Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил представления отчета о совершенных сделках по инвестированию пенсионных активов и собственных активов накопительными пенсионными фондами и организациями, осуществляющими инвестиционное управление пенсионными активами

Қаулы · № 375 · қабылданған 27.12.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-22791/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об утверждении Правил представления отчета о совершенных сделках по инвестированию пенсионных активов и собственных активов накопительными пенсионными фондами и организациями, осуществляющими инвестиционное управление пенсионными активами Күшін жойған Қаулы ·№ 375 ·27.12.2004
24.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил представления отчета о совершенных сделках по инвестированию пенсионных активов и собственных активов накопительными пенсионными фондами и организациями, осуществляющими инвестиционное управление пенсионными активами

Күшін жойған Қаулы ·№ 375 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил представления отчета о совершенных сделках по инвестированию пенсионных активов и собственных активов накопительными пенсионными фондами и организациями, осуществляющими инвестиционное управление пенсионными активами
Атауы (қаз.)
Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың меншікті активтері жөнінде есеп беру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
375
Қабылданған күні
27.12.2004
Көрсетілген редакция
24.02.2012 AI22791_10.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040003376_
ЭКБ идентификаторы
22791
Редакция идентификаторы
AI22791_10
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:19

0 Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың меншікті активтері жөнінде есеп беру ережесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 49-бабының 1-тармағына және 55-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың меншікті активтері жөнінде есеп берудің қоса беріліп отырған ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енеді.

3 3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):

1 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және "Активтерді басқару қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4 4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

8 Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың меншікті активтері жөнінде есеп беру ережесі

Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі
агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 375 қаулысымен
бекітілген
Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың меншікті активтері жөнінде есеп беру ережесі

1

1. Осы Ереже зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер және жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі – Қор) мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың (бұдан әрі – Ұйым) меншікті активтері жөнінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) есеп беру тәртібін, нысанын және мерзімдерін белгілейді.

2 2. Ұйым уәкілетті органға:

1

1) күн сайын, есепті күннен кейінгі күні Алматы уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей зейнетақы активтерін (зейнетақы активтері инвестициялық басқарудағы әрбір жинақтаушы зейнетақы қорына қарай) және меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есептерді осы Ереженің 1, 2 (1, 2, 3-нысандарды) қосымшаларына сәйкес электронды нысанда;

2 2) есептік айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ай сайын – қағаз және электронды тасымалдағыштардағы есепті мыналарға:

өткен айдың әр жекелеген жұмыс күні үшін Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша (зейнетақы активтері инвестициялық басқарудағы әр жинақтаушы зейнетақы қорының бөлігінде) жасалған мәмілелер және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың меншікті активтері жөнінде есеп беру ережесінің 1, 2 (1, 2, 3-нысандарды), 3, 4-қосымшаларына сәйкес;
есептік айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша осы Ереженің 2-қосымшасына (4, 5, 6, 7-насандарды) сәйкес ұсынады.

2-1 2-1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырмайтын Қор уәкілетті органға:

1 1) күн сайын, есепті күннен кейінгі күні Алматы уақыты бойынша сағат 16.00-ден кешіктірмей меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есептерді осы Ереженің 2-қосымшасына (1, 2, 3-нысандарды) сәйкес электронды нысанда;

2 2) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз және электронды тасымалдағыштардағы есепті мыналарға:

өткен айдың әр жекелеген жұмыс күні үшін меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелері туралы осы Ереженің 2 (1, 2, 3-нысандарды), 3, 4-қосымшаларына сәйкес;
есептік айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша осы Ереженің 2-қосымшасына (4, 5, 6, 7-насандарды) сәйкес ұсынады.

3 3. Қағаз тасымалдағышта жасалған есепке басшы (немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға), бас бухгалтер (немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға) қол қояды, Қордың (Ұйымның) мөрімен куәландырылады және еркін нысанда жасалған ілеспе хатпен жіберіледі.

4 4. Электронды нысанда жасалған есеп ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізу көлік жүйесін пайдалану арқылы уәкілетті орган көрсеткен мекен-жай бойынша жіберіледі.

5 5. Есептің барлық парақтарына нөмір қойылады және олардың жалпы саны оны уәкілетті органға жіберген кезде ілеспе хатта көрсетіледі.

6 6. Ұсынылған есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда Қор (Ұйым) уәкілетті органға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажеттігінің себептерін түсіндіре отырып түзетілген нұсқасын береді.

7 7. Уәкілетті орган есепті қарау кезінде, қажет болған жағдайда, Қордан (Ұйымнан) есепте көрсетілген ақпаратты тексеруге қажетті мәліметтерді және құжаттарды сұрайды.

8 8. Есепті уақтылы ұсынбағаны, ұсынбағаны немесе есепте бұрыс мәліметтер ұсынғаны үшін Қор (Ұйым) және оның лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді.

9 9. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

1 (Қордың қысқартылған атауы ілік септігінде) (Ұйымның қысқартылған атауы ілік септігінде) зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасаған мәмілелері туралы ________________ бастап _______________ аралығындағы кезең ішіндегі ЕСЕБІ

Зейнетақы активтерін
инвестициялау бойынша
жасалған мәмілелер және
жинақтаушы зейнетақы қорлары
мен зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды
жүзеге асырушы ұйымдардың
меншікті активтері жөнінде
есеп беру ережесінің
1-қосымшасы
(Қордың қысқартылған атауы ілік септігінде) (Ұйымның қысқартылған атауы ілік септігінде) зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасаған мәмілелері туралы ________________ бастап _______________ аралығындағы кезең ішіндегі ЕСЕБІ
[жинақтаушы зейнетақы қорының қысқартылған атауы ілік септігінде]
[зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы
ұйымның қысқартылған атауы ілік септігінде] немесе [зейнетақы
активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асырушы
жинақтаушы зейнетақы қорының қысқартылған атауы ілік септігінде]
1-НЫСАН. ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІ ЕСЕБІНЕН САТЫП АЛУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР

Мәмі­ле жсал­ған
күн
Бро­кер­дің/
ди­лер­дің
ата­уы
Қыз­мет ақы­сы
Мәмі­ле тү­рі
Ры­нок
Ба­ға­лы
қа­ға­з­дың
тү­рі және оның эми­тен­ті­нің
ата­уы
Бро­кер-ди­лер­дің
Банк­тің
Бир­жа­ның
А
10
2
3
4
5
6 1
7 2
8 3
кестенің жалғасы
Ұлт­тық бі­ре­гей­лен­ді­ру но­ме­рі
Но­ми­нал­дық құн ва­лю­та­сы
Бір
ба­ға­лы қа­ға­з­дың но­ми­нал­дық құ­ны
Мәмі­ле кө­ле­мі (ба­ға­лы қа­ға­з­дар да­на­сы)
Тө­лем ва­лю­та­сы
Бір ба­ға­лы қа­ғаз үшін са­тып
алу (са­ту) ба­ға­сы
Мәмі­ле­ні жа­са­су кү­нін­де­гі бір ба­ға­лы қа­ғаз үшін ба­рын­ша тө­мен ба­ға
9
10 4
11
12
13 4
145
156
кестенің жалғасы
Мәмі­ле­ні жа­са­су кү­нін­де­гі бір ба­ға­лы қа­ғаз үшін ба­рын­ша жо­ғар­ғы ба­ға
Ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша кі­рі­сті­лік пай­ы­з­бен
Мәмі­ле со­ма­сы
Қар­сы әріп­те­стің ата­уы
Қар­сы әріп­те­стің рей­тин­гі
166
177
188
199
209
2-НЫСАН. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНДЕГІ ЖӘНЕ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДЕГІ САЛЫМДАР

Ақ­ша ауда­ры­ла­тын
күн
Банк­тің
ата­уы
Са­лым бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар
Банк­тік
са­лым шар­ты­ның
жа­сал­ған
кү­ні
және
но­ме­рі
Са­лым мер­зі­мі (күн­мен)
Сый­а­қы
став­ка­сы
(жыл­дық про­цент­пен)
Са­лым
ва­лю­та­сы
Са­лым со­ма­сы
А
1 1
2
3 2
4
5
6
7
8 3
3-НЫСАН. ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІНІҢ ЕСЕБІНЕН САТЫП АЛУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН АФФИНИРЛЕНГЕН ҚҰНДЫ МЕТАЛДАР

