«Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба»
- Атауы (қаз.)
- «Объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы»
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 07-08
- Қабылданған күні
- 14.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 22.07.2026
- Көрсетілген редакция
- 11.08.2026 227970_841093.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26BT00708B
- ЭКБ идентификаторы
- 227970
- Редакция идентификаторы
- 227970_841093
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 18.09.2026 03:40
0 «Объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы»
📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Қосшы
қаласы әкімінің 11.08.2026 № 08-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап
қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48 және 50-баптарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 бұйрығымен бекітілген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды сыныптау қағидаларына, сондай-ақ Қосшы қаласы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының 2026 жылғы 12 мамырдағы кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес, қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосшы қаласының тұрғындарының тыныс-тіршілігінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін су тарту станциясы мен сумен жабдықтау желілерінің тіршілікті қамтамасыз ету коммуникациялық жүйелерінде авариялық жағдай туындау қаупіне байланысты Қосшы қаласының су тарту станциясы және сумен жабдықтау желілері объектісінде (Ақмола облысы Қосшы қаласының 016 есептік орамы, 5735 учаскесі мекенжайы бойынша) орналасқан нысанда ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын.