Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления ежеквартальной финансовой отчетности организациями, осуществляющими деятельность по ведению системы реестров держателей ценных бумаг на рынке ценных бумаг
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления ежеквартальной финансовой отчетности организациями, осуществляющими деятельность по ведению системы реестров держателей ценных бумаг на рынке ценных бумаг
- Атауы (қаз.)
- Бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 171
- Қабылданған күні
- 15.12.2004
- Көрсетілген редакция
- 25.05.2009 AI22773_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.05.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040003388_
- ЭКБ идентификаторы
- 22773
- Редакция идентификаторы
- AI22773_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:23
0 Бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.
2
2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармаларының "Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2133 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 485 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 111 және 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 54 бірлескен қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2862 тіркелген, 2004 жылғы 1 маусымда "Казахстанская правда" газетінің № 120-121 және 2004 жылғы 1 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінің № 139 жарияланған) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
4 4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін.
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және қадағалау
агенттігінің Төрағасы
2004 жылғы "___" _____________
8 Бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 171 қаулысымен бекітілген
Бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", " Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
2
2. Осы Нұсқаулық қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - тіркеушілер) тоқсан сайын қаржылық есеп беру тізбесін, нысандарын және ұсыну мерзімдерін белгілейді.
3 3. Осы Нұсқаулық "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" жабық акционерлік қоғамына қолданылмайды.
2 2-тарау. Қаржылық есепті ұсыну
4 4. Тіркеушілер тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен 18.00 сағаттан кешіктірмей мынадай қаржылық есепті ұсынады:
1 1) 1-нысан бойынша жасалған бухгалтерлік баланс (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасы);
2 2) 2-нысан бойынша жасалған пайдалар мен зияндар туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы).
5 5. Қаржылық есепте деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - қазақстандық теңгемен көрсетіледі.
6 6. Қаржылық есепті жасағанда пайдаланылатын өлшем бірлігі мың қазақстандық теңгемен белгіленеді. Қаржылық есептегі бес жүз қазақстандық теңгеден аз сома нольге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз қазақстандық теңгеге тең және одан жоғары сома мың қазақстандық теңгеге дейін дөңгелектенеді.
7 7. алынып тасталды
8 8. алынып тасталды
9 9. Тіркеушілер уәкілетті органға қаржылық есепті ұсынылатын деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізудің көліктік жүйесін пайдалана отырып электрондық тасымалдауышта ұсынады.
10 10. алынып тасталды
10-1
10-1. Тоқсан сайын жасалатын қағаздағы қаржылық есепке бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға және бас бухгалтер қол қояды, мөрмен бекітіледі және тіркеушіде сақталады. Тіркеуші уәкілетті органның талабы бойынша жазбаша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей түзетулері жоқ қаржылық есепті қағазда ұсынады.
10-2 10-2. Электрондық тасымалдауышта ұсынылған қаржылық есеп қағаздағы қаржылық есепке сәйкес келуі тиіс. Электрондық тасымалдауышта ұсынылатын деректердің қағаздағы деректермен бірдей болуын тіркеушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етеді.
11 11. алынып тасталды
12 12. Тіркеуші ұсынған қаржылық есептен уәкілетті орган дәлсіздіктер немесе қателер анықтаса тіркеушіге бұл жөнінде хабарлайды. Тіркеуші хабарлама алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ескертулері ескеріле отырып пысықталған қаржылық есепті электрондық тасымалдауышта ұсынады.
13 13. алынып тасталды
14 14. Қаржылық есепті уақтылы бермеу, бермеу немесе қаржылық есепте күмәнді мәліметтер беру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
3 3-тарау. Қорытынды ережелер
15 15. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
1 бухгалтерлік балансы
Бағалы қағаздар нарығында
бағалы қағаздарды ұстаушылар
тізілімдерінің жүйесін жүргізу
жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын ұйымдардың тоқсан
сайын қаржылық есеп беру
тізбесі, нысандары және ұсыну
мерзімдері туралы нұсқаулыққа
1-қосымша
1-нысан
____________________________________________________________
(бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның толық атауы)
200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
бухгалтерлік балансы
(мың қазақстандық теңгемен)
Баптардың атауы
Ескерту
есептік
кезеңнің
аяғында
өткен
жылдың
аяғында
1
2
3
4
Активтер
Негізгі құрал-жабдықтар
(амортизацияны шегергенде)
Материалдық емес активтер
(амортизацияны шегергенде)
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер
Инвестициялық жылжымайтын мүлік
Басқа заңды тұлғалардың капиталына
инвестициялар
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
(ықтимал ысырапқа арналған
резервтерді шегергенде)
Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы
қағаздар (ықтимал шығындарға арналған
резервтерді шегергенде)
Сатуға арналған қолда бар бағалы
қағаздар (ықтимал ысырапқа арналған
резервтерді шегергенде)
Мерзімі ұзартылған салықтық талап
Берілген аванстар
Басқа да активтер
Қорлар
Салықтар және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер бойынша
бюджетке қойылатын талаптар
Алдағы кезеңдердің шығыстары
Басқа да дебиторлық берешек
(ықтимал ысырапқа арналған
резервтерді шегергенде)
"Кері РЕПО" операциясы
Туынды қаржы құралдары
Сауда бағалы қағаздары (ықтимал
ысырапқа арналған резервтерді
шегергенде)
Орналастырылған салымдар (ықтимал ысырапқа арналған резервтерді шегергенде)
Ақша және ақша баламалары
оның ішінде:
кассадағы қолма-қол ақша
банктердің шоттарындағы ақша
Активтердің жиынтығы:
Капитал
Жарғылық капитал
Сыйлықақылар
(қосымша төленген капитал)
Алынған капитал
Резервтік капитал
Басқа да резервтер
Бөлінбеген пайда (өтелмеген шығын)
оның ішінде:
өткен жылдардағы
есепті кезеңдегі
Капитал жиынтығы:
Азшылық үлес
Міндеттемелер
Ұзақ мерзімді алынған заемдар
оның ішінде:
қаржылық жалдау
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері
Шығарылған борыштық бағалы қағаздар
Мерзімі ұзартылған салықтық
міндеттеме
Алдағы кезеңдегі кірістер
Алынған аванстар
Акционерлермен акциялар жөнінде есеп
айырысу бойынша есептелген шығыстар
Қызметкерлермен есеп айырысу бойынша
есептелген шығыстар
Салықтар және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер бойынша
бюджет алдындағы міндеттеме
Қысқа мерзімді кредиторлық берешек
Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері
Қысқа мерзімді алынған заемдар
"РЕПО" операциясы
Туынды қаржы құралдары
Басқа да міндеттемелер
Міндеттемелер жиынтығы:
Капитал және міндеттемелер жиынтығы
Бірінші басшы _________________ күні__________________
Бас бухгалтер __________________ күні__________________
Орындаушы _____________________ күні__________________
Телефоны __________________
Мөр орны
2 пайдалар мен зияндар туралы есебі
Бағалы қағаздар нарығында
бағалы қағаздарды ұстаушылар
тізілімдерінің жүйесін жүргізу
жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын ұйымдардың тоқсан
сайын қаржылық есеп беру
тізбесі, нысандары және ұсыну
мерзімдері туралы нұсқаулыққа
2-қосымша
2-нысан
____________________________________________________________
(бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу
бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымның толық атауы)
200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
пайдалар мен зияндар туралы есебі
(мың қазақстандық теңгемен)
Баптардың атауы
Ескерту
Есептік
кезеңде
Ағымдағы
жылдың
басынан
бастап
кезең
ішінде
(өспелі
жиынтығымен)
Өткен
жылдың
осындай
кезеңінде
Өткен
жылдың
осындай
кезеңінде
(өспелі
жиынтығымен)
1
2
3
4
5
6
Негізгі қызметтен сыйақы
түріндегі кірістер
Ағымдағы шоттар және
орналастырылған салымдар
бойынша сыйақы түріндегі
кірістер
Сатып алынған бағалы
қағаздар бойынша сыйақы
(купон және/немесе дисконт) түріндегі кірістер
Бағалы қағаздарды сатып
алу-сатудан түскен
кірістер (шығындар)
(нетто)
Сауда бағалы қағаздары
құнының өзгеруінен
кірістер (шығындар)
(нетто)
"Кері РЕПО" операциялары бойынша кірістер
Шетел валютасын қайта
бағалаудан кірістер
(шығындар) (нетто)
Қаржылық емес активтерді
сатудан және активтерді
алудан кірістер
Басқа да кірістер
Кірістер жиынтығы
Комиссиялық шығыстар
Сатып алынған бағалы
қағаздар бойынша сыйақы
(сыйлықақылар) түріндегі
шығыстар
Шығарылған бағалы
қағаздар бойынша сыйақы
түріндегі шығыстар
"РЕПО" операциялары
бойынша шығыстар
Алынған заемдар және
қаржылық жалдау бойынша
сыйақы түріндегі
шығыстар
Жалпы әкімшілік шығыстар
оның ішінде:
еңбекақы төлеу және
іссапар шығыстары
амортизациялық
аударымдар және тозу
ағымдағы жалдау
бойынша шығыстар
бюджетке салықтар және
басқа міндетті төлемдер
төлеу бойынша шығыстар
(корпоративтік табыс
салығынан басқасы)
Қаржылық емес активтерді
сатудан және активтерді
өткізуден түскен
шығыстар
Басқа да шығыстар
Шығыстар жиынтығы
Резервтерге (провизия-
ларға) аударылғанға
дейінгі пайда (шығын)
Операциялар бойынша ық-
тимал шығындарға арнал-
ған резервтер (резерв-
терді қалпына келтіру)
Басқа заңды тұлғалардың
капиталына қатысудан
кіріс
Кезеңдегі пайда (зиян)
Тоқтатылған қызметтен пайда (зиян)
Салық салынғанға дейінгі
пайда (шығын)
Корпоративтік табыс
салығы
Салық салынғаннан кейінгі таза пайда (шығын)
Азшылық үлес
Кезең ішіндегі таза
пайда (шығын)
Бірінші басшы _________________ күні__________________
Бас бухгалтер __________________ күні__________________
Орындаушы _____________________ күні__________________
Телефоны __________________
Мөрдің орны