Мәмі­ле жа­сал­ған
күн
Қар­сы агент­тің
ата­уы
Қыз­мет ақы­сы
Мәмі­ле тү­рі
Аф­финирлен­ген
құн­ды
ме­талдың
тү­рі
Мәмі­ле
кө­ле­мі
(бірлік)
Тө­лем
ва­люта­сы
Бі­ре­уі­нің
са­тып
алу
ба­ға­сы
Са­лым
со­ма­сы
А
1
2
3
4 1
5 2
6
7 3
8
9 4
Бірінші басшы
(есепке қол қоюға (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты
уәкілетті тұлға) (бар болса)
Бас бухгалтер
(есепке қол қоюға (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты
уәкілетті тұлға) (бар болса)
мөр орны
Орындаушы (қолы, телефон нөмірі) Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есепті толтыруға ескертулер
1-нысан.
0Мәмілелер бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында жасалған жағдайда оны жасасу күні (trade date) көрсетіледі.
16-бағанда мәміленің түрі (сатып алу, сату, өтеу, кері "репо" операциясы, - ашу/жабу және т.б.) көрсетіледі.
27-бағанда сауда жүйесінде мәміле жүзеге асырылған сауда-саттықты ұйымдастырушы немесе мәміленің ұйымдастырылмаған рынокта жасалғандығы көрсетіледі.
38-бағанда эмитенттің атауы және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда алаңдарында сауда-саттыққа жіберілген бағалы қағаздардың түрлері көрсетіледі. Мәміле халықаралық рынокта жасалған жағдайда REUTER жіктеушісі бойынша сауда коды пайдаланылады.
410 және 13 бағандарда валюталар кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктемесіне сәйкес көрсетіледі.
514-бағанда мәміленің жасалғандығын растайтын бастапқы құжаттарда (биржалық куәлік, брокер-дилердің есебі, S.W.I.F.T. жүйесі бойынша алынған растау) көрсетілген баға сатушыға төленген сыйақыны есепке ала отырып үтірден кейінгі төрт таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
6Bloomberg не REUTER ақпараттық-сараптамалық жүйелерінің деректері бойынша мәмілені жасасу күніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгемен 15 және 16 бағаналарда осы қаржы құралы айналымдағы халықаралық (шетелдік) қор биржасында жасалған акцияларды (депозиторлық қолхаттарды) сатып алу/сату мәмілелері бойынша баға көрсетіледі.
717-бағанда бағалы қағаздар бойынша кірістілік (облигациялармен жасалған мәмілелер бойынша - басқа біреуге беруі немесе бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастырушының сауда жүйесінде сатып алу нәтижесінде қалыптасқан кірістілік; кері "репо" операциялары бойынша - мәмілені Автоматты репо секторында жасау нәтижесінде қалыптасқан кірістілік) процентпен көрсетіледі.
818-бағанда сома үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
9Бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында жасасқан мәмілелер бойынша толтырылады.
2-нысан.
1 1-бағанда салым енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі немесе екінші деңгейдегі банктегі банктік шотқа жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шотынан ақша аударылған күн не мерзімінен бұрын қайтарылған күн немесе шарт бұзылған жағдайда - инвестициялық шотқа ақша қайтарылған күн көрсетіледі.
2 3-бағанда салым бойынша жүргізілген операциялар (салымға ақшаның енгізілуі, салым бойынша сыйақы төлеу, салымды мерзімінен бұрын қайтару немесе банктік салым шартының мерзімі аяқталғаннан кейін салымды қайтару) көрсетіледі.
3 8-бағанда сома үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
3-нысан.
1 4-бағанда мәміленің түрі (сатып алу, сату) көрсетіледі.
2 5-бағанда аффинирленген құнды металдар түрлерінің атауы көрсетіледі.
3 7-бағанда валюталар кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктемесіне сәйкес көрсетіледі.
4 9-бағанда сома үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

2 (Қордың қысқартылған атауы ілік септігінде) (Ұйымның қысқартылған атауы ілік септігінде) меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасаған мәмілелері туралы ______________ бастап ________________ аралығындағы кезең ішіндегі ЕСЕБІ

