Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Каркара Ресорсес»

Қаулы · № 232 · қабылданған 22.07.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228082/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Каркара Ресорсес» Қолданыста 22.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Каркара Ресорсес»

Қолданыста Қаулы № 232 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Каркара Ресорсес»
Атауы (қаз.)
«Каркара Ресорсес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
232
Қабылданған күні
22.07.2026
Көрсетілген редакция
22.07.2026 I228082_0.kaz
Соңғы өзгеріс
22.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26KM00232A
ЭКБ идентификаторы
228082
Редакция идентификаторы
I228082_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:22
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Каркара Ресорсес»

жауапкершілігі шектеулі
серіктестігіне қауымдық сервитут
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Каркара Ресорсес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2031 жылғы 12 тамызға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының жерлерінде орналасқан жалпы ауданы – 66,1782 гектар жер учаскелеріне қаумдық сервитут белгіленсін.

2. «Каркара Ресорсес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.

4. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

0 «Каркара Ресорсес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2026 жылғы «___»_____ ________
№ _____ қаулысына
қосымша
«Каркара Ресорсес»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Орналасқан жері
Кадастырлық номері
Жалпы көлемі, га
қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;
1
Босалқы жер
09:133:070:
66,1782
Барлығы
66,1782