Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Управление государственного архитектурно-строительного контроля и лицензирования акимата Северо-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 23 қарашадағы № 265 қаулысы;
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № 265 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 104.
Тармақ 3
3. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде енгізілген өзгеріс туралы тіркеуші органды хабардар етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшiн жолдауды;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк
сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы»
коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы
ЕРЕЖЕ
Солтүстiк Қазақстан облысы
әкiмдiгiнiң 2026 жылғы «21» шілдедегі
№ 194 қаулысына қосымша
«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк
сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы»
коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы
ЕРЕЖЕ
Петропавл қаласы, 2026 жыл
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі - Басқарма) Солтүстiк Қазақстан облысы аумағындағы объектiлер құрылысының сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан шығады.
Тармақ 6
6. Басқарма «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Басқарма орналасқан жерi: 150000, Қазақстан Республикасы Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы Парковая көшесi, 57 «В».
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық (жергілікті) бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлермен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қарым қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттiк бюджетке жiберiледi.
Тарау 2. 2-тарау. Басқарманың міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Басқарманың міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Солтүстік Қазақстан облысы аумағында объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыру;
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында лицензиялауды, аттестаттауды және аккредиттеуді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен Қазақстан Республикасының аумағында салынуы белгіленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендер туралы сұрау және ақпарат алу;
техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдардан және олардан құрылыс объектісі бойынша қажетті жобалау және атқарушылық техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын танысу үшін сұрату және алу;
салынып жатқан объектілер конструкцияларының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларын жобаның талаптарына және мемлекеттік (мелекетаралық) нормативтерге сәйкестігіне зертханалық сынақ жүргізу үшін тәуелсіз зертханалады тарту;
техникалық қадағалауды және авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын адамдардың немесе жобаны басқару бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген қызметін бақылау жүргізу мақсатында құрылыс нысанына бару;
мердігерден (бас мердігерден) орындалып жатқан (орындалған) мердігерлік жұмыстардың және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының сапасына зертханалық бақылау жүргізуді сұрату;
орталық мемлекеттік органдардан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінен мемлекеттік қызметтер көрсетуге қажетті ақпаратты алу;
мемлекеттік органдарға лизензиялауды немесе рұқсат беру рәсімін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратумен, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы сұратумен жүгіну;
әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік істің нақты мән-жайларын белгілеу мақсатында өз бастамасы бойынша дәлелдемелерді жинауға құқылы;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырудан бас тарту;
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 104-бабының 3-тармағын іске
асыру үшін құрылыс объектілерін толықсыру жөніндегі кешенді жұмыстар жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде бақылау мен қадағалау объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіру;
бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіге немесе бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қосу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін алуға, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру мәніне сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізу;
аудио-, фото-, және бейнетүсіруді жүзеге асыру;
бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру мәніне жататын техникалық бақылау құралдарының, бақылау және тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото- және бейнеаппаратураның жазбаларын пайдалану;
мемлекеттік органдар мен ведомствовалық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тарту;
тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу объектілерінің құрылысы барысына мониторингті жүзеге асыру үшін құрылыс салушылардан, уәкілетті компаниялардан, инжирингтік компаниялардан және Бірыңғай оператордан қажетті материалдар мен құжаттарды сұрату.
Тармақша 2
2) міндеттері:
бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметін бақылау мен қадағалауды жұзеге асыру;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындыларды келісуді жүзеге асыру;
қызметтің ашықтығы, оның ішінде «Ашық деректер», «Ашық бюджет», «Ашық нормативтік-құқықтық актілер», «Ашық диалог» порталдарын толықтыру және сүйемелдеу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
өз құзыретті шегінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасының, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының бұзылғаны анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау және қарау;
Тармақ 15
15. Функциялары:
салынып жатқан (реконструкцияланатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін) және пайдалануға берілген құрылыс объектілеріне мониторинг жүргізу;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес құрылыс кезеңіне арналған құрылыс объектісіне бару жоспар-кестесін келісу;
келісілген жоспар-кестеге сәйкес құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барып тексеру жүргізу;
Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын бұзуға жол берген не мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоймаған бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шараларды қабылдау;
бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
рұқсатсыз немесе заңсыз салынып жатқан (салынған) құрылыс объектілері анықталған жағдайда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарды, мемлекеттік сараптама ұйымдары және (немесе) сараптама ұйымдары үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар ету;
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарға ауыртпалық салу қажеттілігі туралы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар ету;
Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері жол берген мемлекеттік нормативтік құжаттар мен талаптарды (шарттарды, шектеулерді) бұзу себептерін анықтау және талдау;
сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалауын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау кезеңіне қатысу;
бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісі) ұсынған есептілікті зерделеу және талдау, салынып жатқан (салынуы белгіленген) құрылыс объектілеріне жүргізілетін мониторинг, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері, сондай-ақ мемлекеттік цифрлық жүйелер мен цифрлық ресурстардан алынған бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы мәліметтер негізінде бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асыру;
бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі, жұмысы, көрсететін қызметтері жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін жағдайлар анықталған кезде жедел ден қою шараларын қолдану;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;
сарапшыларды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына аттестаттау;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;
жобалау құжаттамасының сапасын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптардың тапсырыс беруші тарапынан сақталуын тексеру мақсатында бекітілген құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау актісін оған қоса берілген құрылыс объектісінің техникалық сипаттамаларымен, сәйкестік туралы декларациямен, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындылармен, орындалған жұмыстардың бекітілген құрылыс жобасына сәйкестігі және объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылармен салыстыруды жүргізу, оның ішінде:
Тармақша 1
1) келісулердің болуы және алынған құжаттардың құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының бекітілген нысандары мен белгіленген талаптарына сәйкестігі;
Тармақша 2
2) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің қамтамасыз етілгенін растауының болуы;
Тармақша 3
3) құрылыс объектісінің қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз ететін және пайдалану ұйымдары қабылдаған сыртқы инженерлік коммуникацияларға қосылуы;
Тармақша 4
4) көппәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың шудан оқшаулау жөніндегі талаптарға сәйкестігі;
Тармақша 5
5) жерасты инженерлік желілерінің және (немесе) ғимараттардың (үймереттердің) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімінің болуы;
Тармақша 6
6) қабат бойынша жоспардың және (немесе) экспликациясы бар құрылыс объектісі жоспарының болуы;
Тармақша 7
7) құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның, оның ішінде құрылыс кезеңіндегі барлық өзгерістер туралы жаңартылған деректердің болуы;
Тармақша 8
8) техникалық қадағалау белгілеген міндеттерді сақтауы;
Тармақша 9
9) техникалық-экономикалық көрсеткіштердің құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасынан өткен бекітілген құрылыс жобасына сәйкестігі;
Тармақша 10
10) атқарушылық геодезиялық түсірілімі тіркелуінің және оның мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесіне енгізілуінің болуы.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын анықталған бұзушылықтарды толық сипаттай отырып, анықталған бұзушылықтар туралы жазбаша хабардар ету;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын анықталған бұзушылықтардың жоқ екендігі туралы жазбаша түрде хабардар ету;
рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
рұқсаттар және хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде рұқсат беру рәсімдерін және лицензиялауды жүзеге асыру;
рұқсат ету рәсімдері мен лицензиялауды рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде жүзеге асыру;
әкімшілік рәсімдерді өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асыру;
тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында мелекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Басқарма, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Басқарма, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Басқарманың бірінші басшысы қолданыстағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысы орынбасарлары жоқ.
Тармақ 19
19. Басқарманың бірінші басшысы өкілеттігі:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені және қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді және барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда оның мүдделерін білдіреді;
бірінші қол қою құқығына ие;
міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Басқарма қызметкерлеріне сенімхаттар береді;
өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Басқарманың қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бекітілген қаржыландыру жоспарларына сәйкес олардың нысаналы мақсаттары бойынша ашық лимиттерге сәйкес бюджет қаражатының дұрыс және тиімді жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;
заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалы ұсынылуын бақылауды жүзеге асырады;
Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауап береді;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жаза қолданады;
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Басқарманың мүлкі
4-тарау. Басқарманың мүлкі
Тармақ 20
20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер Қазақстан Республикасының бюджет Заңнамасында және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.