Зейнетақы активтерін
инвестициялау бойынша
жасалған мәмілелер және
жинақтаушы зейнетақы қорлары
мен зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды
жүзеге асырушы ұйымдардың
меншікті активтері жөнінде
есеп беру ережесінің
2-қосымшасы
(Қордың қысқартылған атауы ілік септігінде) (Ұйымның қысқартылған атауы ілік септігінде) меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасаған мәмілелері туралы ______________ бастап ________________ аралығындағы кезең ішіндегі ЕСЕБІ
1-нысан. Меншікті активтер есебінен сатып алынған және бағалы қағаздар

Мәмі­ле
жа­сал­ған
күн
Бро­кер­дің/
ди­лер­дің
ата­уы
Қыз­мет ақы­сы
Мәмі­ле
тү­рі
На­рық
Ба­ға­лы­қа­ға­з­дың
тү­рі және
оның эми­тен­ті­нің
ата­уы
Бро­кер-ди­лер­дің
Банк­тің
Бир­жа­ның
10
2
3
4
5
61
72
83
кестенің жалғасы:
Ұлт­тық­с­әй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Но­ми­нал­дық
құн
ва­лю­та­сы
Бір ба­ға­лы қа­ға­з­дың но­ми­нал­дық құ­ны
Мәмі­ле кө­ле­мі (ба­ға­лы қа­ға­з­дар да­на­сы)
Тө­лем ва­лю­та­сы
Бір­ба­ға­лы қа­ғаз үшін са­тып
алу (са­ту) ба­ға­сы
9
104
11
12
134
145
кестенің жалғасы:
Мәмі­ле жа­сал­ған кү­нін­де­гі бір ба­ға­лы қа­ға­з­дың ең тө­мен­гі ба­ға­сы
Мәмі­ле жа­сал­ған кү­нін­де­гі бір ба­ға­лы қа­ға­з­дың ең жо­ғар­ғы ба­ға­сы
Ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша кі­рі­сті­лік (пай­ы­з­бен)
Мәмі­ле со­ма­сы
Қар­сы әріп­те­стің ата­уы
Қар­сы әріп­те­стің рей­тин­гі
156
166
177
188
199
209
2-нысан. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі және екінші деңгейдегі банктердегі салымдар

Ақ­ша ауда­ры­ла­тын күн
Банк­тің
ата­уы
Са­лым
бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар
Банк­тік са­лым шар­ты­ның жа­сал­ған кү­ні және нө­мі­рі
Са­лым мер­зі­мі
Сый­а­қы став­ка­сы (жыл­дық пай­ы­з­бен)
Са­лым ва­лю­та­сы
Са­лым со­ма­сы
1
2
3
4
5
61
72
83
3-нысан. Меншікті активтер есебінен сатып алынған тазартылған қымбат металдар

Мәмі­ле
жа­сал­ған күн
Қар­сы­а­гент­тің ата­уы
Қыз­ме­та­қы­сы
Мәмі­ле тү­рі
Та­зар­ты­л­ған
қым­бат ме­тал
дың тү­рі
Мәмі­ле кө­ле­мі (бір­лік)
Тө­лем ва­лю­та­сы
Бі­ре­уі­нің са­тып алу ба­ға­сы
Мәмі­ле со­ма­сы
1
2
3
41
52
6
73
8
94
4-нысан. Меншікті активтер есебінен сатып алынған және кепілге берілген не өзгеше ауыртпалық салынған бағалы қағаздар

Мәмі­ле­жа­сал­ған
күн
Бро­кер­дің/
ди­лер­дің
ата­уы
Қыз­мет ақы­сы
Мәмі­ле
тү­рі
На­рық
Ба­ға­лы­қа­ға­з­дың
тү­рі және
оның эми­тен­ті­нің
ата­уы
Ұлт­тық сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Бро­кер-ди­лер­дің
Банк­тің
Бир­жа­ның
1
2
3
4
5
61
72
83
9
кестенің жалғасы:
Но­ми­нал­дық құн ва­лю­та­сы
Бір ба­ға­лы қа­ға­з­дың но­ми­нал­дық құ­ны
Мәмі­ле кө­ле­мі (ба­ға­лы қа­ға­з­дар да­на­сы)
Тө­лем­ва­лю­та­сы
Бір ба­ға­лы қа­ғаз үшін са­тып алу ба­ға­сы
Ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша кі­рі­сті­лік (пай­ы­з­бен)
Мәмі­ле со­ма­сы
Ке­піл ұста­у­шы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Ата­уы
Қыз­ме­ті­нің тү­рі
Ор­на­лас­қан же­рі
104
11
12
134
145
156
167
17
18
19
5-нысан. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі және екінші деңгейдегі банктердегі кепілге берілген не өзгеше ауыртпалық салынған салымдар

