Құжат мәтініне өту

Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм по эпидемиологии

Бұйрық · № 811 · қабылданған 15.11.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-22788/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм по эпидемиологии Күшін жойған Бұйрық ·№ 811 ·15.11.2004
13.08.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм по эпидемиологии

Күшін жойған Бұйрық ·№ 811 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм по эпидемиологии
Атауы (қаз.)
Эпидемиология бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
811
Қабылданған күні
15.11.2004
Көрсетілген редакция
13.08.2010 AI22788_4.kaz
Соңғы өзгеріс
13.08.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040003295_
ЭКБ идентификаторы
22788
Редакция идентификаторы
AI22788_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:32

0 Эпидемиология бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы

"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1 1. Қоса беріліп отырған "Медицина техникасын және медициналық мақсаттағы бұйымдарды іске асыратын объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жолдасын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 "Медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек сауда арқылы сататын нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы cанитарлық ережелер мен нормалар

"Медициналық бұйымдарды көтерме
және бөлшек сауда арқылы сататын
нысандарға қойылатын санитарлық-
эпидемиологиялық талаптар" туралы
cанитарлық ережелер мен нормалар
2004 жылғы 15 қарашадағы
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
№ 811 Бұйрығымен бекітілген
"Медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек сауда арқылы сататын нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы cанитарлық ережелер мен нормалар

1 1. Жалпы ережелер

1

1. "Медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек сауда арқылы сататын нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы cанитарлық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) меншік түріне қарамастан қызметі медицинада қолданатын бұйымдарды сатумен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға арналған.

2 2. Заңды және жеке тұлғалар, осы санитарлық ережелердің талаптарын орындауды қамтамасыз етеді.

3 3. Осы санитарлық ережелерде қолданылатын негізгі түсініктер:

1 1) медициналық техниканы және медицинада қолданылатын бұйымдарды сатумен айналысатын нысандар - медициналық бұйымдар мен медициналық техниканы сатумен айналысатын дүкендер, қоймалар және оптика дүкендері;

2 2) медициналық техника - аспаптар, аппараттар, құрал-саймандар, құрылымдар, кешенді құрал-жабдықтар, сондай-ақ олардың жұмысына байланысты бақылау, үлгі және реагент ретінде жұмсалатын шығын материалдары.

2 2. Ұйымдарды орналастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

4

4. Медициналық техниканы және медицинада қолданылатын бұйымдарда сатумен айналысатын көтерме және бөлшек сауда жүргізетін нысандарға жер учаскесін бөлу, олардың құрылысын жүргізуді, қайта құруды жобалайтын құжаттарды бекіту, пайдалануға қабылдау жұмыстары санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда ғана жүргізіледі.

5 5. Дүкендерді былай орналастыру керек:

1 1) жеке тұрған ғимараттарда;

2 2) өзіне кіретін жеке есігі бар болғанда әкімшілік немесе тұрғын-үй ғимаратының құрылымына кіретін бірінші қабаттағы оқшауланған үй-жайларда;

3 3) дәріхана ұйымдарында, осы санитарлық ережелердің талаптарына сай, алаң болғанда жеке бөлім ретіндегі үй-жайларда.

6 6. Қоймаларды былай орналастыру керек:

1 1) жеке тұрған ғимараттарда;

2 2) өзіне кіретін жеке есігі бар болғанда, әкімшілік ғимаратының құрамына кіретін бірінші қабаттағы оқшауланған үй-жайларда;

3 3) (алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2008.05.21 № 293 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен).

7 7. Қоймалардың негізгі және қосымша үй-жайларының алаңы осы санитарлық ереженің қосымшаларында көрсетілген талаптарға сай болуы керек.

8 8. Тиеп-түсіретін алаңдар мен платформаларды жобалағанда жүктерді және тиеп-түсіретін механизмдерді атмосфералық жауын-шашыннан қорғауға қойылатын талаптарды еске ала отырып жүргізу керек.

3 3. Үй-жайлар мен құрал-жабдықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

9 9. Қойма ғимараттарын көлемді-жоспарлау арқылы шешкенде, оның құрылысын қайта құру, технологиялық тұрғыдан жүктерді сақтау жұмыстарына өзгерістер енгізу мүмкіндігін ескерген жөн.

10 10. Бір ғимараттың ішінде жүктерді сақтайтын, таситын, қабылдайтын, сорттайтын, жинақтайтын үй-жайларға бөліп, сондай-ақ, қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай, тұрмыстық, әкімшілік үй-жайлар қарастырылуы керек.

11 11. Сумен қамтамасыз ету, канализация, жарықтандыру қолданыстағы ҚНжЕ-нің ережелерінің талаптарына сай болуы керек.

