­зең­де­гі бар­лық
пай­да (зи­ян)
Ди­ви­денд­тер
Ак­ци­я­лар эмис­си­я­сы
(құ­ры­л­тай­шы­лар­дың
са­лым­да­ры және
пай­ла­ры)
Са­тып алын­ған
ак­ци­я­лар
(құ­ры­л­тай­шы­лар­дың
са­лым­да­ры және
пай­ла­ры)
Іш­кі ауда­рым­дар
оның ішін­де:
Негіз­гі
құ­рал-жаб­дық­тар­ды
жи­нақ­тал­ған қай­та
ба­ға­ла­удың өзге­руі
ре­зерв­тік
ка­пи­тал­ды
қа­лып­та­сты­ру
Бас­қа да
опе­ра­ци­я­лар
Есеп­ті ке­зең
ба­сын­да­ғы саль­до
Есеп са­я­са­тын­да­ғы
өзге­рі­стер және
қа­те­лер­ді тү­зе­ту
Есеп­ті ке­зең
ба­сын­да қай­та
са­нал­ған саль­до
Негіз­гі
құ­рал-жаб­дық­тар­ды
қай­та ба­ға­лау
Са­ту­ға ар­нал­ған
қол­да бар ба­ға­лы
қа­ға­з­дар құ­ны­ның
өзге­руі
Ақ­ша ағын­да­рын
хеджир­леу
Бас­қа да
опе­ра­ци­я­лар­дан пай­да (зи­ян)
Ка­пи­тал­дың өзін­де
ті­ке­лей та­ны­л­ған
пай­да (зи­ян)
Ке­зең­де­гі пай­да
(зи­ян)
Ке­зең­де­гі бар­лық
пай­да (зи­ян)
Ди­ви­денд­тер
Ак­ци­я­лар эмис­си­я­сы
(құ­ры­л­тай­шы­лар­дың
са­лым­да­ры және
пай­ла­ры)
Са­тып алын­ған
ак­ци­я­лар
(құ­ры­л­тай­шы­лар­дың
са­лым­да­ры және
пай­ла­ры)
Іш­кі ауда­рым­дар
оның ішін­де:
Негіз­гі
құ­рал-жаб­дық­тар­ды
жи­нақ­тал­ған қай­та
ба­ға­ла­удың өзге­руі
ре­зерв­тік
ка­пи­тал­ды
қа­лып­та­сты­ру
Бас­қа да
опе­ра­ци­я­лар
Есеп­ті ке­зең
со­ңын­да­ғы саль­до
кестенің жалғасы
Аз­шы­лық үле­сі
Ка­пи­тал жиын­тығы
Бө­лін­бе­ген
пай­да
(өтел­ме­ген
зи­ян)
Бар­лы­ғы
5
6
7
8
"Бас ұйымның капиталы" және "Азшылық үлесі" бағандары шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау кезінде толтырылады.
Шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті жасау кезінде немесе еншілес ұйымдар болмаған кезде инвестициялық портфельді басқарушылар 2-6-бағандарды толтырады.
Бірінші басшы ___________________ күні ___________________
Бас бухгалтер ______________________ күні ___________________
Орындаушы ___________________________ күні ___________________
Телефоны _______________________________
Мөр қоюға арналған орын

5 Шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазбаны толтыру жөніндегі талаптар

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 170 қаулысына 5-қосымша
Шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазбаны толтыру жөніндегі талаптар

1 1. Шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазбаға мыналар кіреді:

1 1) активтер мен міндеттемелер бойынша есепті кезеңде болған өзгерістер;

2 2) қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері бойынша есепті кезеңде болған өзгерістер;

3 3) ақша ағыны бойынша есепті кезеңде болған өзгерістер;

4 4) капитал бойынша есепті кезеңде болған өзгерістер.

2 2. Шоғырландырылған жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазбада шектелместен мынадай ақпарат ашылады:

1 1) еншілес және қауымдасқан ұйымдардың тізімі, олардың аффилиирленгендігі туралы ақпарат (қатынастардың сипаты және ауқымы);

2 2) тіркеуші және оның еншілес ұйымдары арасындағы өзара қарым-қатынастың сипаты;

3 3) атын, тіркелген елін немесе орналасқан жерін, оларға қатысу үлесінің мөлшерін, дауыс беретін акцияларының санын көрсете отырып басқа аффилиирленген тұлғалардың тізімі;

4 4) еншілес ұйымды сатып алудың немесе сатудың есепті және өткен кезеңдердегі қаржылық көрсеткіштерге әсері;

5 5) еншілес ұйымдарға инвестицияларды есепке алу үшін жеке жылдық қаржылық есепте пайдаланылатын әдіс;

6 6) қауымдасқан ұйымдарға инвестицияларды есепке алу үшін пайдаланатын әдіс;

7 7) еншілес ұйымның есебі шоғырландырылған жылдық қаржылық есепке кіргізілмеуінің себептері;

8 8) шоғырландырылған жылдық қаржылық есептің баптарына субъектілердің есептің осы баптарына қолданатын талаптарының айырмашылықтарынан жасауға болмайтын түзетулер;

9 9) жекелеген жылдық қаржылық есептердің біріктірілетін, түзетілетін және ауыстырылатын баптары, сондай-ақ шоғырландырудың нәтижесі;

10 10) азшылық үлесін құрайтын қатысушылардың атауын, олардың еншілес ұйымдардағы үлестерін көрсете отырып, азшылық үлесі туралы ақпарат;

11 11) есеп субъектілерінің бірлескен қызметке қатысу туралы ақпарат.

Қолданыстағы