Ақ­ша­ны ауда­рым жа­сау кү­ні1
Банк ата­уы
Са­лым бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар2
Банк­тік са­лым шар­тын жа­са­су кү­ні мен шар­ттың нө­мі­рі
Са­лым мер­зі­мі (күн­дер­мен)
Сый­а­қы став­ка­сы (жыл­дық пай­ы­з­бен)
Са­лым ва­лю­та­сы
Са­лым со­ма­сы3
Ке­піл ұста­у­шы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Ата­уы
Қыз­мет тү­рі
Ор­на­лас­қан ор­ны
11
2
32
4
5
6
7
83
9
10
11
6-нысан. Меншікті активтер есебінен сатып алынған және кепілге берілген не өзгеше ауыртпалық салынған тазартылған қымбат металдар

Мәмі­ле жа­сал­ған күн
Қар­сы агент­тің ата­уы
Қыз­мет ақы­сы
Мәмі­ле тү­рі
Та­зар­ты­л­ған қым­бат ме­тал­дың
тү­рі
Мәмі­ле кө­ле­мі (бір­лік)
Тө­лем ва­лю­та­сы
Бі­ре­уі­нің са­тып алу ба­ға­сы
Мәмі­ле со­ма­сы
Ке­піл ұста­у­шы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Ата­уы
Қыз­мет тү­рі
Ор­на­лас­қан ор­ны
1
2
3
41
52
6
73
8
94
10
11
12
7-нысан. Меншікті активтер есебінен сатып алынған және кепілге берілген не өзгеше ауыртпалық салынған өзге мүлік1

