Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 76/05 · қабылданған 23.07.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228084/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Күшіне енбеген 23.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении публичного сервитута

Күшіне енбеген Қаулы № 76/05 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Жария сервитутты белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
76/05
Қабылданған күні
23.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
04.08.2026
Көрсетілген редакция
23.07.2026 I228084_0.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26KJ07605A
ЭКБ идентификаторы
228084
Редакция идентификаторы
I228084_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:20
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 04.08.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Жария сервитутты белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Bharal Resources» (Бхарал Ресорсез) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 3218,2695 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2032 жылдың 14 қаңтарына дейін жария сервитут белгіленсін.

2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Bharal Resources» (Бхарал Ресорсез) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 6768,8694 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2032 жылдың 9 ақпанға дейін жария сервитут белгіленсін.

3. «Bharal Resources» (Бхарал Ресорсез) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

4. «Bharal Resources» (Бхарал Ресорсез) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барлау жұмыстарын жүргізу мерзімдері мен орнын, жерді қалпына келтіру бойынша міндеттемелерді және өзге де шарттарды айқындау үшін «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісім шарт жасасу қажеттілігі туралы ескертілсін.

5. «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 «Bharal Resources» (Бхарал Ресорсез) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 23 шілдедегі
№ 76/05 қаулысына 1-қосымша
«Bharal Resources» (Бхарал Ресорсез) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
р/с

Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы
Кадастрлық нөмірі
Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар
1
Ақтоғай ауданының жер қоры
3218,2695

2 «Bharal Resources» (Бхарал Ресорсез) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 23 шілдедегі
№ 76/05 қаулысына 2-қосымша
«Bharal Resources» (Бхарал Ресорсез) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
р/с

Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы
Кадастрлық нөмірі
Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар
1
Ақтоғай ауданының жер қоры
6768,8694