Об утверждении Правил проведения хирургической стерилизации граждан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения хирургической стерилизации граждан
- Атауы (қаз.)
- Азаматтарға хирургиялық стерилдеуді жүргізу ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 07.01.2005
- Көрсетілген редакция
- 30.10.2009 AI22777_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.10.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003352_
- ЭКБ идентификаторы
- 22777
- Редакция идентификаторы
- AI22777_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:17
0 Азаматтарға хирургиялық стерилдеуді жүргізу ережесін бекіту туралы
"Азаматтардың ұрпақ жаңғырту құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1 1. Қоса беріліп отырған сәйкес азаматтарға хирургиялық стерилдеуді жүргізу ережесі бекітілсін.
2 2. Емдеу-алдын алу ісі, аккредиттеу, ақпаратты талдау департаменті (Нерсесов А.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
3 3. Әкімшілік департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық ресми тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Облыстық, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) басшылары (келісім бойынша) осы бұйрықты іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау Вице-Министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін.
6 6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
7 Азаматтарға хирургиялық стерилдеуді жүргізу туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2005 жылғы 7 қаңтардағы
№ 7 бұйрығына қосымша
Азаматтарға хирургиялық стерилдеуді жүргізу туралы ереже
1 1. Хирургиялық стерилдеуді қаламаған жүктіліктің алдын алу әдісі ретінде жасы отыз бестен асқан немесе екі баласы бар, медициналық айғақтары бар және жасы мен баласының санына қарамай азаматтардың келісімімен жасалады.
2 2. Хирургиялық стерилдеуді тек қана азаматтардың келісімімен, емдеу-алдын алу ұйымдарында стационар жағдайында, меншік түріне қарамай, көрсетілген қызмет түріне лицензиясы бар, аталған операцияны жасау қажеттілігін алдын ала құлағдар ете отырып жүргізіледі.
3 3. Азаматтардың хирургиялық стерилдеуге медициналық айғақтарды медициналық ұйымдарда, құрамында денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, дәрігер акушер-гинеколог, ауру шыққан жердің маман дәрігері бар комиссия (бұдан әрі - ДКК) белгілейді.
Медициналық айғақтары болған жағдайда аталған мамандардың қолы қойылған және медициналық ұйымның мөрімен куәландырылған толық клиникалық диагнозы қойылған қорытынды беріледі.
Әйелдерге акушерлік-гинекологиялық стационар жағдайында медициналық айғақтар қойылған жағдайда, ауру тарихына әйелдің ауруына (жай-күйіне) қарай маман дәрігердің, емдеуші дәрігердің және денсаулық сақтау ұйымының (бөлімшесінің) басшысының қолдарымен бекітіліп, тиісті жазбалар жазылады.
4 4. Хирургиялық стерилдеу хирургиялық стерилидеу әдісі бойынша арнайы дайындықтан өткен дәрігерлер (минилапоротомия, лапроскопия, вазектомия) жүргізеді.
5 5. Емдеу-алдын алу ұйымдарының дәрігер акушер-гинекологтар, уролог-андрологтар азаматтар хирургиялық стерилдеуге жолдама алу үшін өтініш жасаған кезде операцияға медициналық қарсы айғақтардың жоқтығын анықтау үшін тексеру, қарау жүргізеді.
Тексерудің деректері амбулаториялық науқастың медициналық картасына (№ 025/у нысаны) жазылады.
Хирургиялық стерилдеу бойынша операциялар жасауға байланысты азаматтарға іш қуысы хирургиялық операциялары үшін регламенттелген толық клиникалық тексеру өткізіледі.
6
6. Хирургиялық стерилдеу операцияларын жасауға медициналық қарсы айғақтар болмаған жағдайда азаматтарға ұйымдардың атауы мен мекен-жайы, көрінушіні тексерудің қорытындысы, ДКК қорытындысы, сондай-ақ көрінушінің жазбаша келісімі көрсетіле отырып азаматтарға медициналық ұйымға жолдама (028/у нысан) беріледі.
7
7. Хирургиялық стерилдеу операциясын жасар алдында емдеу-алдын алу ұйымының дәрігері мынадай медициналық есеп беру-есепке алу құжаттарын толтыруы қажет: "Амбулаториялық аурудың медициналық картасы" (№ 25/у нысан), "Қорытынды (анықталған) диагноздарды тіркеуге арналған статистикалық талон" (№ 25-2/у нысан), стационарда - "Стационарлық аурудың медициналық картасы" (№ 003-у нысан), операциялық журнал (№ 008/у нысан), сондай-ақ әйелдер консультациясы мен жалпы емдеу жүйесіндегі емханаға арналған көшірме.
15 Хирургиялық стерилдеуді жүргізу үшін медициналық айғақтар мен қарсы айғақтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2005 жылғы 7 қаңтардағы
№ 7 бұйрығымен бекітілген
Азаматтарға хирургиялық стерилдеуді
жүргізу ережесіне қосымша
Хирургиялық стерилдеуді жүргізу үшін медициналық айғақтар мен қарсы айғақтарының тізбесі