Мү­лік­тің тү­рі  мен қы­сқа­ша си­патта­уы
Са­тып алу кү­ні
Мү­лік­тің ор­на­лас­қан ор­ны
Са­тып алу құ­ны
Са­тып алу мақ­са­ты
Соң­ғы  рет жүр­гі­зі­л­ген қай­та ба­ға­лау кү­ні
Жүр­гі­зі­л­ген қай­та ба­ға­ла­у­ға сәй­кес құ­ны
Есеп­тік кү­нін­де­гі ағым­да­ғы (ба­лан­стық) құ­ны
Ке­піл ұста­у­шы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Ес­кер­ту
Ата­уы
Қыз­мет тү­рі
Ор­на­лас­қан ор­ны
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Басшы __________ _____________________________________
(есепке қол қоюға (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
уәкілетті тұлға)
Бас бухгалтер _________ _______________________________________
(есепке қол қоюға (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
уәкілетті тұлға)
мөр орны
Орындаушы __________________ ______________________________________
(қолы, телефон нөмірі) Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есепті толтыруға ескертулер:
1-нысан:
0 Мәмілелер бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында жасалған жағдайда оны жасасу күні (trade date) көрсетіледі.
1 6-бағанада мәміленің түрі (сатып алу, сату, өтеу, кері "репо" операциясы - ашу/жабу) көрсетіледі.
2 7-бағанада сауда жүйесінде мәміле жүзеге асырылған сауда-саттықты ұйымдастырушысы немесе мәміленің ұйымдастырылмаған нарықта жасалғандығы көрсетіледі.
3 8-бағанада эмитенттің атауы және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда алаңдарында сауда-саттыққа жіберілген бағалы қағаздардың түрлері көрсетіледі. Мәміле халықаралық нарықта жасалған жағдайда, REUTER жіктеушісі бойынша сауда коды пайдаланылады.
4 10 және 13 бағаналарда валюталар кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктемесіне сәйкес көрсетіледі.
5 14-бағанада сатушыға төленген сыйақыны ескеріп, мәміле жасалғандығын растайтын бастапқы құжаттарда (биржалық куәлік, брокер-дилердің есебі, S.W.I.F.T. жүйесі бойынша алынған растау) үтірден кейінгі төрт таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген баға беріледі.
6 15 және 16-бағаналарда Bloomberg не REUTER ақпараттық-сараптамалық жүйелерінің деректері бойынша мәмілені жасасу күніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгемен 15 және 16 бағаналарда осы қаржы құралы айналымдағы халықаралық (шетелдік) қор биржасында жасалған акцияларды (депозиторлық қолхаттарды) сатып алу/сату мәмілелері бойынша баға көрсетіледі.
7 17-бағанда бағалы қағаздар бойынша кірістілік (облигациялармен жасалған мәмілелер бойынша – иелігінен шығару немесе бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастырушының сауда жүйесінде сатып алу нәтижесінде қалыптасқан кірістілік; кері "репо" операциялары бойынша - мәмілені Автоматты репо секторында жасау нәтижесінде қалыптасқан кірістілік) пайызбен көрсетіледі.
8 18-бағанада үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен сома көрсетіледі.
9 Бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында жасасқан мәмілелер бойынша толтырылады.
2-нысан:
1 1-бағанада салым енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі немесе екінші деңгейдегі банктегі банктік шотқа жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шотынан ақша аударылған күн не мерзімінен бұрын қайтарылған күн немесе шарт бұзылған жағдайда - инвестициялық шотқа ақша қайтарылған күн көрсетіледі.
2 3-бағанада салым бойынша жүргізілген операциялар (салымға ақшаның енгізілуі, салым бойынша сыйақы төлеу, салымды мерзімінен бұрын қайтару немесе банктік салым шартының мерзімі аяқталғаннан кейін салымды қайтару) көрсетіледі.
3 8-бағанада үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен сома көрсетіледі.
3-нысан:
1 4-бағанда мәміленің түрі (сатып алу, сату) көрсетіледі.
2 5-бағанда тазартылған қымбат металдар түрлерінің атауы көрсетіледі.
3 7-бағанда валюталар кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктемесіне сәйкес көрсетіледі.
4 9-бағанда үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен сома көрсетіледі.
4-нысан:
1 6-бағанада мәміленің түрі (сатып алу, сату, өтеу, кері "репо" операциясы - ашу/жабу) көрсетіледі.
2 7-бағанада сауда жүйесінде мәміле жүзеге асырылған сауда-саттықты ұйымдастырушысы немесе мәміленің ұйымдастырылмаған нарықта жасалғандығы көрсетіледі.
3 8-бағанада эмитенттің атауы және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда алаңдарында сауда-саттыққа жіберілген бағалы қағаздардың түрлері көрсетіледі. Мәміле халықаралық нарықта жасалған жағдайда, REUTER жіктеушісі бойынша сауда коды пайдаланылады.
4 10 және 13-бағаналарда валюталар кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктемесіне сәйкес көрсетіледі.
5 14-бағанада сатушыға төленген сыйақыны ескеріп, мәміле жасалғандығын растайтын бастапқы құжаттарда (биржалық куәлік, брокер-дилердің есебі, S.W.I.F.T. жүйесі бойынша алынған растау) үтірден кейінгі төрт таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген баға беріледі.
6 15-бағанада бағалы қағаздар бойынша кірістілік (облигациялармен жасалған мәмілелер бойынша – иелігінен шығару немесе бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастырушының сауда жүйесінде сатып алу нәтижесінде қалыптасқан кірістілік; кері "репо" операциялары бойынша - мәмілені Автоматты репо секторында жасау нәтижесінде қалыптасқан кірістілік) пайызбен көрсетіледі.
7 16-бағанада үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен сома көрсетіледі.
5-нысан:
1 1-бағанада салым енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі немесе екінші деңгейдегі банктегі банктік шотқа жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шотынан ақша аударылған күн не мерзімінен бұрын қайтарылған күн немесе шарт бұзылған жағдайда - инвестициялық шотқа ақша қайтарылған күн көрсетіледі.
2 3-бағанада салым бойынша жүргізілген операциялар (салымға ақшаның енгізілуі, салым бойынша сыйақы төлеу, салымды мерзімінен бұрын қайтару немесе банктік салым шартының мерзімі аяқталғаннан кейін салымды қайтару) көрсетіледі.
3 8-бағанада үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен сома көрсетіледі.
6-нысан:
1 4-бағанда мәміленің түрі (сатып алу, сату) көрсетіледі.
2 5-бағанда тазартылған қымбат металдар түрлерінің атауы көрсетіледі.
3 7-бағанда валюталар кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктемесіне сәйкес көрсетіледі.
4 9-бағанда үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен сома көрсетіледі.
7-нысан:
1 Меншігіндегі немесе тұрақты жерді пайдалану құқығындағы жер;
меншігіндегі ғимараттар мен құрылыстар;
көлік құралдарын қоспағанда, машиналар мен жабдықтар.
1, 2, 3-насандар есептік кезең (ай) бойынша толтырылады, 4, 5, 6, 7-нысандар қолданыстағы шарттар негізінде есептік айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша толтырылады."

