Об утверждении правил установления критериев соответствия иных услуг, оказываемых в электронной форме, для обеспечения обязательного доступа к ним посредством веб-портала «цифрового правительства» и (или) мобильного приложения «цифрового правительства» и критериев соответствия иных услуг, оказываемых в электронной форме, для обеспечения обязательного доступа к ним посредством веб-портала «цифрового правительства» и (или) мобильного приложения «цифрового правительства» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтердің «цифрлық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы арқылы оларға міндетті түрде қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін сәйкестік өлшемшарттарын белгілеу қағидаларын және электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтердің «цифрлық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы арқылы оларға міндетті түрде қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін сәйкестік өлшемшарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 75-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтердің «цифрлық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы арқылы оларға міндетті түрде қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін сәйкестік өлшемшарттарын белгілеу қағидалары;
Тармақша 2
2) Электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтердің «цифрлық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы арқылы оларға міндетті түрде қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін сәйкестік өлшемшарттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтерге міндетті қолжетімділікті веб-портал «цифрлық үкімет» және (немесе) «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы арқылы қамтамасыз ету үшін сәйкестік өлшемшарттарын белгілеу қағидалары
Бұйрығымен бекітілген Электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтерге міндетті қолжетімділікті веб-портал «цифрлық үкімет» және (немесе) «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы арқылы қамтамасыз ету үшін сәйкестік өлшемшарттарын белгілеу қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтерге міндетті қолжетімділікті веб-портал «цифрлық үкімет» және (немесе) «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы арқылы қамтамасыз ету үшін сәйкестік өлшемшарттарын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 75-бабының 7-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтерге «цифрлық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы арқылы міндетті қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін сәйкестік өлшемшарттарын белгілеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Цифрландыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – цифрландыру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 2
2) «Цифрлық үкіметтің» веб-порталы – мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, оның ішінде нормативтік құқықтық базаға, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «бір терезесін» білдіретін цифрлық объект;
Тармақша 3
3) «Цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы – ұялы байланыс абоненттік құрылғысына орнатылған және іске қосылған, ұялы байланыс пен Интернет желісі арқылы мемлекеттік қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін бағдарламалық өнім.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне талдау жүргізіп, «цифрлық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы арқылы оларға міндетті қолжетімділікті қамтамасыз етуге жататын өзге де қызметтерді айқындайды.
Тармақ 4
4. «Цифрлық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы арқылы өзге де қызметтерге міндетті қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін сәйкестік өлшемшарттарын уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген талдау нәтижелері бойынша қызметтің сұранысқа ие болуы, оның әлеуметтік маңыздылығы, сондай-ақ қызметті электрондық нысанда көрсету мүмкіндігі негізінде белгілейді.
Тармақ 5
5. Талдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) Өзге де қызметтерді көрсетуге құқығы бар тұлғалар шеңберін айқындайды;
Тармақша 2
2) Киберқауіпсіздік және дербес деректер, оларды қорғау салаларындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының тізбесін айқындайды.
Тармақ 6
6. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне талдау жүргізу кезінде уәкілетті орган бір күнтізбелік жыл ішінде өзге де қызметтерді алушылардың санын ескереді. Өзге де қызметтерді алушылардың орташа саны негізінде уәкілетті орган «цифрлық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы арқылы оларға міндетті қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін өзге де қызметтердің сәйкестік өлшемшарттарының бірі ретінде қызметті алушылардың ең төменгі санын белгілейді.
Басқа 1. «Цифрлық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы арқылы оларға міндетті қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтердің сәйкестік өлшемшарттары
Бұйрығымен бекітілген «Цифрлық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы арқылы оларға міндетті қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтердің сәйкестік өлшемшарттары
Тармақ 1
1. Электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтер мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда, оларға «цифрлық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы арқылы міндетті қолжетімділік қамтамасыз етілуге тиіс:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері немесе мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар көрсетеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік функцияның немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген қызметтің белгілері мен өлшемшарттарын қамтымайды және электрондық нысанда көрсетіледі;
Тармақша 3
3) қызметті іске асыратын цифрлық объектіге айрықша құқықтары бар Қазақстан Республикасының резиденттері көрсетеді;
Тармақша 4
4) қызметтерді іске асыратын цифрлық объектінің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бойынша сенімнің 4 (төртінші) деңгейінен төмен емес сәйкестік сертификаты немесе киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы оң сынақ хаттамалары болады;
Тармақша 5
5) көрсетілетін қызметті алушының дербес деректерін рұқсатсыз жинауға, сақтауға және олардың таралып кетуіне әкеп соқтырмайды;
Тармақша 6
6) билікті күштеп басып алуды немесе ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін күшпен өзгертуді, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді насихаттайтын, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзуға әкеп соғатын және азаматтардың денсаулығына, қоғамның имандылығына зиян келтіретін ақпаратты қамтымайды;
Тармақша 7
7) бір күнтізбелік жыл ішінде кемінде елу өзге де қызметтің көрсетілуімен расталатын сұранысқа ие болуы.