12

12. Қойма үй-жайларында және нысандарда ауамен жылыту немесе жылыту құралдарын ауа арқылы жылытумен біріктіруге болады. Қойма үй-жайларында жүкті сақтау технологиясына сай болатын болса, кондиционерлерді қолдануға болады, ал егер ауа ортасының керекті параметрлері қамтамасыз етілмесе, жалпы ауа айырбастайтын желдету жүйесін немесе булану арқылы ауаны салқындататын желдету жүйесін пайдалану керек.

13 13. Нысандарда және қойма үй-жайларында сағатына ауа мөлшерін бір рет өзгертетін табиғи жалпы ауа айырбастайтын желдету жүйесін қолдану керек.

14 14. Қойма үй-жайларында кондиционерлерді қолданғанда, сыртқы есіктің жанында немесе технологиялық тесіктердің қасында ауа немесе жылы ауа перделерін қолданады.

15 15. Қабырғалары мен төбелерді әрлеу үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген су өткізбейтін материалдар қолданылады.

16 16. Едендері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдармен жабу керек. Қойма үй-жайларының едендері ондағы сақталатын жүктердің салмағына, түріне және пайдаланылатын механизмдердің қарқындылығына байланысты болып, соған сай материалдармен жабылуы керек.

17 17. Қойма үй-жайлары, құрал-жабдықтары және жиһаздар таза болып, күн сайын ылғалды тазалау жұмыстары жүргізілуі керек.

18 18. Медициналық бұйымдар, қабырғадан кем дегенде 80-100 сантиметр (бұдан әрі - см) жерде орналасқан сөреде немесе тауар салынатын орындарда сақталынуы керек.

19 19. Қоймадағы өнімдер, қойма аумағының 70%-нан көп жерде орналаспауы керек. Егер, өнімдердің көлемі мен олардың түрлері көбейетін болса, сату мен сақтау жағдайларын жақсарту үшін, олардың көлемін ұлғайту керек.

20 20. Медициналық техниканы және медициналық бұйымдарды сататын нысандарда қолданыстағы ҚНжЕ сай, жұмыскерлерге арналған тұрмыстық үй-жайлар қарастырылуы керек.

21 21. Қойма жұмыскерлері Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің "Халықтың ерекше топтарына міндетті медициналық тексерістерден өту ережесін" бекіту туралы 2003 жылғы 20 қарашадағы № 766 бұйрығына сай медициналық тексерістерден өтулері керек.

1 Медициналық бұйымдарды сататын дүкендердің сақтайтын қоймалардың құрамымен керекті мөлшері

"Медициналық бұйымдарды көтерме
және бөлшек сауда арқылы сататын
нысандарға қойылатын санитарлық-
эпидемиологиялық талаптар" туралы
cанитарлық ережелер мен нормаларға
1-қосымша
Медициналық бұйымдарды сататын дүкендердің сақтайтын қоймалардың құрамымен керекті мөлшері
Үй-жай­лар­дың ата­уы
Ме­дици­на­лық бұй­ымдар­ды са­та­тын дү­кендер­дің ау­ма­ғы, м 2
Опти­ка дү­кені, м 2
Дә­ріха­на­лық қой­малар­дың ме­ди­цина­лық тех­ни­ка және ме­ди­цина­лық бұй­ым­дар бө­лі­мі, м 2
Кө­тер­ме са­уда­ға ар­нал­ған медицина­лық бұй­ым- дар­ды сақтай­тын қой­ма, м 2
1. Ха­лық­қа қыз­мет
көр­се­те­тін зал,
оның ішін­де:
22
18
-
12
1) құ­рал-жаб­дық­тар
ор­на­лас­қан аумақ
және қыз­мет­кер­лердің жұ­мыс орын­да­ры
Са­тыла­тын
заттар­дың
мөл­шеріне
және
түр­леріне
қа­рай,
бі­рақ
12 кем
бол­мауы
ке­рек
12
-
-
2) ке­лу­ші­лер­ге
ар­нал­ған холл
10
6
-
12
2. Қой­ма­лық үй-
жай­лар: ме­ди­ци­на­лық
бұй­ым­дар­ды сақ­та­у­ға
ар­нал­ған қой­ма;
қо­сал­қы бөл­шек­тер
мен шы­ға­ры­ла­тын
заттар­ды сақ­тай­тын
қой­ма;
кем де-
ген­де
30
-
кем деген­де
10
-
кем деген­де
50
6
3. Құ­рал-жыб­дық­тар
мен ап­па­рат­тар­дың
са­па­сын, дұ­рыс
жұ­мыс іс­те­уін,
жи­на­луын тек­се­ретін бөл­ме
12
-
16
4. Әкім­ші­лік-тұрмыстық үй жай:
1) мең­ге­ру­ші­нің
ка­би­не­ті;
2) қыз­мет­кер­лер­дің
ка­би­не­ті;
3) ки­ім іл­гіш;
4) жи­нап-та­за­лау
құ­рал­да­рын сақ­тайтын орын;
5) та­за­лық ор­ны
20
Дә­рі-
ханамен
бір­ге
-
30

Қолданыстағы