3 (Қордың қысқартылған атауы ілік септігінде) (Ұйымның қысқартылған атауы ілік септігінде) зейнетақы активтерін және меншікті активтерін туынды қаржы құралдарына инвестициялау бойынша жасаған мәмілелері туралы ________________ бастап _________________ аралығындағы кезең ішіндегі ЕСЕБІ

Зейнетақы активтерін
инвестициялау бойынша
жасалған мәмілелер және
жинақтаушы зейнетақы қорлары
мен зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды
жүзеге асырушы ұйымдардың
меншікті активтері жөнінде
есеп беру ережесінің
3-қосымшасы
(Қордың қысқартылған атауы ілік септігінде) (Ұйымның қысқартылған атауы ілік септігінде) зейнетақы активтерін және меншікті активтерін туынды қаржы құралдарына инвестициялау бойынша жасаған мәмілелері туралы ________________ бастап _________________ аралығындағы кезең ішіндегі ЕСЕБІ

Мәмі­ле
жа­сал­ған күн1
Бро­кер­дің/ди­лер­дің ата­уы
Туын­ды қар­жы құ­ра­лы­ның тү­рі2
На­рық3
Ба­за­лық ак­тив және оның рей­тин­гі4
Мәмі­ле та­лап­та­рын  си­паттау
Хи­джер­леу объ­ек­ті5
Ин­ве­сти­ци­я­лық ше­шім­нің нө­мі­рі мен кү­ні6
Ес­кер­ту
Бірінші басшы __________ _____________________________________
(есепке қол қоюға (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
уәкілетті тұлға)
Бас бухгалтер _________ ______________________________________
(есепке қол қоюға (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
уәкілетті тұлға)
мөр орны
Орындаушы __________________ _____________________________________
(қолы, телефон нөмірі) Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Зейнетақы активтерін және меншікті активтерін туынды қаржы құралдарына инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есепті толтыруға ескертулер:
1 "Күні/айы/жылы" форматында мәміле жасалған күні көрсетіледі.
2 Туынды қаржы құралының түрі көрсетіледі (опцион, фьючерс, форвард, своп және басқа туынды қаржы құралдары).
3 Мәміле сауда жүйесінде жасалған қор биржасының атауы және "қор биржасының атауы/елі" форматында оның резиденттік елі не мәміле "ұйымдастырылмаған нарық" форматында қор биржасында жасалмағаны көрсетіледі
4 Туынды қаржы құралының базалық активі (бағалы қағаздың және оның эмитентінің атауы, валютасы, пайыздық ставкасы, тауар және өзге базалық активтер) және "базалық актив/рейтинг (рейтингтік агенттік)" форматында рейтингтік агенттік берген (бар болса) базалық активінің рейтингі көрсетіледі. Егер базалық активте рейтингтер болмаса, онда базалық актив көрсетіледі және "базалық актив/рейтингі жоқ" форматында рейтингтің жоқтығы аталады.
5 Егер мәміле хеджирлеу мақсатында жасалса, "иә/ хеджирлеу объектісінің деректемелері" деген форматта "иә" деген сөз және хеджирлеу объектісінің деректемелері (бағалы қағаздың сәйкестендіру нөмірі, саны, құны, мөлшері, валютасы) көрсетіледі. Егер мәміле хеджирлеу мақсатында жасалмаса "жоқ" деген сөз көрсетіледі.
6 Инвестициялық комитеттің мәміле жасалғаны туралы инвестициялық шешімді қабылдау нөмірі мен күні көрсетіледі.

4 (Қордың қысқартылған атауы ілік септігінде) (Ұйымның қысқартылған атауы ілік септігінде) аффилиирленген тұлғалармен зейнетақы активтері мен меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасаған мәмілелері туралы ________________ бастап _________________ алығындағы кезең ішіндегі ЕСЕБІ

Зейнетақы активтерін
инвестициялау бойынша
жасалған мәмілелер және
жинақтаушы зейнетақы қорлары
мен зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды
жүзеге асырушы ұйымдардың
меншікті активтері жөнінде
есеп беру ережесінің
4-қосымшасы
(Қордың қысқартылған атауы ілік септігінде) (Ұйымның қысқартылған атауы ілік септігінде) аффилиирленген тұлғалармен зейнетақы активтері мен меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасаған мәмілелері туралы ________________ бастап _________________ алығындағы кезең ішіндегі ЕСЕБІ

Ак­тив­тер­дің тү­рі (СА/ПА)1
Мәмі­ле­ні жа­са­су кү­ні2
На­рық3
Мәмі­ле тү­рі4
Мәмі­ле бой­ын­ша қар­сы се­рік­те­стің ата­уы5
Қар­сы әріп­те­стің аф­фи­ли­ир­лен­ген­ді­гі­нің бел­гі­сі6
кестенің жалғасы
Қар­жы құ­ра­лы­ның па­ра­метр­ле­рі
Қар­жы құ­ра­лы­ның тү­рі
Қар­жы құ­ра­лын шы­ғар­ған (ұсын­ған) эми­тент­тің ата­уы
Ұлт­тық сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі7
Бір бір­лі­гі­нің ба­ға­сы7
Мәмі­ле­нің кө­ле­мі7 (да­на)
Мәмі­ле со­ма­сы8(тең­ге)
Банк­тік са­лым шар­ты­ның аяқ­та­лу кү­ні
Ес­кер­ту
Бірінші басшы __________ _______________________________________
(есепке қол қоюға (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
уәкілетті тұлға)
Бас бухгалтер __________ _______________________________________
(есепке қол қоюға (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
уәкілетті тұлға)
Мөр орны
Орындаушы _________ __________________________________________________
(қолы, телефон нөмірі)Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның аффилиирленген тұлғаларымен жасалған мәмілелер туралы есепті толтыру бойынша ескертулер:
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5794 тіркелген) бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесінің 16-тармағында көзделген жағдайларда толтырылады және уәкілетті органға беріледі.
1 Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті немесе зейнетақы активтері көрсетіледі.
2 «Күні/айы/жылы» форматында мәміленің жасалған күні көрсетіледі.
3 Мәміле сауда жүйесінде жасалған қор биржасының атауы және «қор биржасының атауы/елі» форматында оның резиденттік елі не мәміле «ұйымдастырылмаған нарық» форматында қор биржасында жасалмағаны не «халықаралық нарықта» жасалғаны көрсетіледі.
4 Мәміленің түрі көрсетіледі (сатып алу, сату, «репо» ашылу және жабылу операциясы, банктік салым шартын жасасу және өзге мәмілелер). «Репо» операциялары бойынша сонымен қатар «репо» операцияларының түрі көрсетіледі: тікелей немесе кері «репо». Қор биржасының сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер бойынша «Ескерту» деген бағанада мәмілені жасау әдісі көрсетіледі.
5 Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым брокер ретінде болған (брокер мүддесінде әрекет еткен тұлғаны көрсетіп) жағдайда, «В» символы қолданылады және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым дилер ретінде болған жағдайда «D» символы қолданылады. Банктік салым ашылған жағдайда, банктің атауы көрсетіледі.
6 «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 64-бабына сәйкес қарсы серіктес зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға қатысты аффилиирленген тұлға болып танылатын сәйкес белгі көрсетіледі.
7 8, 9 және 10-бағаналар сатып алу, сату, өтеу, кері «репо» операциясы - ашылуы/жабылуы бойынша мәмілелер үшін толтырылады.
8 Мәмілелер жасауға байланысты шығыстарды ескермей (сатып алу, сату, өтеу, кері «репо» операциясы - ашылуы/жабылуы және өзге), жиналған сыйақыны ескеріп (банктік салымды ашу), үтірден кейін екі белгіге дейін нақты беріп, сома көрсетіледі.
9 «Күні/айы/жылы» форматында банктік салым шартының аяқталу күні көрсетіледі.

Қолданыстағы